Спирттік ашыту

Жұмыс реті: Глюкозаны алған кезде бөлініп шыққан көмірқышқыл газы, арнайы ашыту құралында ашытуға болады: бөлінген сіңіріледі. Түзілген вакуумды бродильдік құрал анықтайды.

Ашыту барысында алынған спиртті иодоформ алу реакциясы арқылы алуға болады:

Жұмыс барысы:

Бродильдік аппаратта толтыру 1 г пісіру ашытқы немесе 0,5. Құрғақ ашытқыны ұнтақтап, үстіне аз мөлшерде (50 мл) 5 %- тік глюкоза ерітіндісін, сосын қоспаны бродильдік аппаратқа ауыстырады, төменгі жабық аппаратты сұйықтықпен толтырып, ал қалғаны тек жартылай болу керек. Ол үшін қоспаны аппараттық үлкейтілген жағына құяды. Үлкен саусақпен тесігін жабады және аппаратты айналдырады: трубка толғаннан кейін құралды термостатқа С температурада 20-50 минутқа қояды.

1. байқалуы.

Бродильдік аппаратқа 10 % натрий иодының ерітіндісін ыдыс жиегіне дейін және тесігін жабып, құралдың ішіндегісін үлкен саусақпен жауып араластырады. Вакуум болғанда көмірқышқыл газы сңіріледі және құралдың тесігінде саусақ тұрып қалады.

2. Этил спиртінің байқалуы.

Бродильдік аппараттан 2-3 мл сұйықтың пробиркаға сүзіледі. Сүзілгенге бірнеше тамшы 10 % йод ерітіндісін қосады. Бірнеше уақыттан кейін йодоформ иісін сезуге болады.

13. Зертханалық жұмыс

Қамырдың газ сақтау қабілетін анықтау

Қамырдың газ сақтау қабілеті арқылы ашытылған қамырдың сапасын пешке қояр алдында сандық көрсеткішін анықтауға болады.

Жұмыс жүргізілу барысы: Өлшенген ұнды 5 г ыдысқа салып, 2,5 мл өлшенген ашықты қосып (250 мл ашықты 2,5 мл суда) ыдыстың қабырғасынан ажырағанша араластырады. Сосын қамырды дөнгелектетіп илейді, С-тағы суы бар стақанға салып, батқанын бақылаймыз. Тәжірибенің бастапқы уақытын белгілеп, 10 сек дейінгі уақытты жазады. 10-15 минуттан кейін шардың көлемі үлкейіп көмірқышқыл газы бөлініп, шар жоғарыға көтеріледі.

Біраз уақыттан кейін көмірқышқыл газы бөлінгендіктен шар өз қалпын жоғалтып ажырай бастайды. Шардың бөленуін және қамырдан ажыраған бөліктердің стакан түбіне түсу уақытын жазып, бөлшектердің бөлінуі мен құлау қасиетін бақылаймыз. Тәжірибе жүргізу уақыты 1 минут ішінде шарикті суы бар стаканға салып, қамырдан бөліктердің бөлінуі мен қамырдың ажырап, стакан түбіне түсуі ашыту процесін көрсетеді.

Ұнға мнездеме Ашыту көрсетілімі
Нашар 25 минуттай
Орташа 25- тен 30 минут
  30- дан 40 минут
Жақсы 40- тан 60 минут
Өте күшті 60 мин жоғары

14. Зертханалық жұмыс

Иодтық санды анықтау

Иодтық сан – 100г майға әсер ете алатын иодтың грамм саны.

Жұмыс істеу реті: 2 колбаға: біреуіне 0,1- 0,2г май, екіншісіне 0,1-0,2мл су және 10 мл абсолютті спирттен құяды, кейін 10 мл 0,1Н алкогольді иод ерітіндісін құйып, араластырады және 10 минутқа қалдырады. Содан соң 0,1Н Na2S2O3 ерітіндісімен әлсіз сарғыш түске боялғанға дейін титрлейді. Кейін 1мл 1% крахмал құйып, көк түстің кеткеніне дейін тағы титрлейді.

1 мл 0,1Н Na2S2O3 ерітіндісіне 12,69 мг сәйкес келеді.

Иодтық сан тең:

С= (В – А)∙100∙12,69∙Т / а∙1000

мұндағы, В – 0,1Н Na2S2O3 ерітіндісінде титрлегенде кеткен саны;

А – 0,1Н Na2S2O3 ерітіндісінде титрлегенде кеткен саны;

Т – дұрыстық коэффиценті 0,1Н Na2S2O3;

А – май салмағы, г.

15. Зертханалық жұмыс

Сабындану санын анықтау

Көп мөлшердегі титрленген калий гидроксидінде майды қайнатады. Нәтижесінде гидролиз жүреді:

Бос қалған қышқылдар калий гидроксидімен әрекеттеседі:

RCOOH + KOH → RCOOK + H2O

Осы схема бойынша майдың құрамындағы еркін қышқылдар әрекет етеді. Май қышқылымен әрекеттеспей қалған артық сілтіні 0,5 Н тұз қышқылымен қайтадан титрлейді.

KOH + HCl → RCl + H2O

Және барлық май қышқылмен әрекеттесуге кеткен сілті мөлшерінің санымен сабындану санының мөлшерін есептейді.

Құралдар мен реактивтер: су моншасы, 100 мл-лік колба, 2,5 Н КОН-ң спирттік ерітіндісі, 0,5 Н НCl, фенолфталеин, тимолфталеин.

Сабындану саны – 1 г майдағы бос және байланысқан май қышқылын нейтралдау үшін қажет калий гидроксидінің мг мөлшері.

Жұмыс істеу реті: таза колбаға аналитикалық таразыда өлшенген 2 г майға бюретка арқылы 25 мл 0,5 Н калий гидроксидінің ерітіндісін құяды. Колбаны кері тоңазытқышқа жалғап, қайнап тұрған су моншасында қайнатады (1 сағат). Ол үшін майдың орнына су алады, оған 25 мл 0,5 Н КОН қосып қайнатады. Жақсы ерімейтін заттардың сабындану кезінде оған бірдей мөлшерде тез қызатын толуол, бутил немесе амил спиртін қосады. Сабындану біткен кезде оған бірнеше тамшы фенофталеин немесе тимолфталеин индикаторын қосып, түсі өзгергенше тұз қышқылының 0,5 Н ерітіндісімен титрлейді. Бір уақытта бақылау колбасының ішіндегі затты да титрлейді.

Есептеу нәтижесі:

Х = (А-Б) ∙ Т1 ∙ 28,055 ∙ Т2 / Н

мұндағы, Х – сабындану саны;

А – бақылауды титрлеуге жұмсалған НСl 0,5 Н мл саны;

Б – сынақты титрлеуге жұмсалған НСl 0,5 Н мл мөлшері;

Т1 – НСl титріне түзету;

28,055 – 1/2 КОН молекулалық массасы;

Т2 – КОН тиртіне түзету;

Н – май мөлшері.

Х сабындану санын және қышқылдық санының негізінде эфирлену санын анықтауға болады.

Эфирлену саны – 1 г майдағы сабындану кезінде босаған қышқылды нейтралдауға қажетті калий гидроксидінің мл мөлшері. Осылай эфирлену саны арасында есептеледі. Осы анықтамалар негізінде глицерин құрамын есептеуге болады және глицеридтің сабындануына КОН-тың 3 молекуласы жұмсалып, 1 молекула глицерин жұмсалады.

Майлар және дәнді-дақылдардың майлы қасиеттері

Майлар – 3 атомды спирттік глицерин және жоғарымолекулалы май қышқылының күрделі эфирі.

Астық майының құрамында жеңіл тотықсызданатын қанықпаған май қышқылдары болады. Осыған байланысты ұн мен жарманы сақтаған кезде прогоркание түсіндіріледі. Дақылдардың құрамында майдың (40 %-ға дейін және одан да жоғары) болуы, оның дәнімен сипатталады.

Барлық майлар мен майға ұқсас заттардың ортақ қасиеті – олардың суда ерімейтіндігінде. Олар органикалық ерітінділерде ғана ериді. Оларға бензин, бензол, эфир т.б. жатады. Майдың бұл қасиеті оның көп мөлшерін анықтағанда қолданылады. Азық-түлік заттарының құрамында майдың болуы маңызды орын алады. Ең бастысы олар өндірісте, сабын қайнатқанда қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: