Элей мектебі. Парменид пен Зенон 28 страница

Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары түруына негізделген. Бұл принципті өзінің логикалық аяғына шейін жеткізіп,
бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды.

Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постин-дустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан - жаңа ғана алғынан түрьш, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады.

Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан кейін көп ұзамай, либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыкқа ие болды. Алайда біздің пәніміз саясаттану емес, философия болғандықтан, Бұл салада қандай ойлар пайда болды деген сұраққа жауап берейік.

«Шындық Батыста. Бүгінгі таңдағы артта қалған елдер ертелі-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсіп, дамиды. Олардың ұлттық мәдениеті, ділі ертең-ақ қоғамдық сананьщ шетшде қалып, «универсалдық Батыс «тазз тесііа» толығынан өз басымдығына жетеді. Бұл бүкіладамзат дамуының негізгі жолы» деген пікірді біз Н.Әміруқұлов пен Н.Масановтың 90-щы жылдардың орта кезінде шыққан еңбектерінен оқимыз. Бұлар ашық батысшылдар. Қазіргі қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз.

Екінші көлемді топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады билік басындағы біршама қызметкерлер әсіресе батыс елдерінен соңғы жылдары білім алған, өз елінде уақытында ұлттық мәдениеттен терең нәр алмаган жастар тобы). Олардың ойынша, Батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық іс-әрекетіне негізделген озық технологиялар, құдтық мемлекет үлгілерін т.с.с. жетістіктерін алып, өмірге дереу енгізу керек, сонымен қатар жеке адамдардың құқтарын сақтау негізінде олардың жасампаздық күшқуатын арттыру қажет; ұлттық руханияттың дамуын сол жолға бағындыру - заңды нәрсе.

Кейбір зиялылар қоғамды апаттан құтқарудың негізгі жолы исламдық бағытпен дамуда деген пікір айтады. Сонда ғана біз өз болмысымызды сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Алайда Бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бір жағынан, кеңес заманынан бері келе жатқан ағарған саясатқа, екінші жағынан, қазақ халқының ислам дінінде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек.

Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (А.Қасымжанов, Т.Сәрсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.) ұстайды. Олардың ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырып, озған елдердің жетіс-тіктерін соларға бейімдей қабылдап, өзгеруіміз керек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудыр-ған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасьшда ең көп болғанымен, қазіргі саясатта олардың үндері әлсіз естіледі.

Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды таңдауға мүмкіндік бермеді. Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жіктеніп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен оақытты болу жақсы» деген идеологияның негізінде руханияттың жүдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыз-дық пиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі, жекешендірілу жолында жасалған келең-сіз жайтгар т.с.с. әлеуметтік наразылықты күшейтіп, билік басында-іылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.

Дәріс №11

XX ғасыр мәдениеті аясындағы философия

Дәрістің мақсаты: ХХ ғасыр философиясы жаңа философиялық мектептер мен ағымдардың ашылған кезеңі, сол мектептердің ілімдеріне талдау жасау, философиялық әдістерімен танысу, оларға салыстырмалы талдау жасау.

1. ХХ ғасыр философиясының ерекшеліктері

2. Позитивизм және оның түрлері

3. Психоанализ және неофрейдизм

4. Экзистенциализм

5. Герменевтика

6. Феноменология

7. Модернизм және постмодернизм

8. Структурализм

9. Неокантшылдық және неогегельшілдік

XX ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкіншілігі мен соның иегізінде оны қайта өзгертудің тамаша жетістіктерін көрсете білді. Изиданың жапқышының үстіндегі «Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелі пенде менің жапқышымның етегін ешқашанда көтере алмайды», - деп жазған сөздерді адамзат XX ғасырда теріске шығарған саяқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игілігіне жұмсала бастады. Мысалы, бүгінгі Францияда қоғамға қажет әлектр қуатының 68 пайызын атомдық әлектростанциялар береді! Бүгінгі адам ми далада жүріп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмір сүріп жатқан жолдасымен, я болмаса әріптесімен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше түрлі ақпаратты қабылдап, өзінің білімін өсіріп, өмірде пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аәролортынан «Конкорд» деген дыбыстан да жүйрік ұшаққа мініп, бірнеше сағаттан кейін жердің ана жақ бетіндегі «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады! Бүгінгі таңда ғарыштағы жасанды серіктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерін анықтап, сол жерге кемелерді жібереді, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа райы жөнінде мәлімет беріп, т.с.с. ақпараттар жеткізеді. XX ғасырда жасалып, бүгінгі миллиардтаған адамдардың өміріне кеңінен кірген заттардың ішінен машиналар мен ұшақ-тарды, неше түрлі байланыс жүйелерін, радио мен телевидениені, компьютерлерді, жасанды материалдарды т.с.с. атап өтуге болар еді. Бұлардың бәрі де тек XX ғасырда пайда болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген сциентистік көзқарастарды тудырды.

Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құндырауды терең-дете түседі» деген нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық әлектр станцияларымен бірге өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей полигоны саяқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп жатқан адамдардың геноцидке үхпырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: «Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген саяқты болды.

XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «пос-тиндустриалдық цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің ха-лықтарына жеңіл де бай өмір салтын ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам қ^қтарының» сақталуына көп көңіл бөліне бастады.

Бірақ жоғарыда көрсетілген сиппатамалар XX ғ. пайда болған философияның ағымдарын жете түсінуге мүмкіншілік береді деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп филосо-фиялық ағымдардың негізгілерін талдауға көшейік.

Неопозитивизм (пео - жаңа, розіііуш - латын сөзі, оң, дұрыс деген мағына береді) - Батыс философиясының шеңберінде қазіргі ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондық-тан, ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына тоқталу қажет.

Егер неміс классикалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер Ерікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Контгың ойынша, ғылым - белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы - рухтыі; дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымнык негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететіі; тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және| соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.

Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өттіі деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - ХГУ-ХҮШ ғғ; 3. по-зитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.

«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті куштері арқылы түсіндіріледі. Метафизикалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, теріс-теле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактіліқ алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшінші -позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (өзімшіл-дік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.

Жоғарыдағы көрсетілген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерімен айналысып, біршама жетістіктерге жетеді. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, түрпайылықтан өтіп, күрделеніп жатқан қү.былыс. Әрбір жаңа пайда болған ғылым саласы өзінің қажетті алғышарты ретінде өткен сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтама-сына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социо-логия. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негіз-делгенмен, бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-бірімен ұштастыру қажет-тіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты біріктіретін жаңа дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты қайшылықтарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дін қажет - ол қазіргі өмір сүріп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетін адам-дардан тұратын Адамзаттың өзі. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретінде қарап табынуға шақырды.

Конттың Бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдагы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағына-лық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың іійтқан адамзаты емес, өйткені Дүниеде сол адамның өзін тудырған Смздің арғы анамыз «ұлы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну -алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді омір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивили-чацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде Табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкін-шілік алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді.

XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, әлектрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі бе-делді механистік классикалық физиқаның негізгі кағидаларьша үлкен соққы жасады. Әлектрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», -деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп, біртұтастық дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «әмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Әрнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.

Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» деген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардың ойынша, Бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психи-калықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөлік-терін алып қарасақ, оның физикалық және психикалық әлемент-терден тұратынын байқаймыз. Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал әлемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «прин-ципиалдық сәйкестік» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын айнала қоршаған дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан дүниесінен өтіп, оның неше түрлі тебіреністерін туғызып, адамның осы Дүниені телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретінде сезінгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар танымның Бұл жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине, субъективтік идеа-лизм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде Мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.

Эмпириокритицизмнің негізгі қағидаларының бірі - «ойлау-дың тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу идеалыпа жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-өзін сақтау үшін биология-лық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен шығарады. Ғыльшдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», -дейді олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды.

Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған пози-тивизмнің үшінші сатысы - неолозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.

Неолозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиқаның тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардың ішінен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенің өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б. Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық нозитивизмнің келесі өкілін - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі құралы - верификация принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкестігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан шементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этика мен психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.

Б. Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбі-несе олардың инстинктері мен құштарлықтары тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.

Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистикалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логикалық жолмен талдаудан кереді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логикалық философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің шеңбері менің Дүниемнің шеңберін құрайды», - дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді.

XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы сатысы Дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.),1 Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ғылымның дамуында пайда болған ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердің бір күнінде олі теріске шығарылуы мүмкін. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателік кету мүмкіндігінде. Оны ол Алибилизм (қателік) дейді. Ғылымдағы білімнің дамуы, негізінен алғанда, неғұрлым әртүрлі гипотезалардың көбірек ұсынылуымен бірге оларды фальсификациялаумен (теріске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пікірлерді ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседі.

Өзінің жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол «үш әлем» теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бізді айнала қоршаған дүние. Келесі - ментальдық әлем (Платонның «идеялар әлеміне ұқсас). Үшінші әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмір сүретін білім әлемі (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектіне ұқсас).

К.Поппердің ойынша, философия ғылым емес, өйткені оның негізгі қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бірақ ол адамға өмірдің мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшін ол философияны биік бағалайды.

Өзінің әлеуметтік философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан ол марксизмді, әсіресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады.

К.Поппердің идеялары И. Лакатосқа зор әсерін тигізді. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе, ол «ғылыми зерттеу бағдарламасы» атты танымдық методологияны ұсынады. Қайсыбір кемеліне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып, бір-бірін ауыстырып жатады. Ал оның өзі сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардың біреуі (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді.

Қайсыбір «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ішкі бұзылмайтын «қатты өзегі» болады, оған іргетасы теріске шығарылмайтын қағидалар ғана кіреді. Ал оны қоршап тұрған «қорғайтын шеңберге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негізгі функциясының өзегін қорғау болып табылады. Бірақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкін. Онда оның орнына жаңа гипотеза келеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: