Ші кесте

Субстрат Фермент Бояу Реакция
крахмал сахароза амилаза инвертаза йодпен Троммер
             

Ферменттердің активтілігіне орта рН-ның әсері

Реактивтер: 2%-дық крахмал және сахароза қоспасы, амилаза және интерфаза ферменттері, натрий гидрофосфаты (Na2HPO4), калий гидрофосфаты (K2HPO4), Люголь ерітіндісі, индикатор қағазы.

Жұмыс істеу реті: 3 пробирка алып,1-ші пробиркаға 1мл(K2HPO4) ерітіндісін, 2-ші пробиркаға 1мл (Na2HPO4) ерітіндісін, ал 3-ші пробиркаға 0,5мл-ден (K2HPO4) ерітіндісін және (Na2HPO4) ерітіндісін құямыз. Одан кейін әр пробиркаға 1мл 2%-дық крахмал және 0,5мл амилаза ерітінділерін қосамыз. Қоспаны араластырып, ортаның рН-ын индикатор қағазының көмегімен анықтаймыз. Әр пробиркадағы қоспадан әйнек таяқшамен алып, индикатор қағазына саламыз. Барлық пробиркаларды 15 минутқа қалдырып, кейін Люголь ерітіндісінен 1 тамшыдан тамызып, қандай түске боялғанын байқаймыз. Егер бояуда өзгеріс болмаса, онда оны қайталап, уақытты ұзартып немесе ферменттің құрамын өсіреміз. Тәжірибе қорытындысын 2-ші кестеге жазамыз.

Ші кесте

Қосатын заттар Люголь ерітіндісі  
крахмал K2HPO4 Na2HPO4 амилаза  
           
           

Ферменттердің активтілігіне температураның әсері

Ферменттер қасиеттерінің бірі – термобилдену болып табылады, яғни температураға сезімділігі. 70º С-тан жоғары қыздырғанда ферменттер биологиялық қасиетін жоғалтады. Белок молекуласының жиырылуының нәтижесінде реакция жылдамдығы бәсеңдеп тоқтайды. Ферменттер төмен температурада жақсы сақталады, бірақ ферментативтік реакция жылдамдығы тез төмендейді. Субстраттың жоғалуы немесе реакция өнімнің пайда болуы нәтижесінде амилаза ферментінің температураға сезімділігін анықтаймыз.

Реактивтер: 2%-дық крахмал, амилаза ферменті, Троммер реактиві.

Жұмыс істеу реті: 4 пробиркаға 2мл-ден 2%-дық крахмал ерітіндісін құйып, 10 минутқа әр температураға қоямыз. 1-ші пробирканы қыздырылған су моншасына, 2-ші пробирканы су моншасында 40º С температураға, 3-ші пробирканы бөлме температурасына, 4-ші пробирканы қарға қоямыз. Содан соң әр пробиркаға 0,5 мл-ден амилаза ферментін қосып, 15 минутқа қалдырамыз. Ал қыздырылған пробиркаларды суытып, барлық пробиркаларда Троммер реакциясын жүргіземіз. Шыққан нәтижені 3-ші кестеге жазамыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: