Берілетін тапсырмалар 10 страница

2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады. 3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады. 4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады. 5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады. Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау. Негізгі бөлім     (10 мин.) 1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану, Есептер 1. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең? 2. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж) 3. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл) 4. Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең? 5. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж) Резервтік тапсырма: жұптық жұмыста логикалық сұрақтарға жауап береді Тақырыпқа байланысты жұптық жұмыста орындалатын логикалық сұрақтар 1. Тізбекте ток жүріп жатқанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы анықтауға болады? 2. Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма? 3. Аккумулятор мен гальвани элементінің айырмашылығы неде? 4. Ток көздері энергиялардың қандай түрлерін электр энергиясына айналдырады? 5. Ток көзі қандай қызмет атқарады? Тоқ көзінің ішінде қандай жұмыс жасалады? Қандай энергия есебінен?   1. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру: 2. Ток күші деп нені айтады? 3. Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды? 4. Ток күшін қандай құралмен өлшейді? 5. Электр кернеуі деп нені айтады? 6. Кернеуді қалай өлшейді?   Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады, Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі. Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.   Логикалық сұрақтарға жұптасып жауап береді.   Қоры- тынды (5 мин.)   Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.        

 

Ресурстық парақтар

1 топ «Ақ қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін, электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады.

Электр тогы дегеніміз еркін электр заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын айтамыз.(Электрондардың реттелген қозғалысы).

Электр тогы болуы үшін мынандай шарттар болу қажет:

- Еркін заряд тасымалдаушылар болу қажет

- Заряд тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісі болу қажет

- Электр өрісін тудыратын ток көзі болу қажет.

Ток көзіне гальвани элементтері, аккумулятор, генераторлар жатады.

Электр тізбегі тоқ көзінен, өткізгіш сымнан және электр энергиясын тұтынушылардан тұрады.

Электр тогының әсерлері: жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық

Бөгде күштер дегеніміз тоқ көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде қолданылатын электрлік емес күштерді айтады. Бөгде күштерді сипаттау үшінᵋэлектр қозғаушы күші деген шама енгізіледі.

Электр қозғаушы күші дегеніміз бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасын айтады. , мұндағы бөгде күштер жұмысы, q заряд

Өлшем бірлігі 1В=1Дж/Кл

 

2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады.

Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари.

Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды.Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымы енгізіледі.

ХБЖ-де ЭҚК бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады:

Ток көзінің шартты белгісі:

Ток көзінде электр зарядтары бөлінеді: оң зарядтар анодқа, терісі катодқа жиналады.

Электрофорлық машиналарда зарядтарды бөлу жұмысы механикалық энергия есебінен болады.

Аккумуляторларда зарядтарды бөлу жұмысы химиялық реакция нәтижесінде болады.

Ток көзінде қайсыбір энергияның электр өрісінің энергиясына айналады.

4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады.

3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады.

5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады.

Есептер

6. Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?

7. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысынеге тең?(250Дж)

8. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)

9. Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?

10. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)

 

Кері байланыс парақтары

Аты жөні _______________________________________________________ күні___________

Мен не үйрендім Маган не қиын болды Мен оны қалай жендім немесе тағы не білгім келеді
         

 

 

 

  Сабақ 33    
Сабақтың аты §37 Электр кернеуі
Жалпы мақсаты Электр кернеуі жайлы мағлұмат беру Электр өрісінің энергиясы өзге энергияға түрленетінін мысалдар арқылы түсіндіру, кернеу деген ұғымға сипаттама беріп, қандай шамаларға тәуелді екенін түсіндіру қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Электр кернеуі жайлы мағлұмат алады Электр кернеуі құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сұрақ қою. Үй тапсырмасына берілген жаттығуды тексеру Қызығушылғын ояту. Үй тапсырмасы бойынша бекіту, сұрақтар беру. Сұрақтар: 1/ Электр тогы дегеніміз не? Үй тапсырмасын үш топқа бөле отырып сұрау. 1. Электр тогының күші, тәржірибе бойынша түсіндіру, формуласын жазу. 2. Ампердің қысқаша өмірбаяны, ток күшінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. 3. Амперметрдің құрылысы, сұлбадағы белгіленуі. 4. Карточка бойынша есеп. Оқушылар дәптерге орындайды
Жаңа сабақ   Электр өрісінің энергетикалық сипаттмасы   U- әрпімен белгіленеді U= A/q A=Uq q=A/U 1B=1Дж/1Кл 1Дж=1В*1Кл 1Кл=1Дж/1В . Өткізгіш ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған аспапты вольтметр деп атайды. V- сұлбадағы белгісі, тізбекке вольтметр параллель жалғанады. Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлуге электрлік емес күштерді қолданады. Ондай күштерді бөгде күштер деп атайды. Кулон күштеріне қарсы жасаған жұмыс процессі, соның нәтижесінде әр аттас заряды бар нүктелердің арасында потенциялдар айырымы жасалады, яғни электр өрісі пайда болады. Бөгде күштер әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күш ұғымы енгізіледі. Е-әрпімен белгіленеді. Бөгде күштің жұмысы А-әрпімен белгіленеді. Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші вольтпен (В) өрнектеледі. 1 вольт – Өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж-ге тең жұмыс шамасына тең кернеу. Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток кзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.
Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Шартты белгісі Өлшейтін құрал Құралды... жалғайды
Ток күші            
Электр кернеуі            

Токтың жұмысы (А) – токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт – кернеудің өлшем бірлігі
Вольтметр – өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал.

«Қатесін тап» ойыны

Электрлік сызба нұсқалар көрсетіледі. Қатесін тауып, дұрыс сызылған сызбанұсқаны көрсетеді.Ойын жеткізу үшін уақыт.

  А          
      К        
            К      
        У  
      М            
        У        
  Л      
  Я      
            Т      
    О    
      Р            

 

Ток күшінің өлшем бірлігі?

1. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын... де атайды?

2. Амперметрді тізбекке қалай жалғаймыз?

3. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы

4. Ерітінділерге болатын тоқтың әрекеті?

5. Өткізгіш бойымен ток өтсе ол қызады. Осы әрекет қалай аталады?

6. Тұрақты ток көзін тапқан ғалым

7. Атом құрылысы

8. Тоқ көзі

9. Кедергіге вольтметр қалай жалғанады?

Есеп №1.
Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде 10Дж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта.
Есеп №2.
Электр лампасындағы кернеуі 6В. Осы лампаның қылының көлденең қимасы арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде қандай жұмыс істелінеді?

Карточка №1
Электр лампасындағы кернеуі 6В. Бұл нені көрсетеді? Осы лампа қылының көлденең қимасы арқылы 2Кл электр өрісі өткенде қандай жұмыс істелінеді?
Карточка №2
Тізбектің бір учаскесі арқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай?
Карточка №3
Электр лампасындағы кернеуі 7В. Осы лампа қылының көлденең қимасы арқылы 5Кл электр өрісі өткенде қандай жұмыс істелінеді?

Сөзжұмбақ.

1. Кернеу бірлігі қалай белгіленеді? (В)
2. Зарядталған бөлшектің реттелген қозғалысы.(Тоқ)
3. Электр зарядының өлшем бірлігі.(Кулон)
4. Тоқ көзі.(Гальвани)
5. Грек тілінде янтарьды не дейді? (Электрон)
6. Тоқ күшінің еселік бірлігі.(Килоампер)

Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Ой-қорыту. 1. Бекіту сұрақтарын беру. 2. Тұрақты электр тогы     Ток күші Кернеу   I=q/t U=A/q   1A=1Кл/с 1В=1Дж/1Кл   Амперметр Вольтметр   Тізбектей параллель Оқулық бойынша жаттығу №3 Берлгені: Формуласы: Шешуі q=3Кд U=A/q U=120Дж/3Кл=40B А=120 Дж Жауабы: 40В U=?   Электр кернеуі дегеніміз не? Электр кернеуінің формуласын жаз? Тізбекте қосылған прибордағы ток күші 8 мкА-ге тең. 12 минут ішінде осы прибор арқылы қандай мөлшердегі электр тогы өтеді? Электр кернеуінің кіші және үлкен өлшем бірліктерін салыстыр? Күнделікті тұрмыста электр кернеуінің қолданылуына мысал келтір? Электр кернеуін білудің маңызы қаншалықты?
Шығармашылыққа тапсырма  
Үй тапсырмасы Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
         

 

 

Сабақтың аты №3 зертханалық жұмыс Сабақ 34
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Электр тізбегі жайлы мағлұмат беру Ø Электр тізбегін құруды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Электр тізбегі жайлы мағлұмат алады Ø Электр тізбегін құруды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады. ХБЖ-же электр кернеуінің бірлігі вольт (В) деп аталады. . Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады. Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілер: - ток күші. ХБЖ-де ток күшінің өлшем бірлігі 1ампер.
Амперметр ток күші өлшенетін аспапқа тізбектеліп қосылады. Сұлбадағы шартты белгісі:  
Әлсіз токтарды өлшеу үшін

1мА=10-3А, 1мкА=10-6А

Күшті токтарды өлшеу үшін

1 кА=103A

Ток күшін өлшейтін аспаптар- амперметр.

 

 

Тапсырмалар Топтық жұмыс
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.10. Сәлемдесу

1.11. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.12. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут )

  1. Электр кернеуі деген не? Ол қандай бірлікпен беріледі.
  2. Кернеуді қалай өлшейді?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1. Өткен тақырыптарға шолу жасау?

ІҮ. Топтық жұмыс (27 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
  Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
  Міндетін атқару        
  Топтық жұмысқа атсалысуы        
           

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Приборлар мен материалдар: амперметр, вольтметр, ток көзі, қосу сымдары, кілт, резисторлар,қыздыру шамы.

Жұмыс барысы:

1. Амперметр мен вольметрдің шкалаларын қараңдар, бөлік құнын анықтаңдар.

2. 191-192- және 193-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін жазыңдар.

3. Қорытынды жасаңдар.

4. Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

5. Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U1, U2 және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.

6. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.

7. U1+ U2 қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.

8. Қорытынды жасаңдар.

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (6 минут)

  1. Электр кернеуі дегеніміз...................................
  2. Ток күші дегеніміз.................................................
  3. Электр тізбегі дегеніміз...................................

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар қайталау
Кейінгі оқу қайталау

35-Сабақ Сабақ өтілетін уақыт: Барлық оқушы саны -
Сабақ тақырыбы Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі.Меншікті кедергі
Жалпы мақсаттар Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Меншікті кедергі жайлы мағлұмат беру Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Меншікті кедергіні күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Ток күшініңөткізгіш ұштарындағы кернеуге сызықты тәуелділігін тағайындау;тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдау;өткізгіштің электрлік кедергісі, меншікті кедергі ұғымдарын қалыптастыру;
Түйінді идеялар Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.Электр кедергісі.Өткізгіштің меншікті кедергісі
Оқыту нәтижелері Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы Меншікті кедергі жайлы мағлұмат алады   Ом заңы арқылы тізбек бөлігіндегі ток күші,кернеу,кедергілерді есептей алады. Өткізгіштің меншікті кедергісінің қандай шамаларға тәуелділігін біледі.
Дереккөздер Электронды оқулық, амперметр, вольтметр, ток көзі,кілт,жалғағыш сымдар А3,маркер,смайликтер
Сабақ барысы

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow