Берілетін тапсырмалар 14 страница

Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі ток күрт өседі. Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазмадеп аталады. Вакуум – сиретілген орта, онда молекулалар санының аз, олардың соқтығысу ықтималдығы өте аз. Барынша жоғары температура кезінде металдан электрондардың ұшып шығу құбылысын термоэлектрондық эмиссия деп атайды. Вакуумдағы электр тогы термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған элеткрондардың бағытталған қозғалысы түрінде болады. Термоэлектрондық құбылыс қолданылатын қарапайым құралдарға электрондық шамдар жатады. Электрондық-сәулелік түтік деп электр сигналдарын көрінетін кескінге түрлендіретін вакуумдық электронды аспапты айтады.     Білімді бекіту 9 мин.   Газдардағы электр тогы дегеніміз не? Электронды сәулелік түтікшеге мысал келтір? Электронды сәулелік түтікшені не үшін қолданамыз? Газдағы эәне вакуумдегі электр тогын салыстыр? График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз? I,A     200 U,B Топ оқушылары есеп шығарады. Сергіту сәті 2 мин. Сергіту жаттығулары Оқушылар жаттығулар жасайды Постер жасау 5 мин. Жаңа тақырып бойынша постермен жұмыс. «Қоршаған ортадағы түзулер мен жазықтықтар» Постер жасап, қорғайды Қорытындылау 3 мин. Әсерлі камера Пысықтау. Тест тапсыру. (Тестілеу құрылғысымен) 1.Қалыпты жағдайда газдар неліктен жақсы оқшаулағыш болып табылады? 2. Қандай жағдайларда газдар өткізгіштерге айналады? 3. Иондаушыларға мысалдар келтіріңдер. 4. Газдардағы электр тогы дегеніміз не? 3. Екпінді иондану қалай өтеді? 4. Плазма деген не? 5. Термоэлектрондық эмиссия деген не? 6. Оны қалай бақылауға болады? 7. Электрондық сәулелік түтік қалай жасалған? 8. Оның қызметін қалай түсіндіруге болады? С) Шығармашылықа жетелеу. Формасы: Топтағы және жеке оқушының еңбегін бағалау. А) Үй тапсырмасы: Сыныпта талданған жұмыстар негізінде өзіндік жұмыстарын даярлау.     Оқушылар жаңа сабақ туралы соңғы жаңалықтарын 30 секунд ішінде баяндайды Рефлексия 2 мин. Сабақ қалай өтті? Сабақтан алған әсерлерін жазады Үй тапсырмасын түсіндіру 1мин. § 16 оқу, №270 Күнделікке тапсырманы жазып алады Бағалау 3 мин. Түсіндіре сараптай отырып бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басының бағалауы Критерийлері: 1.Теориялық білімді және ережелерді қолдану 2. Есеп шартын талдай алуы, өрнекті (формуланы) дұрыс құра білуі. 3. Есепті шығару деңгейі, жауабын дәлелдей алуы 4. Жеке тапсырмаларды орындауы   0-4 балл - «2» 5-6 балл - «3» 7-8 балл - «4» 9-10 балл - «5»          

 

Сабақтың аты §50-51 Шала өткізгіштер және олардың электрлік қасиетері. Шала өткізгіштердегі электр тогы сабақ 45
Жалпы мақсаты Шала өткізгіштер және олардың электрлік қасиетері. Шала өткізгіштердегі электр тогы жайлы мағлұмат беру : Шала өткізгіштер, олардың қасиеттері мен қолданылуы, шалаөткізгіштердегі электр тогын тасымалдайтын бөлшектер және тағы да басқа жаңа ұғымдармен таныстыру.  
Күтілетін нәтиже Шала өткізгіштер және олардың электрлік қасиетері. Шала өткізгіштердегі электр тогы жайлы мағлұмат алады Шала өткізгіштер және олардың электрлік қасиетері. Шала өткізгіштердегі электр тогының күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды
Үй тапсырмасын тексеру     «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. бағалату   Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, смайлиқтер арқылы бағалайды. Оқушы әр сұрақтарға жауап беру үшін §28, 29 бойынша еске түсіреді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында, оқушыларға таратпалар беріледі. Әрбір таратпада 1 кесте, сұрақ беріледі. Таратпалары тексеріліп, әрбір тапсырмаға баға қойылады.
Заттар электр тогын тасымалдайтын бөлшектер
металдар  
электролиттер  
газдар  
вакуум  

2. а) Плазма дегеніміз не?

ә) Қандай құбылыс «темоэлектрондық эмиссия» деп аталады?

3. а) Электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы ________________________ деп аталады.

ә) Электрондар бейтарап атомдар және молекулалармен қосылып, теріс ион түзеді. Бұл процесс ____________ деп аталады.

4. а) «Газдардағы электр тогы» дегеніміз не?

5. а) Жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы _____________ деп аталады.

ә) Қандай құбылыс «темоэлектрондық эмиссия» деп аталады?

 

 

Проблемалық жағдай туғызу Жаңа білімге қатысты тақтадағы сызбалар ұсынып, пікір алмасу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ). Теоремалар мен қасиеттер дәлелдеусіз ұсынады. Көрнекі құралдар арқылы көпжақтардың қасиеттерін жақсы меңгеріп, кеңістік денелерін сала білуде қолдануға бейімделеді.
Тапсырманы орындау Оқулықпен топтық жұмыс Оқушылар оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды. Жаңа сабақ. Шала өткізгішті диод деп қарама-қарсы жақтарына тізбекке қосу үшін контактілер жалғастырылған, электронды-кемтіктік ауысу болатын шала өткізгішті кристалы бар құрылғыны айтады. Шала өткізгішті диод екі бөліктен тұрады. Оның бір бөлігі –кемтіктік, ал екіншісі –электрондық өткізгішке ие. Ә -суретте шала өткізгішті диодтың шартты белгісі. Ток көзінің оң полюсін шала өткізгіштің элктрондық өткізгіштігі бар бөлігімен, ал теріс полюсін шала өткізгіштің кемтіктік өткізгіштігі бар бөлігімен жалғасақ, диод арқылы ток өтпейді. Диодты осылай қосу кері қосу деп аталады.Кері қосуда ток көзінгің электр өрісі кернеулігінің бағыты элеткронды –кемтіктік ауысудың электр өрісі кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді. Қорытқы өрістің кернеулігінің күштілігі сонша, ол арқылы электрондар мен кемтіктердің өтуі тоқталады. Аймақтардың шекарасы тұсында пайда болатын электр өрісі электронды-кемтіктің ауысу өрісі немесе жапқыш өріс делінеді.   Диодтың з-типті шалаөткізгіші ток көзінің оң полюсімен, ал п-типті шалаөткізгіш –осы ток көзінің теріс полюсімен жалғанса, ток көзінің электр өрісі р-п ауысудың жапқыш өрісін әлсіретеді. Осының нәтижесінде кемтіктер мен электрондар бір жақтан екіншісіен өтеді және тізбекпен электр тогы жүреді. Диодты осылай қосу тіке қосу деп аталады. Шалаөткізгішті диод бір жақты өткізгіштікке ие және көбіне айнымалы токты түзету үшін қолданылады.    
Эвристикалық тапсырма Берілген сөйлемдерде сабаққа қатысты емес сөздерді табу. №1 Қайсысы артық? 1.Қоспалар, бор, терморезисторлар, генераторлар, германий 2. Қоспалық өткізгіштік, гальвоностегия, фосфор, тұрақты электрондар 3. Электрондық қоспалық өткізгіштік, плазма,сурьма, кемтік. №2 Қайсысы артық? 1. Мышьяк, органикалық қосылыстар, валентті электрондар, меншікті өткізгіштік, жұлдыздар. 2. Күкірт, кемтік, электролиз,р-типті шалаөткізгіштер, сыртқы электрондар. 3. Темір, йод, қоспалар, кемтіктік қоспалық өткізгіштік (қателері тексеріліп, бағаланады)      
Білімді жинақтау және жалпылау Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну «Формулаларды еске түсіру мақсатында, «Формуланы білесің бе?» атты сандықтағы карточкаларды алып, формулаларды жазу. №1 1. Фарадей заңын өрнекте. 2. Өткізгіш боймен ток жүргенде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшерін табатын формула. №2 1.Ом заңын өрнекте. 2.Қуатты есептеп табатын формулалардың бірін жаз. №3 1.Ток күшін уақыт арқылы табатын формула. 2.Кернеуді жұмыс арқылы қалай өрнектейміз? №4 1.Ом заңы арқылы кедергіні қандай формуламен есептейміз? 3. Электрохимиялық эквивалентті қалай табамыз 1. Пысықтау. 2. Шалаөткізгішті диод деген не? 3. Оның қасиеттері қандай? 4. Ол қандай қызмет етеді? 5. Шала өткізгішті диод неге бір жақты өткізштікке ие? 6. Электрондық –кемтіктің ауысу нені білдіреді? 7. Ол қандай процесс арқылы құрылады?   Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау  
Бағалау: Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын қояды.  
Үйге тапсырма §30, Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады  
Рефлексия Оқушыларға "смайликтер" арқылы сабақты бағалауды ұсыну Оқушылар "смайликтер" арқылы сабақтан алған әсерін бағалайды  
           

 

  Сабақ 46    
Сабақтың аты §52-53 Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі
Жалпы мақсаты Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы мағлұмат беру Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы білім дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
Күтілетін нәтиже Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы мағлұмат алады Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісінің күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз. Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Бағалау парақшасымен таныстыру Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген. Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады
Үй тапсырмасын пысықтау Сұрақты ұстап ал!» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. бағалату Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, смайлиқтер арқылы бағалайды. Оқушы әр сұрақтарға жауап беру үшін §30 бойынша еске түсіреді. Үй тапсырмасын тексеру. Қойылатын сұрақтар: 1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады? 3. Қандай электрлік үш шаманы білеміз? 4. Ток күші деп нені айтады? Өлшем бірлігі, анықтамасы? 5. Кернеу дегеніміз не? Өлшем бірлігі, анықтамасы? 6. Өткізгіштің кедергісі деп нені айтады? Өлшем бірлігі, анықтамасы? 7. Өткізгіштерді қандай екі тәсілмен қосуға болады? Өткізгіштерді қосудың белгілері? 8. Электр тогының жұмысы дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі? 9. Электр тогының қуатын қалай есептейді? Өлшем бірлігі, формуласы? 10. Джоуль Ленц заңы қалай айтылады? 11. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
Жаңа сабақ   . Тұрақты және қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтамыз. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады. Тұрақты магниттердің қасиеттері Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар Солтүстік: N Оңтүстік: S Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады. Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді. Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады. Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады. Аномалия - ауытқулық Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы. Жерде едәуір магнит өрісі бар екені, оны жер бетіне жақын, әр нүктеде істікке бекітілген немесе жіпке ілінген магнит тілшесінің бір ұшы солтүстікті, екіншісі оңтүстікті көрсетіп орналасатынына қарап білуге болатыны бізге мәлім. Бұл магнит тілшесі жердің магниттік сызықтарын бойлай орналасатынын білдіреді. Жердің магнит полюстері географиялық полюстерімен сәйкес келмейді және уақыт өтумен өз орнын өзгертеді. Жердің оңтүстік және солтүстік екі полюсі бар. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады. Ең бір үлкен магниттік аномалия Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады. Жердің магнит өрісі планета төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктегі физикалық жағдайларға едәуір әсер етеді. Ол жер бетін тіршілік иелеріне зиянды әсер ететін ғарыштық сәуле шығарудан қорғайды. Бірақ кейде күннің белсенділігі күшейген кезде Күн бетінен магнит өрісі жердің магнит өрісін өзгертетін және магнит дауылдарын тудыратын зарядталған бөлшектер ағыны шығарылады. Магниттік қасиеттер тек жерге ғана емес, басқа аспан денелеріне де тән. Күнді зерттеу онда магнит өрісі бар екенін көрсетті. Күн атмосферасында болып жатқан көптеген құбылыстар (қара дақтардың, факельдердің протуберанцтардың пайда болуы және т.б.) жергілікті күшті магнит өрістерінің пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты. Бұл аймақтар белсенді аймақтар деп аталады. Сонымен, Күнде қара дақтар бірнеше күннен бірнеше айға дейін көрінетін тұрақсыз, айнымалы аймақтар бар. Дақтар негізінен тобымен байқалады. Күннің айналу бағытымен бірінші орналасқан дақ басы, соңғысы құйрығы деп аталады. Бұл дақтардың қарама-қарсы полюстері бар, мысалы, біріншілері солтүстік, ал соңғылары оңтүстік магниттік полюске ие. Осылайша дақтар тобы зор магнитті құрайды. Дақтардың магнит өрісі күннің жалпы магнит өрісінен мыңдаған есе артық. Жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы – магниттік дауылдар. Магнит өрістері жұлдызаралық кеңістікте де бар. Олар жердің магнит өрісінен ондаған мың есе әлсіз, бірақ ұзыннан ұзаққа созылған, сондықтан жұлдызаралық кеңістіктегі бөлшектердің қозғалысына үлкен әсер етеді. Айда, Шолпанда магнит өрісі жоқ. Марста Жердегіге қарағанда 500 есе әлсіз магнит өрісі табылып отыр және оның полюсі Жер өрісінің полюсіне қарама-қарсы.  
Сергіту сәті «Қара жорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс .  
Э            
    Л      
  Е      
  К        
Т              
      Р          
  О          
  М        
        А    
Г                
            Н    
И                
  Т          
                                                 

 

 

1. Электр тогымен магнит тілінің өзара әсерін алғаш байқаған ғалым.

2. Магниттің ең күшті магниттік әсерлері байқалатын жері.

3. Әлсіз токпен жұмыс істейтін, оның көмегімен күшті тогы бар электр тізбегін басқаруға болатын құрылғы.

4. Дүниедегі ең бірінші әріп басатын телеграф аппаратын ойлап шығарушы.

5. Дыбысты алысқа жеткізуге мүмкіндік беретін құрал.

6. Дыбысты зорайтқыш, әрі зор қашықтыққа жеткізетін құрал.

7. Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш.

8. Темір молекуласының магниттелуін электр тогы арқылы түсіндірген ғалым.

9. Жер бетін бағдарлауға керекті, негізгі бөлігі магнит тілі болатын құрал.

10. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина.

11. Телефонның және микрофонның негізгі бөліктерінің бірі.

12. Магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит.

13. Генератордың қозғалмайтын бөлігі.

Сабақты бекіту.

1.Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді

Шығармашылыққа тапсырма  
Үй тапсырмасы Қайталау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау парақшасын толтырады
         

 

Сабақ 47

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты Есептер шығару
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы мағлұмат беру Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы мағлұмат алады Ø Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Тұрақты магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow