Берілетін тапсырмалар 8 страница

Сабақ 28     Сабақтың аты §30. Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд Жалпы мақсаты Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд жайлы мағлұмат беру Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар зарядтарды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Топта бағалай білуге баулу Күтілетін нәтиже Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар заряд жайлы мағлұмат алады Атомдардың құрылысы. Электрон.Элементар зарядтарды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Топта бағалай алатын болады   Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылығын ояту Миға шабуыл Жалпы сыныпқа өткен тақырып бойынша сұрақтар тарату, Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салады Өтілген материалды қайталау: 1) Денелердің электрленуі дегеніміз не? 2) Қандай жағдайда дене электрленген немесе электр заряды берілген деп айтады? 3)Денелерді калай электрлеуге болады? Неліктен денелерді бір-біріне үйкейді? 4) Электрлеуге қанша дене қатысады? Екі дененің зарядтары жөнінде не айтуға болады? 5) Бір денеден екінші денеге зарядты қалай беруге болады? 6) Атгас зарядталған денелер бір-бірімен қалай әрекеттеседі? Әр аттас зарядталған денелер бір-бірімен қалай эрекетгеседі? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды? 2. Атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді? 3. Электрон туралы не білесіңдер? ІҮ. Топтық жұмыс(15 минут) Жаңа сабақ Мағынаны тану Интервью әдісі арқылы тақырыпты талдау үшін тапсырма беру   омның қүрылысын анықтаудағы Резерфорд тэжірибесі (1911 ж). Резерфорд ұсынған атомның планетарлық моделІ. Атом және атом құрамындағы бөлшектердің өлшемдері. Элементар электр заряды және электрон. Сутегі және гелий атомының құрылысы. • Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады. • Элементар электр заряды, е=1,6*10-19 Кл Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг • Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді • Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең • Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең • Оң ион-кандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом • Теріс ион- қандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде артық электрондарды қосып алған атом • Атомның өлшемі өте кіші 10-10 м •Атом ядросының өлшемі (10-14 м), атомнан он мың есе кіші. Атом құрылысы.1897 жылы көптеген электр құбылыстарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды. Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 2000 еседей аз болып шықты. Электрон заряды терiс: qэл = – е = – 6 · 10–19 Кл. Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға болады, ал электронды зарядынан "айыру” мүмкiн емес. Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом iшiнде оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Тәжiрибе мақсаты, жылдам бөлшектер жолында заттың атомдары орналасқан жағдайда өтетiн процестердi анықтау болып табылады. Бұған дейiн бiрнеше жыл бұрын радиоактивтiк құбылысы ашылған болатын. Кейбiр заттардың (қазiргi кезде радиоактивтi деп аталатын уран, радий және т.б.) көрiнбейтiн сәулелер шығаратындығы анықталды. Бұл сәулелердi зерттеу олардың бiр-бiрiнен электр заряды бойынша айыруға болатын үш түрлi құрамнан тұратынын көрсеттi. Радиоактивтi сәулелердi бiр-бiрiнен ажырата белгiлеу үшiн грек алфавитiнiң бастапқы a (альфа), b (бета) және g (гамма) – үш әрiпiн қолдану ұсынылды. Альфа сәулесi – оң зарядталған (альфа бөлшектерiнен), бета сәулесi – терiс зарядталған бөлшектер (электрондар), ал гамма сәулесi – ешқандай зарядқа ие емес. Бұл сәулелер адам ағзасына қауiптi. Сондықтан, радиоактивтi препараттармен жұмыс iстегенде ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтап, оларды қолмен ұстамай, арнайы қорғаушы экрандарды қолдану керек. Резерфорд альфа-бөлшектерiн атомдарды "атқылауға” болатын "зеңбiрек оқтары” ретiнде қолдануды ұсынды. Ол осы бөлшектердiң жiңiшке шоғымен зерттелетiн заттан жасалған жұқа пластинаны (фольганы) атқылау кезiнде, альфа бөлшектерiнiң көпшiлiгi фольгадан еш кедергiсiз өтетiндiгiн, ал аз ғана бөлiгi атом iшiндегi бiр нәрсемен соқтығысып керi қайтатындығын анықтады. Резерфорд тәжiрибелерi жоғары сыныптарда егжей-тегжейлi қарастырылады. Мұнда бiз оның тәжiрибе нәтижесiнде жасаған қорытындыларымен шектелемiз. Резерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi (11-сурет) планетарлық модель деп атаған. Ядро мен электронның ара қашықтығы олардың өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiк монетадай болса, онда ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр километрдей болар едi. Егер барлық электрондар атомдық ядроларға тығыз жабып орналасса, онда ересек адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген! Бұдан адам денесiнiң 99%-iн (кез-келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз. Резерфорд тәжiрибесiндегi альфа бөлшектерi атомдар iшiндегi осы бос қуыстардан бөгелмей ұшып өтедi, сондықтан олар фольгадан керi шашырамайды. Бiр тектi атомдар жиынтығы химиялық элемент деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң атомдары бiр-бiрiнен ядроларының зарядымен және сол ядроны айнала қозғалатын электрондар санымен ерекшеленедi. Мысалы, сутегi атомында жалғыз электрон бар, оттегi атомында – сегiз электрон, ал уран атомында – тоқсан екi. Атомдағы электрондар саны элементтiң Д.И. Менделеев кестесіндегі реттiк нөмiрiмен сәйкес келедi. Осы нөмiр атом ядросының зарядын да анықтайды. Белгiлеу енгiзейiк: Z – элементтiң реттiк нөмiрi = атомдағы электрондар саны. Онда атом ядросының және атомдағы барлық электрондардың жалпы заряды үшiн былай жазуға болады: qядро = + Ze qэл-н = – Ze. Атомдағы электрондардың жалпы зарядын, атом ядросының зарядына қоссақ нөл шығады. Бұл атомның толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардың молекулалары да бетарап болады. Кейбiр жағдайларда (мысалы, соқтығысқанда) атомдар бiрнеше электронын жоғалтуы мүмкiн. Атомдар электрондармен бiрге өздерiнiң терiс зарядының бiр бөлiгiн жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының салдарынан пайда болған оң зарядталған атомды оң ион деп атайды. Керi жағдайлар да болуы мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон қосып алып, терiс зарядталады. Мұндай атомды терiс ион деп атайды. Жеке карточка бойынша топтық жұмыс
2 электрон 3 протон 4 нейтрон

 

Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді Ой толғаныс 2. Литидің үш электроны бар екені белгілі. Соны есепке ала отырып Литидің он және теріс ионын сызба түрінде көрсетіңіз.   3. Алюмини тяқшасына он зарядталған дене жанасты. Алюминидің кейбір зарядтарында қандай өзгеріс болады?   4. Лити атомының құрамында үш протон бар екені белгілі. Осы атомдағы бөлшектер саны нешеу? Оларды атаңыз? 5. Зарядталмаған метал таяқшаға зарядталған дене жақындатылды. Таяқшадағы зарядтар тегін көрсетіңіз? 6. Екі бірдей метал шар бірдей бірақ қарама қарсы таңбалы зарядталған. Олар соқтығысқаннан кейін зарядтары бейтарапанды. Шарлардағы зарят жоғалып кетті деп айта аламыз ба?   7. Оң заряды бар метал шарикті разрядтады, ол бейтарап күйге көшті. Шарик өзінің біржола жоғалтты деп айта аламыз ба? Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру. 1. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды? 2. Атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді? 3. Электрон жайлы не айта аласыңдар? 4. Егер дене электронды қосып алса, онда денеде не байқалады? 5. Электронын беріп жіберген дене қандай заряд алады? 6. Оның атомы қалай аталады? 7. Жанасу кезіндегі дененің электрленуі қалай түсіндіріледі? Үй тапсырмасы № Оқушылар күнделіктеріне жазады Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады          

 

 

Геометрия Сабақ 29    
Сабақтың аты §31,32 Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Жалпы мақсаты Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі жайлы мағлұмат беру Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік беру
Күтілетін нәтиже Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі жайлы мағлұмат алады Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігін күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Топта бағалай алатын болады
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау «Егер мен» ойыны арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді Үйге берілген тапсырма сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Тақтадағы сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау, соңына егер мен ойыны арқылы топптар өзера талқыласады.Оқушының жан – жақты білімін тексеру:
Білеміз Білгіміз келеді? Үйренгеніміз
Электр заряды «Янтарь» сөзі Бір аттас және әр аттас зарядтар туралы Электр зарядынын сақталу заңы туралы Электроскоп туралы Электр өткізгіштер туралы Электр тогын өткізбейтіндер туралы Атом құрылысын Элементер заряд туралы Оң және теріс ион туралы Нүктелік заряд туралы Ш.Кулон туралы Кулон заңы туралы Электр тұрақтысы туралы Диэлектрлік өтімділік туралы Жаңа сабақ түсіндіріледі

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Кулон жайлы не білеміз?
  2. Кулон заңы жайлы не білеміз?

 

 

Жаңа сабақ Мағананы тану Топпен жұмысАкадемиялық дау –дамай әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылату Олүшін академиялық дау –дамай әдісін пайдалану Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқаннан кейін, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай, электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. «Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады. Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды. F ~ q∙q F ~ (q∙q) / r 2 F ~ 1 / r 2 Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі. F = k∙(q∙q) / r 2 к = 9∙109 Н∙м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент ε0 = 8.85∙10-12Кл2/Н∙м2 - электр тұрақтысы F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε0∙(q∙q) / ε∙r 2 ε- диэлектрлік өтімділік. 1 кулон – вакуумде 1м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9∙109 Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряд. Егер шарларға оң заряд берсек, онда олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуші күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады. Кулон заңы: Бостықтағы екi қозғалмайтын зарядталған нүктелiк денелердiң өзара әсерлесу күшi F (кулон күшi) және зарядтардың модульдерiнiң көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың өзара r арақашықтығының квадратына керi пропорционал. Мұнда k – пропорционалдық коэффициентi, сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең. k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған мұнда электр тұрақтысы, СИ жүйесi бойынша мынаған тең: Коэффициент k СИ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:   1 – тапсырма: І топ:
  1. Қандай зарядты «нүктелік» деп атайды? Осы ұғымды «материялық нүкте» ұғымымен салыстырыңдар
  2. 1 кулон дегеніміз не?
  3. диэлектрлік өтімділік дегеніміз не?
ІІ топ:
  1. кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде?
  2. кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңды анықтайтын формуланы жазыңдар?
  3. электр тұрақтысы деген не?
2 – тапсырма: І топ: 1) екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше? (4 есе кемиді; 4 есе артады) 2) ара қашықтығы 2 см, ал зарядтары 2∙10-9 Кл және 4∙10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі? (F= 2∙10-9 ∙4∙10-8∙9∙109 / 4∙10-4 = 1,8∙10-3 Н) 3) Бір – бірінен 5см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай? (q2 = 0.4∙10-3 × 25∙10-4/ 9∙109 = 1,1∙10-16= 100∙10-18 Кл 2; q= 10∙10-9 Кл.) 4) Есептер жинағынан: 1мкКл және 10нКл екізаряд 9мН күшпен біріне – бірі қандай қашықтан «әсер етеді? (r2 = 9*109*10-6*10*10-9/9*10-3= 100*10-4 м2. r=10*10-2м= 10см) ІІ топ: 1) екі нүктелік зарядталған денелердің біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше? (3 есе артады, 3 есе кемиді) 2) 2*10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін – бірі қандай күшпен тебеді? (F= 9*109 * 1.6*10-19 *1.6*10-19/ 4*10-20 = 6*10-9 H) 3) Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттардың орташа арақашықтығы 30 км болса, онда олар бір – бірімен қандай күшпен әрекеттеседі? (F= 9*109 * 20*30 / 30*103 * 30*103= 6*103 H) 4) Есептер жинағынан: Бірінен – бірі 3 см қашықтықта тұрған әрқайсысы 10 нКл екі заряд өзара қандай күшпен әсерлеседі? (F= 9*109 * 10*10-9 * 10*10-9/ 9*10-4= 100 * 10-5= 1*10-3= 1 мН)
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Кім жылдам арқылы сабақты жинақтайды Әр топқа сұрақ жауппен қатар қосымша есептер таратылады Есептер шығару. 14 ж. №4, №7 (Тақтада шығарылады.)   Берілгені: r=2см 0,02м F = к q=2·10-9Кл q=·410-18Кл F-?     Үлестірмелі қағаздар арқылы есептер беріледі. 1.Арақашықтығы 20см,зарядтары 4нКл және 6 нКл зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкене шар қандай күшпен әрекеттеседі? 2.Бір-бірінен 3 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 3,6 МН күшпен әрекеттеседі.Әр зарядтын шамасы қандай?   3.Аспандағы екі бұлттың электр зардтары сәйкесінше 2 мк Кл және 8 мк Кл бір-бірімен 9 кН күшпен әрекеттеседі.Бұлттар арасындағы орташа қашықтықты табыңдар.   Шығарып болғаннан кейін,оқушылар алдын ала таратпа қағаздарда дайындалған шығару жолы арқылы бір-бірін тексереді. Физикалық диктант: көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап 1.Оң зарядталған бөлшектер... болып саналады(протондар,электрондар, атомдар) 2.Бір таңбалы заряды бар денелер өзара... (тебіледі,тартылады,әрекеттеспейді) 3.Теріс зарядталған бөлшектер... болып саналады (протондар,электрондар,атомдар) 4.Көміртегі атомының ядросында 12 бөлшек бар, ядроның айналасында 6 электрон қозғалады.Осы атомның ядросында... протон бар.(12;18;6) 5.Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын... ашты.(Ш.Кулон, Г.Ом, А.Ампер) 6.Электронның массасы... тең (9,1*10-31 кг-ға; 9,1*10-13 кг-ға; 1,6*10-27 кг-ға) 7.Атом электрондарының біразын жоғалтса, онда мұндай күйде... ион деп аталады. (оң,теріс, оң және теріс) 8.Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі...(кинетикалық, потенциалдық, электростатикалық)  
Үй тапсырмасы №4 Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
           

 

Сыныбы 8 сынып сабақ 30
Сабақтың аты §32. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Жалпы мақсаты Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі жайлы мағлұмат беру Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігін күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі жайлы мағлұмат алады Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігін күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Керекті жабдықтар Презентация,Оқулық, Үлестірме парақтар;  
Сабақ барысы
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Топқа бөлу/санау арқылы/, топ ережесі еске түсіріледі; топ басшысы сайланады; «Сабақ басындағы көңіл күй»     Оқушылар амандасады, жұпқа бөлінеді. Түрлі смайлектерді тандау арқылы әр топ өз топтарына сабақ барысындағы көңіл күйлеріне формативті баға береді
Тұсаукесер Түрткі сұрақ: Диалогтық оқыту. /жоғары және төменгі деңгейдегі сұрақтар/ 2. Семантикалық карта
E F R q r Q  
  Заряд т ф а э р ю
  Өріс кернеулігі л о п й ш у
  Күш ь е м б д ф
  Арақашықтық у с я ж к и
  Пропроционалдық коэффициент ч м т г х а
  Жылу мөлшері щ ф п а п р

Дұрыс жауап:ЭЛЕКТР


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow