Берілетін тапсырмалар 12 страница

Ұйымдастырыу Сәлемдесу; Түгендеу; Топқа бөлу; Жағымды психологиялық ахуал туғызу; Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу Үй тапсырмасын тексеру Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, сәйкестіру тест

 

Бөлімі Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Білу     Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау   Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.(сыныпты үш топқа бөлу) Сөз шешу: І топқа - кот, ІІ топқа - декергі, ІІІ топқа - керуен (берілген сөздің дұрысын жазу) 1. Шаманың атауы 2. Белгіленуі 3. Формуласы 4. Өлшейтін құрал 5. Өлшем бірлігі 6. Өлшейтін құралдың шартты белгіленуі 7. Өлшейтін құралдың тізбекке жалғануы 8. Ашқан ғалым кім?
Түсіну   Эл оқулық демонстрация І топ өткізгіштерді параллель жалғау оқу, түсіндіру ІІ топ өткізгіштерді тізбектей жалғау оқу, түсіндіру   1.Тапсырмамен танысады 2.Жұбына түсіндіреді 3.Сұраққа жауап береді, өзі сұрақ қояды. 4.Тақырыпты түсіндіреді. 5.Өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, топтың тақырыпты меңгергенін өзі сұрақ қойып тексереді. 6.Топтар бір-біріне сұрақ қояды 7.Жеке оқушымен жұмыс.  
Қолдану Тақтамен жұмыс. . Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:қыздыру шамдары,үтіктер,электр пештері,электрқозғалтқыштары және т.б.электр құралдарын пайдаланады.Бұлар түрліше жалғанады.Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель. Тізбектей жалғауда:   Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1 = I2 = … = In; U = U1 + U2 + … + Un; R = R 1 + R2 + … + Rn. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды. Параллель жалғау:     Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады. U = U 1 = U 2 = … = Un I = I 1 + I 2 + … + In = + + … + Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.  
Сергіту сәті Дене қимылдарын жасату арқылы сергіту жасату Дене қимылдарын жасату арқылы сергіту жасады
Талдау Тиімді жолмен шығару, қатемен жұмыс. Физикалық диктант. 1. Пайдаланған мені жұрт Отын менен жарыққа Қызмет етем әрқашан Түсіне білген халыққа Жауабы: (Электр тогы) 2. Бойындағы зарядты Ұзақ уақыт сақтайды Реленің күшімен Бүлдірместен баптайды. Жауабы: (Аккумулятор) 3. Ток бар жерде, біреу бар Өлшемі вольт, киловольт Ұмытып кетпе тағы да, Гектавольт пен мегавольт Жауабы: (Кернеу) 4. Аса қажет өмірге халық үшін Пайдаланам күн сайын жарық үшін Жауабы: (Электр шамдары) 5. Мұз жарғыш жүзіп келеді Бауыры қызып келеді Абайла ойып түсер Ондайлар бұзық келеді Жауабы: (Үтік)   6. Шам, плита жұмысын жасай қалды Ал, оның есептен – ақ басы айналды Жауабы: (Электр есептегіш
Жинақтау Тест алу 1. Ток күшінің өлшем бірлігі не? а) 1 А в) 1 В с) 1 Ом д) 1 Ом * м 2. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын элемент. а) Вольта элементі в) Гальвани элементі с) Нейтрондар д) Иондар 3. Аккумулятор қай елдің сөзі? а) Латын в) Грек с) Ағылшын д) Итальян 4. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қайсысы? а) 1В в) 1 Ом * м с) 1 А д) 1 Ом 5. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал: а) Реостат в) Амперметр с) Электроскоп д) Вольтметр 6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы: а) U = IR в) I = c) R = p д) R = 7. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Жалпы кедергісін тап. а) 2,4 Ом в) 3,7 Ом с) 4,2 Ом д) 5,8 Ом   Білімдерін жинақтап, қорытады.
Бағалау Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек; Тренинг «Адам есімінің түстері» Формативті бағалау, өзін- өзі бағалау Мұғалімнің бақылауы Бағалау критерийлері арқылы өздеріне баға береді.
Кері байланыс Үміт ағашына стикер парағын жапсыру арқылы бағалау Оқушылар өз пікірлерін жазады.
Үйге тапсырма § Теоремаларды жаттау № 284, №283(ә) Жан-жақты ізденеді

 

 

Сабақ 39

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты №5 Зертханалық жұмыс
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат беру Ø Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат алады Ø Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды. Электр құрылғыларын тізбектей қосу. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: U=U1+U2+U3+… I1=I2=I3=… R=R1+R2+R3+… Электр құрылғыларын параллель қосу. Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады. I=I1+I2+I3+… U1=U2=U3=… 1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…  
Тапсырмалар Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.16. Сәлемдесу

1.17. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.18. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут )

1. Тізбек жайлы не білеміз?

2. Тізбек түрлері жайлы не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1. Өткен тақырыпқа шолу жасау?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
  Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
  Міндетін атқару        
  Топтық жұмысқа атсалысуы        
           

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Тізбектей жалғау

1. Ампреметрдің және вольметрдің шкалаларымен танысып, бір бөліктің құнын анықтаңдар.

2. Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар. (195-сурет)

3. А1, А2 амперметрлерінің көрсетулерін жазыңдар.

4. V1, V2, Vж вольтмтерлерінің көрсетулерін жазыңдар.

5. Uж=U1+U2 есептеңдер.

6. Бөліктің жалпы кедергісін формулаларымен есептеңдер.

7. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

I1,A I2,A U1,B U2,B R1,Oм R2,Oм Rж,Oм Rж,Oм
               

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар қайталау
Кейінгі оқу қайталау

 

 

Физика Сабақ 40    
Сабақтың аты §42 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы
Жалпы мақсаты Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат беру Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат алады Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылығын ояту

Өткен тақырыпты қайталау:

Тірек-сызбамен жұмыс. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын қайталау.

(слайд арқылы)

 

Тізбектей жалғау

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…

Параллель

жалғау

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…

1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…

2. Сәйкестікті тап! Оқушылар мұнда шамалардың өлшем бірліктерінің сәйкесін табу керек. (слайд

арқылы немесе Инсп. программа арқылы)

 

 

Ток күші м
Кернеу Кл
Заряд Вт
Кедергі А
Жұмыс Ом*м
Қуат В
Уақыт Дж
Ұзындық Ом
Меншікті кедергі с

 

Жаңа сабақ А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,q – заряд; U –кернеу. Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1Аּ1Вּ1с. Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек. ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт. 1Вт=1Аּ1В. Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады. Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады: Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут) Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады. 1. Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй? 2. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер? 3. Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата? 4. Джоуль - Ленц заңы қалай жазылады, түсіндір? Берілген сұрақты топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.) Кітаппен жұмыс. 21-жаттығу (5 мин) №7. Жүкшығырын айналдыратын электрқозғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар. (6кДж) №8. Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300 Кл мөлшерінде электр өтеді. Берілген уақыт мезетіндегі токтың жұмысын есептеңдер. (1520 Вт) 1. Деңгейлік тапсырмалар. (5 мин) №1. Ток күші 3А, кернеуі 220 В желіге қосылған электршәйнегінің қуатын анықта. (660 Вт) №2. Кернеу 220 В, ток күші 5А желіге жалғанған электрқыздырғыш 30 мин жұмыс істегенде, қанша жылу мөлшері бөлінеді? (1980 кДж) №3. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? Ол 1 сағ ішінде қанша жұмыс атқарады? Жауапты Дж және кВт*сағ түрінде беріңдер. (2160МДж және 600кВт*сағ)  
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Ойлан бірік. бөліс» арқылы тақырыпты талдау Тақырыптың мағанасы мен идеясын талдау үшін әр топқа тапсырма беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң екінші топқа ұсынады   Ойлан бірік. бөліс! (7 мин) (Әр топқа әр түрлі Ватты электр лампочкалары беріледі.) Электр шамдарының 1 сағаттағы, 1 тәуліктегі жұмсалатын электр энергиясын есептеңдер. Энергия шығыны қанша тұрады? Құны-14 теңге тұрады. Электр энергиясын үнемдеуде қай шам тиімді? (150Вт-тық шамды жаққанда электр энергиясын үнемдеуде 60 Вт-қ шам тиімді)   Формула құрастыр! (2 мин) 1) 1Дж=1А*1В*1с=1В*1Кл=1А2*1Ом*1с= 2) 1Вт= =1А*1В= =1А2*1Ом Жұптық жұмыс «Есептер шығару» (10 минут) 1. Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ток күші 0, 5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0, 5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды? 2. Троллейбустың электрқозғалтқышы 200 А ток күшін тұтынады және 600 В кернеумен жұмыс істейді. Оның қуаты қандай? 3. Ток күші 5 А желіге жалғанған кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 мин - та қанша жылу бөлінеді? Жұптар өз есебін үлгіге қарап бағдаршам арқылы (1 қатені жасыл, 2 қатені сары, 3 қатеден жоғарыны қызыл түспен) формативті бағалайды.
Шығармашылыққа тапсырма    
Үй тапсырмасы №6. Радиусы 2см,25мм шеңберлер сызу.   Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
         

 

Физика Сабақ 41    
Сабақтың аты §43-44 Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Жалпы мақсаты Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мағлұмат беру Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары н күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы мағлұмат алады Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар.Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары н күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау Миға шабуыл арқылы Сұрақ жауапты пайдалану Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру ,Өткен тақырып аррналған а үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді 1.Электр тогы дегеніміз не? () 2.Ток күші дегеніміз не? () 3. Ток күшінің өрнегі мен өлшем бірлігі қандай? () 4.Электр кернеуі дегеніміз не? () 5.Электр кернеуін қандай құралмен өлшейміз?() 6.Кернеудің формуласымен өлшем бірлігі? () 7.Ом заңын тұжырымдаңдар? () 8.Электр кедергісі дегеніміз не? () 9.Тұрақты токтын жұмысы неге тәуелді? () 10.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады.? ()
Жаңа сабақ Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады. Ол никель мен хромның құймасы – нихром немесе темір, хром және алюминийдің құймасы– фехраль тәрізді меншікті кедергісі үлкен және балқу температурасы жоғары материалдардан жасалады. Қыздырғыш элемент қыздыратын сыммен оралған керамикалық немесе слюда пластинадан тұрады.  
Қыздыру шамы:

1-вольфрам қыл

2-металл шығыс

3-шыны тірек

4-түтікше

5-металл цоколь

6-контакт.

 

Қазіргі қыздыру шамдарының қылдарына балқу температурасы 33700С болатын вольфрам сымдарын қолданады. Қылдың қызу температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шығатын энергияның көп бөлігі жарық түрінде таралады.

Қыздыру шамдарынан кейін өмірге, осы люминесценттік шамдар енген. Люминесценция латынның «жарық» және «әлсіз әсер білдіру»- деген мағынасынан шыққан. Люминесцеттік шам дегеніміз – жарық ағыны негізінен, ультракүлгін сәулесінің әсерінен люминофордың жарқырауынан пайда болған газ разрядтық жарық көзі. Люминесценттік шам жарық беру үшін қолданылады. Оның қыздыру шамдарынан артықшылығы электр энергиясына үнемді келеді, яғни тоқты аз жейді. Сондықтан оны өндірісте, тұрмыста кеңінен қолдануға болады

Люминесцеттік шамдардың жұмыс істеу ұзақтығы қыздыру шамдарына қарағанда ұзақтау келеді. Люминесценттік шамның кең тараған түрі сынапты шам, оның ішкі бетіне люминофор ағылған, әр түрлі формадағы шыны түтік. Түтіктің екі ұшы арқылы оның ішіне спираль тәрізді электроттар енгізілген. Шамның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін, түтік ішіне сынап тамшысы мен белгілі бір мөлшерде инертті газ енгіземіз(аргон - Ar,неон-Ne) Люминесценттік шамды айнымалы ток көзіне қосқанда сынап атомдары электр өрісі әсерінен қозғалысқа түсіп, люминофор қабырғаға соғылып, жарық шығарады. Шамның жұмыс істеу мерзімі 10000 сағат.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow