Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 18 страница

Медициналык тәжірибеде тестостеронныц препараттарын: тестостерон пропионаты және тестэнатты кеңінен қолданады.

Оларды пайдалану көрсеткіштері: гипогонадизм, ерлердегі матологиялық менопаузалар, бедеулік, белсіздік (алмастырушы терапия); остеопороз; жатырдын катерлі ісігі мен миома, сүт безі мсн аналық бездің обыры.

Жанама әсерлері: жыныстық қозғыштық, әйелдердегі маскули- пизация белгілері, гепатоуыттылық, ісінулер және т.б.

Антиандрогендер (ципротерон, флутамид) андрогенрецепторларды тежейді, яғни тестостеронныц дигидротестостеронға ауысуын бұзады. Оны куық асты безінің обырында, балалардың ерте жыныстык жетілуінде, әйелдердегі шамадан тыс андрогенизация орын алганда қолданады.

Анаболиктік стероидтар — құрылымы стероидты синтетикалык заттар, екі түрлі жеке дара әсерлерге ие: анаболиктік және андрогендік. Анаболикалық стероидтардың андрогендік қасиеттері айтарлықтай төмен, анаболиктік әсері қазір қолда бар андрогендерге қарағанда өзгертілмеген немесе жетілдірілген.

Анаболизмдік стероид ретінде ретаболил (нандролон), силаболин қолданылады. Бұл топтағы препараттардың негізгі қасиеті акуыз алмасуына әсері болып табылады. Ақуыздың құрылымдық (бұлшықет, сүйек және баска да тіндердегі) және ферменттер сияқты түрлерінің синтезі артады. Анаболиктік стероидтар тіндердің тыныс алуын реттеп, АТФ калыптастыруды артты­рады, бауырдың ақуыз синтездеу және уытқа карсы қызметін жақсартады. Препарат эритропоэз бен лейкопоэзді арттыра­ды, трофикалык ойық жара кезінде тері зақымдануын және тері жамылғысын қалыпқа келтіреді, сүйектік сүйелдің қалыптасуын жылдамдатады. Анаболиктік стероидтардың негізгі қолданылуы — әртүрлі мүшелердегі репаративті үдерістерді ынталандыру үшін
және жаракаттан, ауыр операциялардан, инфекциялар мен уланулардан кейінгі оңалту кезінде пайдаланылады.

Жеке фармакология

Анаболиктік стероидтардың ең қауіпті жанама әсері — бауырдың зақымдануы болып танылады. Анаболиктік әсерден бауырдағы қан ұю факторларының синтезі артады, сондықтан олардың пайдалану аясы тромбофлебит пен эмболияға бейімділігі бар науқастарда шектеледі.

ДӘРУМЕНДІ ПРЕПАРАТТАР

Дәрумендер туралы ілім XIX аяғы мен ХХғасырдың басына қарай авитаминоздың нәтижесі болатын аурулар көптен белгілі болған кезде дами бастады. Ал осыдан 2500 жыл бұрын кытайлықтар бери- бери ауруын (В1 авитаминозы) және т.б. ауруларды сипаттап кеткен.

Дәрумендер — ферментативті катализ тетіктерін іске асыру үшін, гомеостазды тұрақтандыру үшін, калыпты зат алмасу және ағзаның өмірге маңызды қызметтерін биохимиялық камтамасыз ету үшін қажет төмен молекулалы қосылыстар.

Түрлері:

•  шын дәрумендер бөлінеді:

- суда еритін дәрумендер (аскорбин қышқылы — С дәрумені, В тобының дәрумендері: тиамин — В1рибофлавин — В2, пиридоксин туындылары — В6, кобаламин туындылары — дәрумен В12, ниацин туындылары — РР, фолацин туын­дылары — фоль қышкылы, пантотен қышқылы, биотин);

- майда еритін дәрумендер — А, Д, Е, К;

• Дәрументәріздес заттар — холин, инозит, липой, орот қышқылы, карнитин, биофлавиноидтар, пангам кышқылы, Uдәрумені, параминобензой қышқылы (ПАБҚ). Бұл заттар тапшылығы айқын көрінетін бұзылыстарға әкелмейді немесе қызметі жағынан дәрумендерден гөрі басқа ауыстырылмайтын тағамдық заттарға жақын болып келеді.

Өздері дәрумен емес қосылыстар, бірақдәрумен синтезінің алғы заты, яғни провитаминдеріне жатады, мысалы, ағзада А дәруменіне айналатын каротиноидтар және т.б.

Бұдан басқа байланыстырушы немесе бұзатын қасиеті бар зат­тар (мысалы, аскорбатоксидаза, тиаминаза, жүмыртқа нәруызы — авидин), белсенділігін басатын препараттар (мысалы, туберкулезге карсы изониазид), яғни антидәрумендер бар.

Көптеген дәрумендер ағзада синтезделмейді, тағаммен түсіп отырады. Олардың тағамда жеткіліксіз болуы, сіңірілуінің бұзылуы немесе аса жоғары қажеттілікте дәрумен жеткілісіздігі туындайды. Қаншалықты жеткіліксіз болғанына қарай дәрумен
жеткіліксіздігінің келесі белгілері болады: авитаминоз, гиповита­миноз, прегиповитаминоздық жағдай.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Авитаминоз тағамда дәрумен болмауынан немесе тағам құрамындағы дәруменді ассимиляциялауға қабілетсіз болғанда пайда болады және арнайы ауыр клиникалық көріністермен сипатталады (цинга, рахит, бери-бери жэне т.б.)

Гиповитаминоздар — айқын емес клиникалық көріністермен (мысалы, А гиповитаминозы «ақшам соқыр») сипатталатын ағзаның дәруменге қажеттілігі толық камтамасыз етілмеген айқын жетіспеушілік жағдай. Сонымен қатар дәрумен жетіспеушілігінің жасырын формалары кездеседі. Бұл — арнайы клиникалык әйгіленімдері жоқ, бірақ бейарнайы клиникалық әйгіленімдер: жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұйқышылдық, жұмыс кабілетінің, иммунитетінің төмендеуі көрінетін прегиповитаминоздықжағдай.

Осы жағдайларда күндік қажетті дозасына сәйкес дәрумен пре- параттарын енгізеді. Дәрумен жетіспеушілігімен байланысты емес ауруларда және де ағзаның физиологиялық қызметіне, зат алмасу­ына әсер ету үшін бағытталған емшараларда дәрумендік препараттарды күндік мөлшерден айтарлықтай асатын дозада қолданады.

Клиникалық практикада дәрумендік препараттардан басқа оған қарағанда тез және айқын әсер ететін коферменттер немесе оның алғы заттары да қолданылады.

Тиамин (В1дәрумені) — негізінен көмірсу және май алмасуын реттеуге қатысады, кардиотрофикалық, кардиотоникалық қасиетке ие, антиневриттік әсер көрсетеді. Егер дәрумен жетіспесе, полинев­рит, бұлшықет әлсіздігі дамып, кардиотоксикалық метаболит пайда болады. Ал авитаминозында бери-бери ауруы туындайды.

В1 дәруменінің препараттары: тиамин бромиді, тиамин хлориді, коферментті препарат — кокарбоксилаза. Тиамин бромидін мен тиа­мин хлоридін В1 гипо және авитаминозында, невритте, радикулитте, невралгияда, шеткі салдануда және т.б. алдын алу және емдеу үшін қолданады. Ішке және парентералды енгізуге тағайындайды. Препараттар уыттылығы аз, кейде аллергиялық реакциялар болдыруы мүмкін. Вбдәруменімен бірге бір шприцте енгізуге болмайды, себебі пиридоксин тиаминнің фосфорлануына кедергі келтіреді, сонымен бірге В12 тиаминнің аллергиялыққасиетін арттырады және құрамындағы кобальт В1 дәруменін бұзады. Тиамин хлориді тітіркендіргіш қасиетке ие, сондықтан балаларға қолдану шектелген.

Кокарбоксилазаның биологиялық қасиеттері тиаминнің қасиеттерімен сәйкестігі толықемес, В1 авитаминозы мен гиповитаминозын емдеуде қолданылмайды. Оны шығу тегі диабеттік ацидозда, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінде, созылмалы өкпе-жүректік синдромда болатын тыныстық ацидозда,
диабеттік және бауырлық комада коронарлық қан айналым жеткіліксіздігінде және т.б. қолданады.

Жеке фармакология

Рибофлавин (В2дәрумені) қалыпты нәруыз алмасуына қажет, өсуді, гемоглобин синтезін үдетеді, ағзаның арнайы емес тұрақтылығын, қараңғылыққа бейімделуді, көрудің өткірлігін жоғарылатады. Күнделікті тағамында В2дәруменінің мөлшері азайғанда немесе мүлдем жоқ болғанда адамда гипорибофлавиноз, кейін арибофлавиноз дамиды. Сонымен бірге тәбеттің төмендеуі, салмақтың жоғалуы, бас ауру, терінің күю сезімі, көздегі ауру сезімі, ақшам соқырлык, ауыздың бұрыштарында, төменгі ерінде ауру сезімі, жарылулар (бұрыштық стоматит), тіл құрғайды, ақшыл қызыл түсті болады, мұрын-еріндік қыртыстардың себорейлік дерматиті; фотофобия, конъюнктивит, блефарит байқалады. Рибофлавинді гипо- және арибофлавинозда, гемералопияда, конъюнктивитте және басқа көз ауруларында, ұзақ жазылмайтын жаралар мен жарақаттарда, жалпы тамақтану бұзылыстарында және т.б. қолданады. Жергілікті, ішке және парентералды енгізуге тағайындайды.

Пантотен қышқылы(В5дәрумені) табиғатта кең таралған, сондықтан оның жетіспеушілігі сирек кездеседі. Пантотен қышқылы уытты заттарды уытсыздандыру үдерістеріне, майдың ыдырауына, фосфолипидтер синтезіне қатысады, әсіресе эмбрионалды даму кезеңінде өсуді үдетеді, секреция мен ішек перистальикасын реттейді.

Кальций патотенат препаратын алмасу бұзылыстарымен бай­ланысты патологиялық жағдайларда: жүктілік токсикозында, метаболизмдік бұзылыстарда, ішек кызметінің бұзылыстарында қолданады. Уыттылығы аз, кейде құсу, лоқсу тудырады.

Ниацин (РР дәрумені) құрамына никотин қышқылы және никотинамид кіреді. Ниацин жүрек-қантамырлары жүйесіне (жүрек жұмысын ынталандырады, қан ағынын жылдамдатады, перифериялық тамырларды кеңейтеді), ми функциясына әсер етеді (тежегіш үдерістерді арттырады немесе концентрлейді), дезинтоксикациялық қасиеті бар, микроциркуляцияны жақсартады, қалқанша безі және бүйрек үсті бездерінің қызметін және гемопоэзді ынталандырады т.с.с. Жоғары концентрацияда гиполипидемиялық әсер танытады.

Адамда РР дәруменінің тапшылығы пеллаграның дамуына ықпал жасайды, ол деменция (ақыл кемістігімен), диарея және дерматитпен сипатталады. Тағайындалуы: пеллаграның алдын алу және емдеуде, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, бауыр ауруларында (жедел және созылмалы гепатит және цирроз), перифериялық қан тамырлардың ауыруларында (Рейно ауруы, эндартеритте жэне т.б.), атеросклерозда және т.б.

Ниацин препараттары никотин қышқылы менникотинамидті парентералды және ішке қабылданады (ас ішкеннен кейін). Көктамырға баяу енгізеді. Никотин қышқылын тері астына және бұлшықетке енгізгенде ауру сезімі пайда болады. Никотин қышқылы (ашқарынға қолданғанда немесе сезімталдығы бар тұлғалар қабылдағанда) тұлға жоғарғы бөлігінің және бет әлпеттің қызаруын, бас айналу, бастың қанға толысу сезімін, есекжем, парестезияға себеп болуы мүмкін, олар өздігінен басылады. Никотин қышқылын көктамырға жылдам енгізгеннен артериялык қан қысымының қатты төмен түсуі мүмкін. Никотин қышқылын көп мөлшерде ұзак уақыт пайдаланса, бауырдың майлы дистрофиясына алып келуі мүмкін. Аталған асқынуды болдырмау үшін диетада метионинге бай тағамдарды қолдану қажет немесе метионинді және басқа липотропты заттарды тағайындау ұсынылады. Никотин қышқылына сезімталдығы жоғары адамдарға никотинамид берілуі керек, тек никотин қышқылын вазодилятаторлық зат ретінде пайдаланған кезді есептемегенде. Никотинамид инъекция жасағанда жергілікті реакциялар тудырмайды, оны қолданғанда вазодилятаторлық әсер мен терінің қызаруы байқалмайды, бастың қанға толысу сезімі де айқын емес.

Алмасу үдерістеріне өсер ететін дәрілік заттар

Пиридоксин (В6дәрумені) аминқышқылдары мен нәруыз алма­суын реттеуге қатысады, гемопоэз, әсіресе лейкопоэзді үдетеді. Орталықжәне шеткі жүйке жүйесінің қалыпты қызметін қолдап, моноаминдер алмасуында (гамма-аминомай қышқылы, катехола­мин), май алмасуында (липотропты эсер) маңызды рөл атқарады.

Әр түрлі ауруларда: гиповитаминозда, жүктілердің токсикозында, анемияларда, этиологиясы әр түрлі лейкопенияларда жүйке жүйесінің ауруларында (паркинсонизм, кіші хорея, радикулит, неврит, невралгия) және т.б. ауруларда қолданады. Пиридоксин изониазидті және басқа туберкулезге қарсы препараттардың уыттылығыныңалдын алады немесе оны азайтады (әсіресе полиневриттер). Пиридоксинді ішке (астан кейін), тері астына, бұлшықетке және көктамырға енгізеді.

Фолацин (фоль қышқылы, Вс дәрумені) эритро жэне лейкопоэзді, эмбрионның өсуі мен дамуын, трофикалық және регенеративті үдерістерді ынталандырады, липотроптық қасиеті бар, тіпті ағзаны химикаттардан, радиациядан, микроорганизмдерден қорғайды.

Макроцитарлықанемияларда, жүкті әйелдердегі мегалобластықанемияларда (фоль қышқылымен бірге), интоксикациядан гемопоэздың тежелуінде, өндірістік улармен (бензол және т.б.) шақырылған лейко және гранулоцитопенияларда, медикаменттермен артық дозаланғанда (сульфаниламидтер жэне т.б.), рентгеннен артық, сәулеленгенде қолданылады. Жүктілік кезіндефоль қышқылын қабылдаса, ұрықтың жүйке түтігінің қалыптасу ақаулары болмайды.

Жеке фармакология

Цианокобаламин (В|2дәрумені) эритроциттердің пісіп жетілуі үшін және қалыпты гемопоэзге қажет болып табылады, нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың синтезін және регенеративті үдерістерді ынталандырады, бауыр мен жүйке жүйесінің қызметіне оң әсер етеді (трофикалык және қабыну ауруларында).

Цианокобаламинді қатерлі қан аздықта және анемияның басқа түрлерін емдеу үшін пайдаланады. Сондай-ақ сәулелік ауруда, шала және жаңа туылған нәрестелердегі инфекциядан кейінгі дистрофияларда, бауыр ауруларында және т.б тағайындайды. Цианокобаламинді парентералды енгізеді. Дәрумен ерітіндісін В1, В6, В12 дәрумендерімен ұштастыра (бір шприцте) қолдану ұсынылмайды.

Цианокобаламиннің көтерімділігі, әдетте, жақсы. Препаратқа жоғары сезімталдық болған жағдайда аллергиялык, құбылыстар, жүйке қозғыштығы, жүректің ауруы, тахикардия туындауы мүмкін. Осы үдерістер орын алса, препаратты қабылдауды уақытша тоқтату қажет, одан кейін шағын дозада тағайындаған жөн. Жүйелі түрде қан анализін талдаған жөн: қанның ұюын бақылау және тромбоздарға бейімділігі бар адамдарға қолданғанда, сақ болған жөн. Өткір тромбоэмболиялық аурулары бар науқастарға В|2 дәруменін енгізудің қажеті жоқ.

Пангам қышқылы (В15 дәрумені) жасушаларды оттегілік ашығудан қорғайды, антигипоксиялыққасиетке ие, метил топтарының доноры болып табылады, сондықтан бауырдың майлы дистрофиясын алдын алады, уытқа қарсы әсері бар. Кальций препараты пангаматты әр түрлі созылмалы ауруларда пайдаланады (гепатит, созылмалы алкогольдік улану, атеросклероз жэне т.б.). Препараттың көтерімділігі жақсы.

Аскорбин қышқылы (С дәрумені) биологиялық маңызы зор. Ол айқын көріністегі қалыпқа келтіруші қасиеттерге ие, нуклеин қышқылдарының және ақуыздардың синтезі үшін қажет, темірдің ішекте сіңуін жэне фолий қышқылының белсенді тетрагидрофоль формасына ауысуын жеңілдетеді, бейспецификалық иммунитетті арттырады, тамыр қабырғасын қалыңдатады, антиоксиданттық қасиеттерге ие, бауырдың синтетикалықжәне дезинтоксикациялық қызметтерін жақсартады және т.б.

Ағзада жетіспеуі немесе болмауы гипо- немесе авитаминоз (цинга) туындатады. Қолданылуы: цинганың алдын алу және емдеу үшін, геморрагиялық диатездерде, қан кетулерде; жұқпалы аурулар мен улануларда, сондай-ақ күшті физикалык жұмыстарда, ақыл-ой жүктемесінде, жүктілік пен лактация кезінде, атеросклерозда
пайдаланылады. Аскорбин қышқылын (тамақ ішкеннен кейін) бұлшықетке немесе көктамырға енгізеді.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Аскорбин қышқылының көтерімділігі жақсы. Көп мөлшерде ұзақ қолданғанда, аскорбин қышқылы ұйқы безінің инсулярлық аппаратын зақымдайды, сондықтан оның функционалдық жағдайын бағалап отырған жөн, ал жоғары дозада емдеу кезінде бүйрек қызметін және қан қысымын бақылау кажет. Сонымен қатар, ол көру ағзалары қызметінің төмендеуіне, жүкті әйелдердегі эстроген денгейінің артуына, эмбрион қоректенуінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Қан ұюы жоғары және тромбофлебит пен тромбоздарға бейім адамдарға, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын науқастарға үлкен дозада тағайындауға болмайды.

Биофлаваноидтар (Р дәрумені) антиоксиданттық қасиеттерге ие, аскорбин қышқылы екеуі синергистер болып табылады; қан тамырының бұзылуының алдын алады, қабырғасының құрылымын, өткізгіштігін және сынғыштығын қалыпқа келтіреді. Арнайы емес қасиеттері: седативті әсері бар, қан кысымын қалыпқа келтіреді, қалқанша безінің гиперфункциясын азайтады. Рутин, кверцитин препараттарын аскорбин қышқылының бірдей мөлшерімен ұштастыра қолданылады. Жанама әсерлері аз.

Ретинол (Адәрумені) фоторецепцияға (көз өткірлігін қамтамасыз ету) қажетті родопсин пигментінің синтезіне қатысады, тері мен шырышты қабықтың эпителийленуін қамтамасыз етеді, ағзаның инфекцияға қарсы арнайы емес қорғанысын, стероидты гормондардың синтезін және бойдың өсуін ынталандырды және т.б.

А дәруменінің тапшылығында А авитаминозы дамиды, ол гемералопиямен (ақшам соқырлық) сипатталады, иммунитет әлсірейді және тері және шырышты қабық зақымданады және т.б.

Медициналық тәжірибеде, негізінен, ретинол ацетаты және ретинол пальмитатын пайдаланады. А дәруменін гипо-А авитаминозда, кейбір көз ауруларында (ақшам соқырлық, кератомаляция және т.б.), тері зақымданулары мен ауруларында (үсік шалу, күйіктер, жаралар, экзема кейбір түрлері), сондай-ақ рахитта, гипотрофияда, тыныс алу жолдарының өткір және созылмалы бронх-өкпе ауруларында қолданады. А дәруменінің препараттарын ішке, бұлшықетке және сыртқа (жергілікті) тағайындайды. Инъекциялық ерітінділерді енгізбес бұрын дене температурасына дейін қыздырады. Күйіктерді, ойық жараларды және үсік шалған аумақты емдеу үшін зақымданған аумақты тазалап болған соң А дәрумені ерітіндісін жағып, дәкемен жабады (тәулігіне 5—6 ретжағады, тыртықтанудеңгейіне байланыстыжағу санын тәулігіне 1 ретке төмендетеді). Сонымен қатар А дәруменін ішке және бұлшықетке бірдей тағайындайды.

Жоғары дозаларда ұзак уақыт пайдалану нәтижесінде жанама әсерлері гипервитаминозға дейін дамиды. Ересектердегі А гипервитаминозының симптомдары: ұйқышылдык, бойкүйездік, бас ауыруы, беттің қызаруы, жүрек айнуы, құсу, қозғыштық, жүрістің бұзылуы, аяқ сүйектерінің ауыруы. Балаларда қызба, кұсу, тершеңдік, ұйқышылдық, терідегі бөртпелер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, жұлын сұйықтығының қысымы жоғарылайды (емшек еметін жастағы балаларда — гидроцефалия және еңбегінің бітіспеуі байқалады). Бұлшықетке инъекция жасаған кезде жергілікті ауырсыну, кейде инфильтраттық түзілістің қалыптасуы орын алады.

Жеке фармакология

Кальциферолдардың (Д дәрумені) бірнеше түрі бар, солардың ішінде практикалық маңызы барлары Д2 — эргокальциферол және Д3 — холекальциферол дәрумендері. Д дәрумені кальций жэне фосфор алмасуын реттейді, бойдың өсуін ынталандырады, иммундық үдерістерге қатысады.

Балалық шақта Д дәруменінің тапшылығы сәби еңбегінің бітісуін баяулатады, тістердің өсуі, омыртқа бағанасы сүйектерінің деформациясын, бұлшықет әлсіздігін тудырады, одан әрі — мешел ауруы дамиды. Ересектерде тапшылық сирек дамиды, остеопороз түрінде көрінеді.

Д дәруменінің препараттары — эргокальциферол, кальцидиол, кальцитриол, оксидевитті рахиттің, шығу тегі әр түрлі остеомаляцияның, остеопороздың, сүйек сынуының алдын алу және емдеу үшін, сүйек пен тістегі кальций жоғалуына жол бермеу үшін, туберкулез ошақтарының әктенуін жылдамдату үшін және т.б қолданады.

Дәруменнің жоғарғы дозасын қабылдаған кезде интоксикация құбылысының (Д гипервитаминозы) симптомдары дамуы мүмкін: тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, бас ауруы, аз қозғалғыштық, жалпы шаршау, қозғыштык, ұйқының бұзылуы, дене температурасының жоғарылауы, зәрдегі өзгерістер. Қандағы кальций деңгейінің өсуі және оның зәрмен ағзадан шығарылуының артуы мүмкін. Жұмсак тіндердің, бүйрек, өкпе және қантамырларының кальцийленуі мүмкін. Д2 дәруменінің уытты әсері А дәруменін қатар қабылдау кезінде әлсірейді.

Токоферолдар (Е дәрумені) дәруменді және антиоксиданттық белсенділігі бар бірқатар заттарды біріктіреді. Дәрумендік белсенділікке негізінен α-токоферол ие. Ол миокардтың және қаңқалык бұлшықеттің қалыпты репродуктивті қызметі үшін қажет, липоидтердің асқын тотығуын төмендетеді, гемопоэзді ынталандырады, ақуыздар мен көмірсуларды үнемді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және т.б.

Е дәруменінін тапшылығы жыныстық дисфункцияға, миокард қаңқалық бұлшықет дистрофиясын туғызады, мембраналардың кальций иондарына деген өткізгіштігі төмендейді.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Токоферол ацетаты Е дәруменінің синтетикалық препараты болып табылады. Қолданылуы: негізінен, гипо-авитаминозда, миокард дистрофиясында, бұлшықет дистрофиясында, жүктілікке қауіп төнгенде, ерлердегі жыныс бездерінің қызметі бұзылғанда, анемияда және т.б. Бұлшықетке инъекция жасағанда ауру сезімі, инфильтраттардың пайда болуы және аллергиялык реакциялар болуы мүмкін.

Нафтохинондар (К дәрумені) табиги К1 К2, және К3 — синтетикалық-дәрумендерді қамтиды, қан ұю факторлары және Са байланыстыратын ақуыздардың синтезі үшін қажет болып табылады, сонымен қатар антиоксиданттык белсенділігі де бар.

Викасол К3 дәруменінің суда еритін синтетикалық аналогы болып табылады, тек ішке ғана емес, сондай-ақ қан кетуді тоқтату және алдын алу үшін парентералды қолданылуы мүмкін («Гемостазға әсер ететін заттар» бөлімін қараңыз). Викасолға қарсы көрсеткіш тромбоэмболия мен қан ұю көрсеткішінің жоғары болуы. Синтетикалық фитоменадион препараты өзінің биологиялық белсенділігі жағынан табиғи К1 дәруменінің қасиеттерін толық сақтап қалған, гемолиз және метгемоглобинемия туғызбайды.

АТЕРОСКЛЕРОЗҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР

Атеросклероз — қазіргі медицинаның ең маңызды мәселелерінің бірі және оның көріністері жүрек-қантамырлары жүйесі ауруларының пайда болуында маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде атеросклероздың дамуы (көптеген «тәуекел факторларының» болуына қарамастан — диеталарды бұзу, артериалдық гипертензия, шылым шегу, стресс және т.б.) негізінен: липид-ақуыздық зат алмасудың (плазмалық липопротеиндердің мөлшері мен сапасының өзгеруі), гемостаз (тромбоциттермен-қантамырлары жүйесі) және рецепторлық аппараттың («холестерин» рецепторлары деп аталатын) өзара әрекеттесуінің бұзылысымен байланыстырылады.









Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: