Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия

Вирустардың жасушаларға цитопатогеңцік немесе онкогендік әсері бар. Вирустар эндопаразит есебіңце өзінің регошкациясы үшін жасушаның АҮФ-ның, рибосомалық ферментерін пайдаланып ішкі метаболизм үрдісін бүзады, яғни жасуша өлімінің тікелей себебі бола алады. Жасушалар зақымдануы негізінде иммундық механиз-мдер де жатуы мүмкін. Организмде вирусқа қарсы бағытталған антиденелер немесе Т-киллерлер зақымданған жасушаны да бүтіндей жойып жібере алады (иммундық цитолиз).

Гендік өзгерістер нәтижесінде дамитын жасуша патологиясы-ның мысалы ретінде лизосомалық ферменттер жетіспеушілігіне байланысты дамитын ауруларды келтіруге болады. Мысалы, Гоше ауруывда lq21 позициядағы глюкоцереброзидтер локусында мута­ция байқалады.

Жасушаларда көрініс беретін басқа да өзгерістерді (дистро­фия, некроз, адаптация, компенсация) тіндер мен ағзалар деңгейінде өтетін, аталған жалпыпатологиялық үрдістермен сабақтастыра оты-рып, талдауды жөн көрдік. Жалпыпатологиялық үрдістер қатары-на альтерация (зақымдану), дистрофия, қан және лимфа айна-лымдарының бүзылуы, адаптация үрдістері, компенсация, скле­роз жатады.

Жалпыпатологиялық үрдістер эволюция барысында дамып, жасушаны, ағзаны, организмді белгілі бір қауіп-қатер факторла-рынан қорғауға, организм тіршілігін сақтап қалуға бағытталған.

Бүл үрдастер осындай, қорғаныс қызметін атқаруымен бір қатар-да, кейбір жағдайларда организмге кері эсер еііп, оньщ қызмеіінің бүзылуы немесе өліміне себеп болуы мүмкін. Мысалы, тромбоз қан тамырларынан қанның кетуін тоқтатып, адамның қансырап өлуінің алдын алады, сонымен қатар тромбоз қан тамырларын бекітіп тас-тап, жасушалар некрозына, кейбір ағзалардьщ инфарктьша соқты-рады, көп жағдайда олім себебі бола алады.

Компенсация үрдісі декомпенсациямен аяқталады. Қабыну нәтижесінде инфекция шекараланып қана қалмастан, бүкіл орга­низмге жайылып кетуі мүмкін және т.с.с. Осылайша жалпыпатоло-гиялық үрдістердің "пайдалы" да, "зиянды" жақтары бар. Міне, осы түрғыдан қарағанда ісіктерді жалпы патологиялық үрдістерге жатқызу дүрыс емес, себебі ісіктер организмге ешқашан "пайда" алып келмейді. Сондықтан, Д.В.Саркисов айтқандай, ісіктерді жал­пы патологиялық үрдістерге емес нозологиялар қатарына жатқызу керек, шыньщда да ісік өзінің этиологиясы, патогенезі, морфогенезі және де клиникалық белгілері бар жеке нозологиялық түр.


2 белім. Жасушалар мен тіндердің зақымдануы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: