Фоль реакциясы

Жұмыстың мақсаты: Фоль реакциясымен белоктағы (цистеин және жартылай цистеин қалдықтары) күкіртті амин қышқылдарын анықтау. Амин қышқылдарының құрылымдық формуласы:

сериннің қалдығы

Күкіртті амин қышқылдары бар белоктарға натрий гидроксиді мен қорғасын ацетатының ерітінділерін қосып қыздырғанда ол қараяды. Күкіртті амин қышқылдары күшті сілті қосып қыздырғанда ыдырап оксиқышқылға айналады және натрий сульфиді түзіледі:

Ары қарай қорғасын ацетаты ((CH3COO)2Pb) сілтімен әрекеттесіп натрий плюмбитін түзеді:

(CH3COO)2Pb + 2NaOH → NaPbO2 + 2CH3COOH

натрий

плюмбиті

Натрий сульфиді мен натрий плюмбиті өзара әрекеттесіп сұр немесе қара түсті қорғасын (ΙΙ) сульфидінің тұнбасын түзеді:

Na2S + Na2PbO2 + 2H2O → PbS↓ + 4NaOH

қорғасын сульфиді

қара немесе сұр

Жұмыс істеу реті: Екі пробиркаалып біріншісіне 5 тамшы1%-дық жұмыртқа белогының ерітіндісін, екіншісіне 5 тамшы 1%-дық бидай белогының ерітіндісін құяды. Әрбір пробиркаға 2 тамшыдан 5%-дық қорғасын ацетатының ерітіндісін қосып араластырады да, 5 тамшыдан 30%-дық NaOH ерітіндісін қосады. Біраз уақыт қыздырғанда сұйық алдымен сұрланып, содан соң қараяды. Себебі, қорғасын (ΙΙ) сульфидінің (PbS) тұнбасы түзіледі. Қорытынды жасаңыз.

6. Зертханалық жұмыс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: