ISBN 978-601-241-059-4 1 страница

Г.Ы. БЕКЕНОВА

АЙМАҚТАР ЭКОНОМИКАСЫ

Оқу құралы

АЛМАТЫ

УДК 631.1(075.8) ББК 65.32я73 Б 39

СЫН-ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

Р.У. Рахметова – э.ғ.д., Т.Рысқұлов атындағы Казақ экономикалық университетінің профессоры

Н.А. Маханбетов – э.ғ.д., Қазақ ұлттық аграрлық

университетінің профессоры

Г.Ы. Бекенова

Б 39 Аймақтар экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2010.- 128 б.

ISBN 978-601-241-059-4

Оқу құралында аймақтар экономикасының дамуын экономикалық зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері, тәжірибедегі аймақ экономикасының тиімділігін жоғарлату жолдары, Қазақстан аймақтарының қалыптасқан мамандырылу бағыттары және олардың қазіргі экономикалық жағдайы, аймақтар экономикасының тиімділігін жоғарлату проблемалары қарастырылады.

Бұл еңбекті жоғарғы оқу орнындарының экономикалық мамандықтары магистранттарына, студенттеріне, аймақтардағы барлық деңгейіндегі мамандарға, экономика мен ғылым саласындағы басқа да қызметкерлерге оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

УДК 631.1(075.8)

ББК 65.32я73

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған (№1 хаттама 27 тамыз 2009 жыл)

ISBN 978-601-241-059-4

© Бекенoва Г.Ы., 2010

Алғы сөз

«Аймақтар экономикасы» оқу құралы экономист – басқарушы кадрлардың республиканың заңдарын, жағдайын, мүмкіндігін, әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық әлеуетін жақсы білуіне, облыстардың, қалалардың, аудандардың болашақта дамуына болжам жасауды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Оқу құралында экономикалық аймақ шекараларын оңтайлы белгілеу, аймақтарды құру ұстанымдары, аймақаралық, аймақ ішіндегі және мемлекет аралық экономикалық байланыстар, ҚР өндіргіш күштерінің әлеуметтік экономикалық байланыстары, экономика салаларының даму заңдылықтарын зерделеу, аймақтағы өндіріс салаларының дамуын жоспарлау, болжау әдістері, аймақтар дамуын басқару әдістері қарастырылады.

Сонымен қатар, әр аймақтың табиғи – климаттық жағдайына, ресурстық әлеуетіне сипаттама беріліп, оның экономикасының құрылымына, қазіргі ахуалына ерекше назар аударылады.

Оқу құралы оқытушы мен білімгерлердің сабақ уақытын тиімді пайдалануға, тақырыптың игерілуін білімгердің өз бетімен тексеруіне мүмкіндік береді.

Мұнда пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес барлық тақырыптардың мазмұны қарастырылып, курстың игерілуін бақылау мақсатында тест сұрақтары мен білімгерлердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажет өзіндік жұмыстары тақырыптары берілген.

Бұл жұмыс бойынша сырттай оқу бөлімінің студенттері бақылау жұмысының тапсырмаларын алады, ал күндізгі бөлім студенттері өзіндік жұмысы тақырыптарын таңдап, аралық бақылауға дайындала алады.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» мамандығы магистранттары, студенттері мен қатар, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандарына да қолдануға жарамды.

1 тарау. «Аймақтар экономикасы» пәні, зерттеу нысандары мен әдістері

1.1 «Аймақ» және «аймақтық экономика» ұғымдары және ғылымның

зерттеу пәні

Әрбір қоғамның дамуы белгілі бір аумақпен байланысты болады. Қоғамның дамуының кеңістіктік аспектілері көптеген ғылымдармен зерттеледі. Олардың қатарына география, демография, әлеуметтану, аймақтану т.б. жатады. Аймақты дамытудың ең маңызды өзекті мәселелеріне экономикалық мәселелер жатады.

Аймақтар экономикасы - бұл өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын ел аумағындағы әлеуметтік экономикалық үрдістерді және оның аймақтарын табиғи экономикалық жағдайлармен тығыз байланыстыра зерттейтін ғылым.

Аймақтар экономикасының зерттеу пәні дегеніміз – еліміздің өндіргіш күштерінің әлеуметтік - экономикалық аймақтардың орналасуын зерттеу, елдегі табиғи экономикалық, демографиялық, экологиялық даму ерекшеліктерін айқындап ішкі экономикалық байланысты зерттеу.

Аймақтар экономикасы ғылымы 20- ғасырдың 50-ші жылдары батыста қалыптасты. Бұл ғылымды ұйымдастырушы белгілі ғалым У. Айзарт, ал аймақтық экономика ғылым ретінде дамуына үлес қосқандар: Гранберг, Некрасов, Добрынин, Алаев, Маршлов, Новоселов.

Аймақтар экономикасының зерттеу нысанына елдің әлеуметтік экономикалық жүйесінің аумақтық аспектілері ұлттық экономиканың аумақтарының қызметі олардың өзара байланысы және аймақтарды дамы Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады.

Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.

Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.

Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.

Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз - біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.

Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады.

Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады.

Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:

- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде нарықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;

- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық ара қатынасы;

- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтандырылмаған басқару шешімдерінің ара қатынасы.

Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:

- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;

- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;

- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;

- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;

- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.

Аймақтық басқарудың әдістері аймақтың өндірістік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс.

Соның ішінде:

- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;

- әлеуметтік – экономикалық, құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын

қадағалау;

- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.

Аймақтық басқару органдарының экономикалық құзіретін кеңейту мақсатында барлық сұрақ территорияның әлеуметтік – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын ұжымымен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені, жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.

1.2 «Аймақтық экономиканы» зерттеу әдістері

Аймақтар экономикасын зерттеу әдістеріне келесілер кіреді:

баланстық зерттеу әдісі – аймақтың мамандандырылуына, жетекші салаларының қажетті ресурстарымен толық қамтамасыз етілуіне негізделеді. Халықты толық қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Картографиялық әдіс - аймақтардың географиялық орналасуын, ауқымын картадан зерттеу арқылы іске асырылады.

Жүйелік талдау әдісі – шаруашылық құрылымын, мәселелерін кешенді зерттеу әдістері қатарына жатады.

Экономикалық математикалық әдістер – оның маңыздысы - модельдеу. Модельдеудің аймақтарда келесі түрлерін қолдануға болады:

1. Ел экономикасының аумақтық даму сәйкестіктерін модельдеу.

2. Шаруашылық салаларының орналасуын модельдеу.

3. Аймақтардың шаруашылық кешендерінің қалыптасуын модельдеу. Статистикалық талдау әдісі- индекс, корреляциялық әдістер.

Аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу. Аймақтар экономикасының зерттеу бағыттарының келесілерін ажыратады.

1. Аймақтар экономикасына әсерлі үрдістерді зерттеу –аймақтардағы еңбек бөлінісін, аймақтағы шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың құрылымдық өзгертілуі, халықаралық байланыс және өндіргіш күштердің жеке аймақтардағы жағдайы.

2. Нарықтық мамандандырылудың аймақтық ресурстарды ұтымды пайдалануына әсер етуі және аймақтық шаруашылық кешендердің қалыптасуы.

3. Басты дамытуға қажетті аймақтарды айқындау.

4. Депрессиялы аймақтарды анықтау және оларды дамыту бағдарламаларын даярлау.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. «Аймақ» ұғымы және мазмұны.

2. «Аймақтық экономика» және «экономикалық аудан» ұғымдары, ұқсастығымен айырмашылықтары.

3. «Аймақтар экономикасы» пәнінің оқыту объектісі.

4. Әкімшілік территориялық таксондар және аймақтық территориялық жүйе.

5. Еңбектің аумақтық бөлінуі теориялары.

6. Экономикалық аймақтарды құру негіздері және ұстанымдары.

7. Аймақтық саясат пен аймақтық экономика.

2 тарау. Аймақтардың экономикалық дамуы бойынша жіктелуі

2.1 Экономикалық дамуы бойынша аймақтарды бөлу ұстанымдары

Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады.

Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.

Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар.

Проблемалық аймақтар саны тым жоғары болмауы тиіс. Өйткені мемлекеттің олардың барлығын қолдауы тым тиімділігі төмен болады. Проблемалық аймақтың негізгі сапалық белгілері:

1. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, саяси тұрақтылыққа, экологиялық тепе-теңдікке қатерлі қауіп төндіретін ірі проблеманың болуы.

2. Ұлттық экономикаға қажетті ресурстық әлеуеттің болуы (өндірістің, ғылымитехниканың, еңбек және табиғи ресурстар).

3. Елдің стратегиялық қызығушылығында аймақтың геосаяси және геоэкологиялық орынының ерекше маңыздылығы.

4. Жалпы ұлттық және әлемдік маңызды проблемаларды аймақтың өзі шешуге өзіндік қаржылық ресурстарының жетіспеушілігі.

Әр түрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған әдістері.

Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:

1. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

2. Даму динамикасы

3. Табиғи географиялық жағдайлары.

Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі

3 типтік проблемалық аймақ ажыратылады;

1. Артта қалған аймақтар

2. Депрессивтік аймақтар

3. Күйзелістік аймақтар.

Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән белгілері бар:

1. Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.

2. Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.

3. Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.

4. Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.

Бұл топқа жататын бірқатар аймақтарда олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы саяси - этникалық, криминалдық, экологиялық проблемалармен күрделенеді. Артта қалған аймақтарды дамыту үшін күрделі инвестициялауды қажет етеді.

Бұл жағдайда мемлекет экономикалық дамуы төмен аймақтарға келесідей көмектер көрсетеді:

1. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту.

2. Жеке инвестициялар ағымын үстемелеу.

3. Салықтық жеңілдіктер беру.

4. Жұмыспен қамту шараларын іске асыру.

Бұл аймақтарды дамытудың негізгі жолы - аймақтың өзінің әлеуеті мен бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы өзін-өзі дамытуы.

Депрессивтік аймақ бұл – экономикалық-саяси, әлеуметтік-экологиялық және басқада негіздері бойынша даму жағдайлары немесе факторлары жұмыстарын тоқтатқан аумақтар. Бұлар депрессиялық жағдайдан өз бетінше шыға алмайды. Сондықтан келешекте мемлекет аумағында саяси әлеуметтік экологиялық қатерлер аумағына айналмауы үшін мемлекет көмек береді.

Кризистік күйзелістік аймақтар – бұл өндіріс көлемі өте төмен, экологиялық жағынан апатты, ал әлеуметтік жағынан өте төмен аймақтар болып табылады.

2.2 ҚР аймақтарының экономикалық дамуы бойынша жіктелуі

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды.

Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

Ø шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

Ø индустриялық дамыған; Ø агроөнеркәсіптік; Ø дағдарыстық.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

Ø минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;

Ø отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;

Ø ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

Ø шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті

қалыптастыру;

Ø жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту; Ø нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

Ø ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды

жүзеге асыру;

Ø ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану,

Ø тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдықтехникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

Ø экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;

Ø осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

Ø қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

Ø шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:

§ өндіріс қарқынының төмендеуі;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: