- мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану
- валютаның құнсыздануы
|
|
|
3-тапсырма. Сұрақтармен жауаптарды сәйкестендіріңіз
1. Неге экономикада инфляция пайда болған кезде қиындықтар туындады?
2. Инфляция салдарынан неге нақты табыс азаяды?
3. Неге инфляциялық салық бәріне салынады?
4. Неге антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді?
А. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі, сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді.
Ә. Ақшаның артық басылуы бағаның өсуіне ықпал етеді, бұл ақша құнын жоғалтуға әкеледі, сондықтан инфляциялық салық ақшасы бардың бәріне салынады.
Б. Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты табыс азаяды.
В. Экономикада инфляция пайда болған кезде осы проблема одан сайын қиындай түсті, өйткені капиталдың өсімі нақты табыстарға қарағанда инфляцияға аса жедел әсер етеді.
4-тапсырма. Мәтінді микротақырыптарға бөліңіз.
5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Финансовый учет имеет своей целью составление финансовых документов и ориентирован в первую очередь на внешних пользователей. Когда финансовые отчеты составлены, цель считается достгнутой. Финансовый учет осуществляется в соответствии с законодательством, стандартами бухгалтерского учета и нормативными документами.
6-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құрыңыздар.
Сұраныс, ұсыныс, өндіруші, айырбас, сатушы, сатып алушы, тұтынушы
7-тапсырма. ОБӨЖ-ге арналған тапсырма: «Инфляцияның болу салдары» тақырыбында мәлімет жинақтаңыз.
№14. Кәсіби қазақ тілі және стиль нормалары
Стиль нормалары туралы түсінік
Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль және ауызекі сөйлеу стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.
Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.
Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.
|