Берілетін тапсырмалар 13 страница

Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:

Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстау өте қауіпті.

Жерді басып, дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалаңаш сымға тиіп кету өте қауіпті.

Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті. Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.

Ток көзінен ажыратпай электр аспабын динауға, шашуға не түзетуге болмайды.

Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.

Есептер шығару.

Кернеуі U=6В болатын, кедергілері R1= 1 Ом, R2= 2 Ом болатын резисторларды

тізбектей және паралель жалғанған жағдайлардағы ток күшін есептеңдер.

Айырмашылығын салыстырыңдар және түсіндіріңдер.

 

Практикалық жұмыс

Өткізгіштерді паралель және тізбектей жалғау

 

 

Қатені табу

+ -

A  

L t1UKDXHTtVBSKC5JzEtJzMnPS7VVqkwtVrK34+UCAAAA//8DAFBLAwQUAAYACAAAACEA6PUF4sUA AADbAAAADwAAAGRycy9kb3ducmV2LnhtbESPQUvDQBSE74L/YXmFXqR9aVFpY7dFBYl4KdbS82v2 mYRm34bdbRP99a4geBxm5htmtRlsqy7sQ+NEw2yagWIpnWmk0rD/eJksQIVIYqh1whq+OMBmfX21 oty4Xt75souVShAJOWmoY+xyxFDWbClMXceSvE/nLcUkfYXGU5/gtsV5lt2jpUbSQk0dP9dcnnZn qwGzvsAZ9t2bP9xun47Feftd3Gg9Hg2PD6AiD/E//Nd+NRrulvD7Jf0AXP8AAAD//wMAUEsBAi0A FAAGAAgAAAAhAPD3irv9AAAA4gEAABMAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAFtDb250ZW50X1R5cGVzXS54 bWxQSwECLQAUAAYACAAAACEAMd1fYdIAAACPAQAACwAAAAAAAAAAAAAAAAAuAQAAX3JlbHMvLnJl bHNQSwECLQAUAAYACAAAACEAMy8FnkEAAAA5AAAAEAAAAAAAAAAAAAAAAAApAgAAZHJzL3NoYXBl eG1sLnhtbFBLAQItABQABgAIAAAAIQDo9QXixQAAANsAAAAPAAAAAAAAAAAAAAAAAJgCAABkcnMv ZG93bnJldi54bWxQSwUGAAAAAAQABAD1AAAAigMAAAAA " strokecolor="#f79646" strokeweight="1pt">

V

 

Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді Ой толғаныс Жұптық әңгіме» әдісін пайдаландым арқылы меңгерту/10 мин/ Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы»(ЖАДА)(Выготский)қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздеді, талқылады, жаңа тақырыпты бірі-біріне түсіндіреді Топтық жұмыс 1-топ. 1.Кедергісі 500 Ом тізбек бөлігінде 2 А ток күшін тудыратын тұрақты электр өрісі 30 мин ішінде қандай жұмыс атқарады? 2-топ 1.Ұзындығы 2км, кедергісі 805 Ом мыс сымның массасы қандай? Мыстың меншікті кедергісі 0,017 Ом*мм2/м. 3-топ. 1.Пәтерде 6А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған. Егер желідегі кернеу 127В болса, бір уақытта қуаты 60Вт және 100Вт екі шамды, үтікті қосуға болама?     Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. 1. Люминесценттік шамның қарапайым шамдардан айырмашылығы неде? Ж: жұмыс істеу мерзімі ұзақ және жақсы жарықтандырады. 2.Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі? Ж: сынап, инертті газдар (аргон,неон). 3.Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі? Ж: Спираль тәрізді электродтар. 4.Шынының ішкі бетінде не болады? Ж: люминофор қабаты. 5.Люминесценттік шамды не үшін қолданады? Ж: жарық беру үшін қолданады. 6.Дроссельдің қызметі қандай? Ж:шамдар арқылы өтетін токты шектейді. Шығармашылыққа тапсырма Шеңбердың қасиеттері   Үй тапсырмасы .№7 Оқушылар күнделіктеріне жазады Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады Кеі байланыс          

 

 

  Сабақ 42    
Сабақтың аты §45. Металдардағы электр тогы
Жалпы мақсаты Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат беру Металдардағы электр тогы н күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат алады Металдардағы электр тогын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылығын ояту Логикалық сұрақтар 1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? (Құс жолы) 2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады егер қар немесе мұз болса) 3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? (ауа) 4. неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды) 5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? (сабақ) 6 қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа) 7. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? (көлеңке) 8. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? (мамық) 9. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ) 1.Электр тогы дегеніміз не? 2.ЭҚК-ы күш деп нені айтамыз? 3.Ең алғаш «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалымның атын ата? 4.Тоқ күші деп нені айтады? Өлшем бірлігі не? 5.Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшенеді? 6.Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? 7.Кернеу қандай құралмен өлшенеді? 8.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдау. 9.Кедергі деп нені айтады? Оның өлшем бірлігі не? 10.Меншікті кедергісі неге тең? Өлшем бірлігі неге тең? 11.Өткізгішті тізбектей жалғау дегеніміз не? 12.Өткізгішті параллель жалғау дегеніміз не? 13.Тұрақты тоқтың жұмысы дегеніміз не? 14.Тұрақты тоқтың қуаты дегеніміз не? 15.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады? Электр тогы бір бағытта қозғалады  
Жаңа сабақ Мағананы тану Жаңа сабаққа дайындық . Сен маған, мен саған Әр-бір топ мүшелері 2 сұрақтан құрастырады. Сұрақтар алмастырылып басқа топқа беріледі. Топтар сұрақтарға жауап береді. І топ 1. Қысқа тұйықталу дегеніміз не? 2. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады? ІІ топ 1. Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын қолдануға бола ма? 2.Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?   Металдардағы электр тогы     Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Бұл көптеген тәжірибемен дәлелденген. Солардың бірі 1916 жылы америкалық физиктер Т. Стюарт пен Р. Толмен жасаған тәжірибеде металл өткізгіштермен оралған үлкен диаметрлі катушка 500 айн/мин жиілікпен айналады да бірден тоқтайды. Осы кезде катушкада электрондардың инерциямен қозғалуынан туған қысқа ток пайда болғаны гальванометрден байқалады. Т. Стюарт пен Р. Толмен эксперименттік түрде ток тасымалдаушы бөлшектің меншікті зарядын анықтады. Ол 1,8 * 1011 Кл/кг – ға тең болып, электронның меншікті зарядына дәл келді.     ; ; ;   Металл өткізгіштің бойынан өтетін электр тогының күші.   Есептер шығару 3.353 Өткізгіштегі ток күші 10 А. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сағ ішінде өтетін электрондардың массасы қандай?Жауабы: 0,2 мг 3.354 I=32 мкА ток күші кезінде t=1 нс уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді? Жауабы: 2 * 105 3.358 Өріс кернеулігі Е= 96 мВ/м болатын өткізгіштің электрондарының концентрациясы n=1028 м-3. Болат өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Жауабы: 0,5 мм/с 3.359 Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Есеп шығару: Өмірде тоқ, кернеу, кедергі бар Соларды пайдаланған өмірде бар Таңы аппақ, түні де жарық, Оларды қимай тұрған адам да бар. 1 есеп.Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы тоқ күші неге тең? 2 есеп. Тізбекке 2 кедергі тізбектей қосылған R1=10Ом және R2=40Ом Бірінші кедергідегі кернеу 3В –қа тең. Екінші кернеу қандай? 3 есеп. Тізбектегі тоқ күшін және жалпы кедергісін анықтау. 4есеп. Кедергілері 4,5,10 және 20 Ом тең төрт лампа паралелль жалғанған. Егер бірінші лампада тоқ 2,5А тең болса, қалғандарының әрқайсысының және тізбектің тарамдалмаған участкесіндегі тоқ қандай болады. І. Физикалық диктант ІІ.Кім тапқыр? ойыны V.Сабақты қорытынды Табиғат адам үшін жаралыпты Бар қызық табиғаттан таралыпты. Ағаш егу ойыны
Шығармашылыққа тапсырма Топтық жұмыс (суретпен жұмыс) (5 минут)  
Үй тапсырмасы Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
         

 

 

  Сабақ 43    
Сабақтың аты §46-47. Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңы
Жалпы мақсаты Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңы жайлы мағлұмат беру Электролиттердегі электр тогының физикалық табиғатын түсіндіру: Электрондық теория тұрғысында Фарадейдің 1-ші және 2-ші заңын қорытып шығару. Фарадей заңын қолданып есептер шығара білу.
Күтілетін нәтиже Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңы жайлы мағлұмат алады Электролиттердегі электр тогы. Электролиз. Электролиз заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау Қайталау (сұрақтар) 1.Жартылай өткізгіштерде зарядты тасымалдаушылар. А) Теріс иондар В) Кемтіктер С) Электрондар Д) Электрондар мен кемтіктер Е) Оң иондар 2.Транзистордың қанша p-n ауысуы бар? А) Бір В) Үш С) Төрт Д) Бес Е) Екі 3. Жартылай өткізгіштердің температурасы артқанда кедергісі. А) Артады. В) 2 есе артады С) Кемиді. Д) Өзгермейді Е) өзгереді. 4. Транзисторлар қандай мақсатта пайдаланылады? А) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін. В) Тұрақты токты айнымалы токқа айналдыру үшін. С) Кез –келген электрлік тербелісті күшейту үшін. Д) Тізбекті токты тұрақты етіп ұстап тұру үшін. Е) Жартылай өткізгіштің электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігін қамтамасыз ету. 5. Жартылай өткізгішті диодтар қандай мақсатта пайдаланылады? А) Тізбектегі ток шамасын күшейту үшін. В) Тізбектегі кернеуді күшейту үшін. С) Кез –келген электрлік тербелісті күшейту үшін. Д) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін. Е) Тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдыру үшін   Оқушылар тексереді,дұрысын белгілейді
Жаңа сабақ Металдардың элетрондық өткізгіштігі Металдағы токты еркiн электрондар туғызады. Олардың концентрациясы үлкен болады және металл атомдарының концентрациясымен бiр реттi болады. Металдар электр өткiзгiштiгiнiң классикалық электрондық теориясының негiзiнде келесi ұйғарымдар жатады: 1) металдағы еркiн электрондар өздерiн идеал газ молекулары төрiздi ұстайды; “электрондық газ" идеал газ заңдарына бағынады; 2) ретсiз қозғалыс кезiнде еркiн электрондар өзара соқтығыспайды (идеал газ молекулалары төрiздi), олар кристалдық торлардың иондарымен соқтығысады; 3) электрондар иондармен соқтығысқанда өздерiнiң кинетикалық энергиясын толығымен бередi. Металдағы электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы өткiзгiштiң берiлген нүктесiндегi элекр өрiсiнiң кернеулiгiне пропорционал болады: (7.1) мұндағы е - электрон заряды, m - оның массасы, - тектелес екi соқтығудың арасындағы орташа уақыт (электронның еркiн жолының орташа уақыты). Кедергiнiң температураға тәуелдiлiгi. Асқын өткiзгiштiк
7.1-сурет

Температураның өзгеруiне қарай өткiзгiш кедергiсi өзгередi. Егер T0 = 273oK (0oC)-да өткiзгiш кедергiсi R0 -ге тең, ал T температурада R -ға тең болса, онда кедергiнiң салыстырмалы өзгеруi, тәжiрибиенiң көрсетуi бойынша, Δ T температураның өзгеруiне тура пропорционал:

(7.7)

мұндағы α - кедергiнiң температуралық коэффициентi, ол сан жағынын өткiзгiштi 1oК қыздырғандағы кедергiнiң салыстырмалы өзгерiсiне тең.

(7.2)-i келесi түрде жазайық:

R = R0(1+ αδ T). (7.8)

Бұл тәуелдiлiк 7.1 суретте көрсетiлген.

1911 жылы Камерлинг-Оннес сынапты бiртiндеп мұздатқанда, оның кедергiсi әуелi сызықты заңдылықпен азайып, ал температура 4,15 К-ге жеткенде кенет 0-ге дейiн төмендейтiнiң ашты. Бұл құбылыс асқын өтгiзгiштiк деп аталады. 0-ге тең емес температурада асқын өткiзгiштiк күйге ауыса алатын материалды асқын өткiзгiштер дейдi.

Асқын өткiзгiштен ток өткенде энергия шығыны болмайды, өткенi асқын өткiзгiштiк күйдегi сақинада бiр қоздырылған электр тогы барынша ұзақ уақыт өзгермейдi.

7.2-сурет

Асқын өткiзгiштер пратикада кеңiнен қолданылады, олар электромагниттерде пайдаланылады. Электромагнитттерде пайда болған магнит өрiсi ұзақ уақыт аралығында болады, өткенi асқын өткiзгiштi орамаларда жылу бөлiну болмайды. Бiрақ асқын өткiзгiштертердiң көмегiмен үлкен магнит өрiсiн құруға болмайтын айта кету керек. Өткенi үлкен магнит өрiсiнде асқын өткiзгiштiк күйi бұзылады. Өткiзгiштен ток өткенде, оның iшiнде және айналасында магнит өрiсi пайда болады. Асқын өткiзгiштен едәуiр ток өткенде, оның асқын өткiзгiштiгi жойылады. Асқын өткiзгiштен едәуiр ток өткенде үлкен магнит өрiсi пайда болады да, асқын өткiзгiштiк жойылады. Сондықтан, әрбiр өткiзгiштiң асқын өткiзгiштiк күйi үшiн оның осы күйiн бiлдiретiн ток күшiнiң кризистiк мәнi болады.

Асқын өткiзгiш магниттер магнитогидродинамикалық генераторларда, элементар бөлшектердi үдеткiш құрылығыларда пайдалынады. Асқын өткiзгiштi электiрлiк берiлiс жолдарын құрылуы зерттелiп жатыр.

Жоғарғы температурадағы асқын өткiзгiштiң ашылуы бүкiл электротехника, радиотехника және ЭВМ – дi конструкциялауда жаңа техникалық төнкерiске жеткiзу мүмкiн.

. Иондық тордың еріткіш молекулаларының әсерінен ыдырауын электролиттік диссоциация деп атайды. Еріткіштің әсерінен иондарға ыдырайтын заттар электролиттер деп аталады.

Нағыз электролиттерге тұздар, қышқылдар, сілтілер мен көптеген органикалық қосылыстар жатады.

Электролиттер ерітінділеріндегі ток – иондардың реттелген қозғалысы.

Ерітінділер немесе электролиттер балқымасы арқылы электр тогы өткенде электродтарда заттардың бөліну құбылысын электролиз деп атайды.

Электролиз кезінде электродта бөлінетін зат массасы электролит арқылы өтетін электр мөлшеріне пропорционал. Бұл заң ФАРАДЕЙ заңы деп аталады.

m=kq=kIt

m – бөлінген зат массасы, кг

q –электролит арқылы өтетін заряд, Кл

k - электрохимиялық эквивалент, кг/Кл

Сергіту сәті «Қара жорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. Топтық жұмыс (суретпен жұмыс) (5 минут)     Электролиз дегеніміз не? Электролиздағы электр тогына мысал келтір? Электр тогын электролиттерде не үшін қолданамыз? Пласмасса пен электролиттегі электр тогын салыстыр? Электролиттегі электр тогын білудің маңызы қаншалықты? t=10 мин аралығында гальваникалық ыдыстан массасы m=0,67г күміс бөлініп шықты. Ыдысқа тізбектей жалғанған амперметр І=0,9 А токты көрсетеді. Амперметрдің көрсетуі дұрыспа? Электролиттердегі электр тогын тасымалдаушылар -... Электролиттер дегеніміз -... Электролиз -.. Фарадейдің І заңы:... Фарадейдің ІІ заңы:...
Шығармашылыққа тапсырма Сөзжұмбақ
Үй тапсырмасы №4 Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
           

 

Пән: Физика Сабақ 44 Сынып 8  
Сабақтың аты §48-49 Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік  
Жалпы мақсаты Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік жайлы мағлұмат беру Оқушыларға газдардың иондану, вакуумдағы электр тогы, электрондық сәулелік түтік туралы. екпінді иондану, плазма, найзағай туралы түсінік беру.  
Күтілетін нәтиже Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік жайлы мағлұмат алады Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтіктің күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді  
Сабақ барысы Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс әрекеті
1. Амандасу Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин. Шаттық шеңберіне тұрғызады Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады  
Сыныпты топқа бөлу 2 мин. Геометриялық фигураларды таңдата отырып,төрт топқа бөледі Оқушылар фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы 4 мин. Миға шабуыл. 1.Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 1. Электролиз жайлы не білесіңдер? 2. Электролит жайлы не білесіңдер? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Газ арқылы электр тогы өтеді деп ойлайсыздар ма? 2. Вакуумде ше?   Топтың бір мүшесі шығып шардың ішіндегі сұраққа жауап береді. Жауап беруге қиналса өз тобынан көмекші шақыруға құқығы бар.   Өзін-өзі тексеру
Жаңа тақырып 7 мин. «Ыстық орындық» Мұғалім «ыстық орындыққа» отырып, оқушылардың тақырыпқа байланысты сұрақтарына жауап береді оқушылар мәтінді оқиды, содан кейін жаңа тақырып бойынша мұғалімге сұрақтар қояды. Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі). Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап, қорғау) Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады. Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинациядеп атайды. Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады. Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow