Нег. ауруы: Екіншілік Аддисон ауруы (туберкулезді этиологиялы?), ауыр барысты

Асқ.: Аддисондық криз.

2. Жедел жәрдем шақыру, шұғыл госпитализацияға құжаттарын дайындау; 103 келгенге дейін вена ішіне Дексаметазон 12 мг енгізу.

№31. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Феохромоцитома, криздік ағымды.

Асқ: Гипертензиялық криз, асқынбаған.

2. Кризді фентоламинмен немесе бета-адреноблокаторлармен басуға әрекеттену; эндокриндік орталыққа шұғыл госпитализациялау.

№32. Жауаптары:

1. Гиперкортицизм, АГ, полидипсия және гипергликемия, лейкоцитоз, бүйректік шаншу.

2.Болжам диагнозы: Гиперкортицизм (гипофиз аденомасынан, сонан соң кортикостеромадан, сонан кейін ғана – кортикотропинпродукциялаушы қатерлі ісіктен күдіктенеміз).

3. Эндокринолог кеңесі, эндокринологта емделу.

№33. Жауаптары:

1. Жүргізілген паратиреоидэктомия клиникасын жақсартпаған, яғни, гиперпаратиреоидоз нақталмаған.

2. Гиперкальциемия және ПТГ шамалы жоғарылауы гиперпаратиреоз туралы ой туғызғанмен, несеппен кальций экскрециясының өте төмен болуы жанұялық гипокальцийуриялық гиперкальциемиядан күдіктендіреді.

3. Аутосомды-доминантты бұзылыс кальцийдің клетка арқылы транспортының бұзылысына бастайды, ол өз кезегінде ПТГ секрециясының супрессиясын шақырады.

 

 

№34. Жауаптары:

1. Жүргізілетін зерттеулер: эстрадиол, ЛГ, ФСГ, пролактин, ТТГ.

2. Эстрадиолдың өте төмен деңгейі, гонадотропты гормондардың жоғарылауы біріншілік аменореямен және бойының кішілігімен біріге Тернер синдромынан күдіктендіреді.

3. 45 ХО кариотип, аналық бездерінің дисгенезімен сипатталады.

 

№35. Жауаптары:

1. Әйелдің овуляциясы, фаллопий түтіктері қалыпты болғанымен, онда бедеулік бар. Прогестеронның төмен деңгейі мен эндометрийінің жетілуінің баяулауы – сары дененің пісіп жетілу фазасының дефектін көрсетеді.

2. Сары дене прогестеронның жеткілікті мөлшерін синтездей алмағандықтан, ұрықтанғанмен имплантация мүмкін болмайды, себебі эндометрий жағдайы мұны және жүктіліктің әрі дамуын қамсыздандыра алмайды.

3. Эндокринолог кеңесі, эндокринологта емделу.

№36. Жауаптары:

1. Жанұяларда кездесетін қалқанша безінің рагі – медуллярлы карцинома. Диарея науқастардың 33% кездеседі. Қалқанша безінің С-жасушаларынан өнетін бұл ісіктің кальцитонин өндіретін қабілеті сақталатындықтан, оны анықтауды диагноздық және ем нәтижелілігін бағалауда қолданады.

2. Онколог кеңесі, ем тактикасы жіңішке инелік биопсия мен гендік мутацияларды анықтаудан басталады. Мутация анықталса қандас туыстарының барлығына скрининг жүргізу керек.

№37. Жауаптары:

1. Артериялық гипертензия, гипокалиемия, қан көлемін көбейткенде де азаймайтын альдостеронның жоғары деңгейі, және төртіншісі – рениннің төмен деңгейі. Бұл төрт тұжырымдар – біріншілік гиперальдостеронизмге нұсқайды.

2. Бүйрек үсті бездерінің альдостерон продукциялайтын аденомасы немесе бүйрек үсті бездерінің екі жақты гиперплазиясы.

3. Қан сары суының калийінің базальді деңгейінің өте төмен болуы; 4 сағаттық вертикаль қалыптан соң плазмадағы альдостерон деңгейінің едәуір төмендеуі мен 18-гидроксикортикостерон деңгейінің жоғары болуы – бүйрек үсті безінің аденомасын нақтайды.

№38. Жауаптары:

1. Науқаста эстрадиол мен гонадотропин деңгейі төмен, бұл жағдайда дамитын аменорея оның гипоталамустық екендігіне негіз болады.

2. Үлкен физикалық күштемеден езгі көретін және ширығып жұмыс істейтін әйелдерде гипоталамуспен ГРГ (гонадотропин-рилизинг-гормонның) пульс-секрециясының жиілігінің төмендеуінен дамитын дерт.

3. Эндокринологке кеңеске және емге жіберу, қадағалау.

№39. Жауаптары:

1. Ммоль/л көрсеткіштерімен қан глюкозасы қалыптыда 3,9 бен 5,5 ммоль/л аралығында; ал мг/дл қалыпты көрсеткіштері – 70-99. Науқастың глюкозасы мг/дл көрсеткішпен 5-7 есеге төмендеген; ммоль/л көрсеткішіне баламасы 0,78-1,1 тең. Яғни, өте айқын гипогликемия.

2. Гиперинсулинемиялық гипогликемия.

3. Инсулинома; инсулин инъекциясы; сульфонилмочевина туындыларын немесе пентамидинді ішке қабылдау.

4. Қан сары суының С-пептиді және проинсулин деңгейінің жоғары болуы.

№40. Жауаптары:

1. Науқаста екіншілік аменорея, эстрадиолдың төмен, гонадотропиннің едәуір жоғары деңгейлеріндегі.

2. Аналық бездерінің уақытынан бұрынғы шамасыздығы; аналық бездерінің резистенттілік синдромы.

3. Науқаста аутоиммунды дерт бар (қантты диабет) болғандықтан, аналық бездерінің уақытынан бұрынғы шамасыздық диагнозы нақталады.

№41. Жауаптары:

1. Глюкагономаға.

3. Ұйқы безінің альфа-жасушалары.

№42. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Қантты диабет, инсулинге тәуелді түрі, ауыр барысты, декомпенсацияланған.

Асқ.: Кетоацидоздық кома.

2. Шұғыл түрде реаниматология бөліміне жатқызу, эндокринолог кеңесін шұғыл ұйымдастыру:

 

№43. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Қантты диабет, инсулинге тәуелді түрі, ауыр барысты, декомпенсацияланған.

Асқ.: Гипогликемиялық кома.

2. Реанимация бөліміне шұғыл жатқызу.

№44. Жауаптары:

1. Нег. ауруы: Қантты диабет, инсулинге тәуелді түрі, декомпенсацияланған, ауыр барысты.

Асқ.: Гиперосмостік (гипергликемиялық) кома.

2. Реанимация бөліміне шұғыл жатқызу.

№45. Жауаптары:

1. Хашимотоның созылмалы аутоиммунды тиреоидиті.

2. Жалпы клиникалық тексерулер: ҚЖА (ЭТЖ жоғарылауы); НЖА (қалыпты); Т3, Т4 (төмендеген), ТТГ (жоғарылаған) деңгейлерін анықтау; ЛОР кеңесі – дауыс желбезектері өзгермеген.

3. Тиреоидты гормондар тағайындалып, гипотиреоз клиникасының жойылуы мен ТТГ деңгейінің төмендеуі (оның зобогенді әсерін тежеу мақсатында) қадағаланады. Диспансерлі бақылау. Түйін өлшемдері кемімесе жіңішке инелік пункция, гистология – нәтижесіне байланысты жоспарланады.

№46. Жауаптары:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: