Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 19 страница

Атеросклерозды дәрі-дәрмекпен емдеуде, әдетте, екі тәсіл қабылданған: липидтік-ақуыздық метаболизмге әсер ететін заттарды (кейбір дәрежеде рецепторлық аппаратқа әсер етеді) және тамыр-тромбоциттер жүйесіне тікелей әсер ететін құралдарды пайдалану. Алайда, липопротеид кешендеріне әсер ететін заттарды пайдалану атеросклерозды емдеудің кешенді терапиясының негізгі буыны болып саналады. Липопротеиндердің келесі сыныптары бар: хиломикрондар (негізінен экзогенді триглицеридтері бар),
тығыздығы өте төмен липопротеидтер — ТӨТЛП (негізінен эндогенді триглицеридтері бар), аралық липопротеидтер — ТАЛП (триглицеридтер мен холестериннің мөлшері тең), тығыздығы томен липопротеидтер — ТТЛП (негізінен құрамы холестеринді), тығыздығы жоғары липопротеидтер — ТЖЛП (холестериннің күрделі эфирімен және қанықпаған май қышқылдарынан тұрады). Атеросклероздың дамуында липопротеидтердің әртүрлі сыныптары бірдей әсер көрсетпейді. ТӨТЛП, ТАЛП, ТТЛП атерогенді, яғни атеросклероздың дамуына ықпал жасайды, ал ТЖЛП — антиатерогенді болып табылады.

Жеке фармакология

Атеросклерозға қарсы заттар келесі түрге бөлінеді.

•  Гиполипидті заттар:

-  холестериннің бауырдағы синтезінің ингибиторлары:

v статиндер: ловастатин (мевакор), правастатин, симва- стин және т.б.;

v фибраттар: клофибрат, фенофибрат және т.б.;

v никотин кышқылы немесе оның туындылары (роникол);

v пробукол;

-  холестериннің ішектегі сіңірілуін азайтатын заттар:

v холестирамин (квестран, колестипол), бета-ситостерин және т.б.;

-  холестериннің катаболизмі мен оның ағзадан шығарылуын арттыратын заттар:

v көп қанықпаған май қышқылдарының препараттары — линетол,арахиден;

v аминқышқылдарының препараттары — метионин, холин;

v дәруменді препараттар — пиридоксин, цианокобаламин;

v гормоналды препараттар — эстрон; йод препараттары, гепарин жэне т.б.

•  Эндотелиотропты заттар (ангиопротекторлар):

-  пармидин;

-  антиагреганттар — ацетилсалицил қышқылы, пентоксифиллин және т.б.

- Антиоксиданттар — токоферол ацетаты, аскорбин қыш­қылы және т.б.

Гиполипидті заттар — қандағы холестерин мен триглицеридтердің деңгейін төмендететін заттар; жоғарғы гиперлипидемияда тағайындалады.

Статиндер. Статиндердің әрекеті холестерин биосинтезін тежегеніне және бауырдағы ТТЛП рецепторлар санының артуымен байланысты, ол рецепторлар плазмалық холестериндерді «ұстап» алады да оны цитоплазмаға эфир түрінде тасымалдауға қатысады.

Статиндердің ықпалында қан плазмасында ТТЛП, ТӨТЛП және холестериннін жалпы концентрациясы төмендейді; сондай-ақ қан плазмасында триглицеридтердің концентрациясы азайып, ТЖЛП- пың қалыпты өсуі байқалады. Соңғы жылдары статиндердің эндотелий қызметін жақсартатыны және қабынуды тежейтіні, атеросклероздық түзіліске тұрақтылықты арттыратыны белгілі болды.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Тағайындалатын препараттар: ловастатинді — астан кейін 1 рет (кешке қабылдаса жақсы) судың көп мөлшерімен ішеді; симвастатин, правастатин — тағамның қабылдануына тәуелсіз пайдаланылады. Препараттардың көтерілімдігі әдетте жақсы. Бауыр функциясының өзгерістері: (барлық статиндер бауырға уыттылық әсер етеді), бұлшыкет ауыруы, миопатиялар (типтік және ең ауыр жанама әсері), диспепсиялар, бас ауыруы, тері бөртуі ықтимал.

Фибраттар бауырдақы триглицеридттердің биосинтезін азайтады; холестерин синтезін тежейді, бауырдағы ТТЛП рецепторлардьщ санын көбейтеді, ТЖЛП мөлшерін арттырады, тромбоциттер агрегациясын азайтады, қандағы фибриннің мөлшері мен онын фибринолитикалық белсенділігін төмендетеді. Бірінші буындағы фибраттарды (клофибрат) астан кейін күніне үш рет 2—3 капсуладан тағайындайды. Әсері 2—5 күннен кейін дамиды. Екінші буындағы фибраттар (фенофибрат) ұзақ әсер етеді (20—48 сағат), максималды әсері баяу дамиды. Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, диарея), гемоглобиннің құлдырауы, лейкопения, шаштың түсуі, өт жолдарында холестериннен тастардың қалыптасуы, аритмия, либидо төмендейді, кейде тамырлық бұзылыстар орын алады (2-буындағы препараттарын сирек қолданады).

Никотин қышқылы жоғары дозада (дәрумен ретінде белгіленген мөлшерден бірнеше есе жоғары) май тінінің липолизін тежеп, кандағы ТӨТЛП мен ТТЛП жэне ТАЛП мәлшерін төмендетеді, нәтижесі кандагы бос май қышқылдарының деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Ұзақ мерзімді пайдалануда ТЖЛП деңгейін арттырады. Препарат фибринолизді белсендіреді, вазодилятаторлык әсері бар. Тәулігіне дозасын 4—6 граммнан арттыра отырып, күніне үш рет тагайындайды.

Жанама әсерлері: беттің және дененің жоғарғы бөлігінің қызаруы, стенокардия ұстамаларын белсендіреді, бауырдагы май дистрофиясы және т.б. Бұл жанама әсерлер роникол препаратында әлдеқайда аз туындайды.

Пробукол қан плазмасындағы ТТЛП мөлшерін біршама төмендетеді, алайда ТЖЛП мөлшерін жоғарғы деңгейде төмендетеді.

Пробуколдың атеросклерозға қарсы әрекетін, негізінен, атрогенді липопротеиндердің тотығуының алдын алу қабілетімен байланы- стырады.

Жеке фармакология

Жанама әсерлер: бас ауруы, бас айналу, эозинофилия және т.б.

Холестирамин өт қышқылдары мен ішекте сіңірілмейтінкешендер қалыптастырады да, олардың шығарылуын арттырып, ішекте холестериннің сіңуін төмендетеді. Препарат, негізінен, қандағы ТТЛП концентрациясын төмендетеді, ал бауырдағы ТТЛП рецепторлардьщ санын арттырады. Тамақ алдында немесе тамақтану кезінде, суда немесе шырында еріген күйде күніне екі рет бір шай қасықпен тағайындайды.

Жанама әсерлері: жүрек айнуы, құсу, іш қату, майда еритін дәрумендердің сіңірілу бұзылыстары.

Көп қанықпаған май қышқылдары холестеринмен эфирлер қалыптастырады да оның тамыр интимасына енуін тежейді, холистериннің бауырдағы метаболизмін арттырып, оның өтпен шығуын арттырады. Сондай-ақ, антиоксидантты және антиагрегациялық әсерге ие.

Аминқышқылдарының препараттарының бауырдағы артык майды жоятын мүмкіндігі бар.

В12 дәрумендері холин және метионинді синтездеуге қатысады, бауырдағы фосфолипидтердің қалыптасуына септігін тигізеді, бауырдың майлық инфильтрациясын тежейді. Пиридоксин холестериннің өт қышқылдарына тотығуын күшейтеді және өтпен бөлінуін арттырады.

Эндотелиотропты заттар — эндотелий өткізгіштігін азайтатын және қан тамырларының липидті инфильтрациясын төмендететін заттар болып табылады.

Пармидин (ангинин) антибрадикининді және антиагрегантты қасиеттерге ие, ісікті тежейді, қан тамырлары қабырғасының өткіз- гіштігін төмендетеді, қан тамырларының эндотелиінің зақымдануына кедергі жасайды, тамыр интимасының регенерациясын күшейтеді. Пармидинді атеросклерозды кешенді емдеуде, сондай- ак генезі әр түрлі ангиопатияларда қолданады.

Негізгі жанама әсерлері: жүрек айнуы, бас ауруы, терілік кышу, тері аллергиялык реакциялары, бауыр қызметінің бұзылуы.

Антиагреганттар тромбоциттердің жабысуына кедергі келтіреді, тамыр қабырғасындағы микроайналымы мен алмасуды жақсартады.

Антиоксиданттар тамыр қабырғасы эндотелийінің зақымдануына кедергі келтіреді, холестерин метаболизмін ынталандырады.

СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ ЖӘНЕ ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ЖАҒДАЙ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ТҮЗЕТЕТІН ЖӘНЕ ПЛАЗМА АЛМАСТЫРҒЫШ ЗАТТАР

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Қышқыл-негіз жағдайының (ҚНЖ) тұрақтылығын сақтау гомеостазға қажетті шарттардың бірі болып табылады. Қанның қалыпты рН (сутегі иондарының концентрациясы) мәнінен ауытқуынан алкалоз немесе ацидоз құбылысы жүреді; ол жүрек- қантамырларының, тыныс алу және ас қорыту жүйелерінің патологияларында және дәрілік заттармен, улармен уланғанда байқауға болады. Ацидоз бен алкалозды жою үшін олардың себептерін ғана емес, сондай-ақ тікелей ҚНЖ қалыпқа келтіретін заттарды пайдалану қажет.

Қышқыл-негіздік жағдайды қалыпқа келтіру үшін пайдаланылатын заттар мынадай топтарға бөлінеді:

•  метаболиттік ацидозды емдеу үшін қолданылатын заттар — оттегі, натрий гидрокарбонаты, трисамин;

•  метаболиттік алкалозды емдеу үшін қолданылатын заттар — аммоний хлориді, калий хлориді, аскорбин қышқылы, хлор- сутек қышқылының ерітіндісі.

• респираторлық алкалозды жою үшін қолданылатын заттар — димефосфон.

Оттегі артериялық гипоксияны жояды. Оттегінің ингаляциялық түрін гипоксиямен қатар дамитын әртүрлі ауруларды емдеуде кеңінен пайдаланады: өкпе кабынуы, өкпе ісінуі, жүрек жетіспеушілігі, коронарлық жетіспеушілік, коллапс; иіс газымен, синиль қышқылымен және тұншықтырғыш заттармен және т.б. улануда (хлор, фосген және т.б.). Оттегіні 40—60% концентрацияда ауамен қоспа түрінде минутына 4—5 литр мөлшерінде тағайындайды. 95% оттегі жэне 5% көмірқышқыл газы қоспасын жиі қолданады («Карбоген» қараңыз). Анестезиологиялық тәжірибеде оттегіні наркотикалык анальгетиктермен қоспа түрінде улану болған жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде, интоксикацияларда кеңінен пайдаланады. Оны гипербариялық оксигенотерапия деп аталатын — оттегіні жоғаргы қысыммен пайдалану үдерісінде пайдаланады. Клиникалық тәжірибеде энтералды жол­мен оттегіні асқазанға көбік түрінде енгізу тәсілінде қолданылады (оттегі коктейлі деп аталатын түрде).

Натрий гидрокарбонаты тез әсер етеді, бірақ жасуша сыртындағы ацидозды ғана тоқтатады, себебі бикарбонат анионы жасуша ішіне өтпейді. Оны айқын көріністегі ацидозбен қатар дамитын әртүрлі ауруларда қолданады (кант диабет, инфекциялар және т.б.) және хирургиялык араласуларда т.с.с. Ұзақ мерзімді пайдаланудан алкалоз

дамуы мүмкін, ол тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, мазасыздану, бас аурулары мен және ауыр жағдайларда тетаникалық құрысулармен көрініс береді. Артериялық қан қысымының артуы байқалады. Жағымсыз әсерлердің негізгісі ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда пайда болуы мүмкін, яғни қандағы көмірқышқыл газының парциалды қысымы мен натрий концентрациясының артуы салдарынан — жасуша ішілік ацидоз дамиды. Гипернатриемия жаңа туылған нәрестелерде, әсіресе шала туылған нәрестелердегі интракраниалды қан құйылуға себеп болуы мүмкін, ал натрий иондарының ГЭТ арқылы енуі ми жұлын сұйықтығындағы осмостық қысымның артуына себеп болып, мидың жасуша ішілік сусыздануына себеп болады, нәтижесіндс ми қызметі бұзылады.

Жеке фармакология

Трисамин жасуша мембраналары мен ГЭТ арқылы өте алады, жасушадан тыс және жасуша ішілік ацидозды жояды. Қандағы С02 мөлшерін арттырмайды, әсері салыстырмалы түрде баяу дами­ды. Препарат, сондай-ақ, осмостык несеп айдаушы әсер көрсетеді, несепті сілтілендіреді; натрий, калий және глюкозаның несеп аркылы шығарылуын арттырады. Қолданыуы: трисаминді метаболизмдік және аралас ацидозбен бірге дамитын жіті және созылмалы ауруларда (сілейме, канның көп кетуі, күйік, перитонит, экстракорпоралды қан айналым, жедел панкреатит), trisатіп жаппай қан құю, экстракорпоралды айналыста болу, күйіп қалу, перитонит) және салицилаттармен, ұйықтатқыш заттармен, барбитурат қышқылы туындыларымен және т.б. улануларды емдеу үшін пайдаланылады. Ерітінді түрінде көктамырға енгізіледі; ішке қабылдағанда күшті іш босаңсытқыш зат сияқты әрекет етеді (баяу жіберіледі, жылдам енгізсе тыныс тежелуіне әкелуі мүмкін). Артық дозаланған жағдайда, тыныс периодтылығы дамиды, тіпті оның тоқтауы мүмкін, гипогли­кемия, гипотензия, жүрек айнуы, құсу орын алады.

Аммоний хлориді қышқыл түзуші зат ретінде алкалозды түзету үшін тиімді құрал болып табылады (бауырдагы өзгерістер нәтижесінде тұз қышқылын түзеді). Осыған байланысты бұл препаратты метаболизмдік алкалозда, сонымен қатар кейбір диуретиктердің әсерлерімен ілесе жүретін гипохлоремиялык алкалозда қолданылады. Препараттың сондай-ақ, диуретикалық әсері бар. Препаратты 2,5—5% су ерітіндісі немесе капсуладағы ұнтақ түрінде ішке қабылдайды. Аммоний хлоридін қолданған кезде болуы мүмкін жанама әсерлер: асқазан тітіркенуі, жүректің айнуы, құсу, осы әсерлерді азайту үшін оны ас ішкеннен кейін пайдаланған жөн.

Калий хлориді тек қана хлоридтердің орнын толтырып қана қоймайды сынымен катар калий иондарының да тапшылығын
жоядыды. Калий хлориді межелі диуретикалык әсер көрсетеді. Ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі және салыстырмалы түрде бүйрек арқылы тез шығарылады. Калий ақуыз синтезін арттырады және жасушалардағы сутегі иондарын шығарып тастайды. Қолдану көрсеткіштері болып табылады: гипокалиемия, оймақгүл препараттарымен интоксикацияланғанда, шығу тегі әр түрлі арит­мияларда. Калий хлориді таблеткаларын ас ішкеннен кейін, қабылдамас бұрын алдын ала майдалап, жарты стакан суға немесе жеміс шырынына ерітіп қабылдайды. Ашқарынға қабылдау кезінде асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының тітіркенуі (тіпті ойык жаралануы) орын алады. Ауыр интоксикация кезінде калий  хлоридін көктамырға енгізеді (4% препаратты ерітіндісін 40% глюкоза ерітіндісіне косады). Қармаушы кұралдармен (кисель) бірге ішуұсынылады. Артық дозалану мүмкіндігі бар, ол парестезия көріністерімен байқалады, сирек жағдайларда — пародосалды реакциялар — аритмиялармен көрінеді. Ішке қабылдау кезінде жүрек айнуы, құсу, диарея болуы мүмкін, олар дәрілік затты қабылдауды тоқтатқаннан кейін өтеді.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Аскорбин қышқылы мүшенің жұмыс істеуі үшін маңызды рөл атқарады («Дәрумендік препараттар» бөлімін қараңыз), метаболиттік алкалозды жою үшін (тәулігіне 1000-1500 мг), белгіленген доза дәрумен жеткіліксіздігінен әлдеқайда жоғары болып табылады.

Димефосфон антиацидоздық әсер көрсетеді (ҚНЖ қалыпқа келтіреді, рН пен бикарбонат концентрациясын арттырады, негіздік тапшылықты азайтады), антиоксидантты касиетке де ие. Өкпе қабынуында, тыныс алу органдарының жедел ауруларында, созылмалы өкпенің бейспецификалық ауруларында, қант диабеті және т.б., сондай-ақ аллергиялық ауруларда (атопиялык бронхиалды астмада, шөп безгегі және т.б.) пайдаланылады. Препаратты 8 жастан асқан балалар мен ересектерге тағайындайды. Күніне 3-4 рет тамақтан кейін ішке сумен кабылдайды. Димефосфонның көтерілімдігі, әдетте, жақсы. Кейбір жеке жағдайларда, диспепсиялық бұзылыстар орын алуы мүмкін, ол әйгіленімдер препаратты тоқтатқанда жойылады.

Плазма алмастырғыш дәрілер. Қанды сұйылту (ондағы улы заттардың шоғырлануын төмендету үшін) және плазманы ауыстыру медициналық тәжірибеде үзақ уақыттан бері колданылып келеді. Бұл мақсатта сулық жүктеме мен суэлектролит, плазмалық алмастырғыштарды парентралды енгізу қолданылады.

Плазма алмастырғыш ерітінділер — бұл дәрілік заттар қан плазмасы тапшылығын толтыратын препараттар, бірақ олар қан алмастырғыштар емес (олар қан қызметін атқармайды, өйткені
оларда қанның формалық элементтері жок). Плазма алмастыратынерітінділер плазма кұрамына ұқсас болып табылады және көпмөлшерде енгізілсе, инфузиялық деп аталады. Олар патологиялық өзгерістер туындатпай ағзаның өмірлік қызметтерін біраз уақыт сақтауы мүмкін.

Жеке фармакология

Плазма алмастырғыш ерітінділер жедел кансырауларда, шығу тегі әр түрлі шоктарда, микроциркуляция бұзылысында, инток сикацияларда және гемодинамикаға байланысты өзге де үдерістерде қолданылады.

Плазма алмастырғыш құралдарға қойылатын талаптар:

•  қан айналымында жоғалтылған қан көлемінің орнын тез толтыру;

•  гемодинамикалық балансты қалпына келтіруі;

•  микроайналымды қалыпқа келтіруі;

•  қан тамырларында жеткілікті ұзак уақыт болуы;

•  айналымдағы қанның реологиялық қасиеттерін жақсартуы;

•  тіндерге және т.б. оттегінің жеткізілуін қамтамасыз ету.

Плазма алмастырғыштар медициналық қолданылуы бойынша

жіктеледі:

•  гемодинамикалық ерітінділер — гемодинамика бұзылыстарын қалыпқа келтіру үшін және шығу тегі әр түрлі шокта қолданылатын заттар: полиглюкин, реополиглюкин, желатиноль және т.б.;

•  дезинтоксикациялық ерітінділер — әр түрлі интоксикациялар кезінде уыттың тіндерден қан плазмасына өтуін қолдайтын және олардың бүйрек арқылы сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін заттар: гемодез, энтеродез, полидез;

•  су-тұз алмасуының және қышқыл-сілтілік баланстың регуля- торлары — диарея, ми ісінулері мен токсикоздардан туындаған сусыздануларда қолданылатын заттар: натрий хлоридінің, Рингер және Рингер-Локтың және т.б. ерітінділері;

•  энтералды қолданылатын препараттар — ағзаның энергетикалық ресурстарын қамтамасыз ету үшін және қоректік заттардың тіндер мен мүшелерге жеткізілуін қамтамасыз ететін заттар: гидролизин, казеин гидролизаты, альвезин, глюкоза ерітіндісі және т.б.;

• оттегі тасмалдаушылары — қанның тыныстық функциясын қалыпқа келтіреді: гемоглобин ерітінділері, фтордекалин негізіндегі фторкөміртегі;

•  кешенді (полифункционалды) ерітінділер: реоглюман, полифер.

Полиглюкин — стерильді 6% декстранның (глюкоза полимері)

изотоникалық натрий хлориді ерітіндісімен қосылған ерітіндісі. Полиглюкин шокқа қарсы гемодинамикалық әсері бар плазма
алмастырушы препарат болып табылады. Ол тамыр кабырғасы арқылы баяу енеді де қан тамырлары бойында ұзақ айналады. Полиглюкин тез жедел қансырау кезінде артериялық қан кысымын бірден арттырады және оны ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде ұстайды. Препарат улы емес, негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Деинтоксикациялық әсер көрсетеді. Оны жарақаттан, күйіктен және операциядан кейінгі шоктық жағдайларда, интоксикациялық шокта, сепсисте, жедел қан кетулерде, дәрілік заттармен және улармен өткір улану кезінде, ішек токсикозында, плазма жоғалтуға  негізделген гиповолемияда, операция алдында және кейінгі кездерде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін қолданады. Препаратты көктамырға енгізеді, ал жедел қан кетулерде артерияға епгізеді. Препаратты енгізу кезінде алғашқы 10 тамшыдан кейін, келесі 30 тамшы арасында 3 минут үзіліс жасау керек. Егер реакция жоқ болса, құю жалғастырады. Науқас кеуде тұсындағы қысылуға, ентігу, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағым жасаса, сондай-ак қызба, цианоз, қан айналым және тыныс бұзылысы туындаған жағдайда, трансфузияның енгізілуі тоқтатылады да, оның орнына көктамырға кальций хлоридінің 10% ерітіндісі (10 мл), 20 мл 40% глюкоза ерітіндісі енгізіледі; жүрекке әсер ететін заттар, антигистаминдік заттар қолданылады.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Полиглюкинді қолданғанда аллергиялық реакциялар (терілік қышу, бөртпелер, Квинке ісінуі және т.б. орын алуы мүмкін), қажет болған жағдайда препараттың енгізілуін тоқтатуға болады және аллергияға қарсы емдеу жүргізіледі, пульстің жиілеуі, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, кызба және т.б.

Реополиглюкин — төмен молекулалы декстран препараты. Ол қандағы формалық элементтердің агрегациясын азайтады, сұйықтықтардың тіннен қан тамырына шығуына ықпал жасайды. Қан суспензивті қасиеттерін арттырады, оның тұтқырлығын төмендетеді, майда капиллярлардағы қан айналымды қалпына келтіреді, дезинтоксикациялык әсері бар. Реополиглюкин ағзадан, негізінен, бүйрек арқылы шығарылады. Қолданылуы:

•  капиллярлық қан ағымы бұзылғанда;

•  операциялық, жарақаттық, және күйіктік шоктардың алдын алу және емдеу үшін; артериялық және веноздық қан айналым бұзылғанда;

• эндоартериит, тромбоз бен тромбофлебиттің алдын алу және емдеу үшін;

•  жасанды кан айналым арқылы орындалатын жүрек хирургиясында (перфузиялық сұйыктықтар косып);

•  күйік пен перитонитте дезинтоксикация үшін және т.б. пай- даланылады.

Сусызданған науқастарға реополиглюкинге изотоникалық натрий хлоридінің немесе 5% глюкоза ерітіндісін қосу ұсынылады Жанама әсерлері сирек байқалады, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жеке фармакология

Энтеродез — төмен молекулалы поливинилпирролидон препараты, ішке қабылданады, дезинтоксикациялық қасиеттері бар. Энтеродез асқазан-ішек жолдарындағы немесе ағзада түзілгеп улы заттарды байланыстырады және оларды ішек арқылы сыртқа шығарады. Препаратты ересектерге инфекциялық аурулардып ауыр түрінде (дизентерия, сальмонеллез және т.б.), тағамдық уланулар мен басқа да интоксикацияларда тағайындайды. Емдік әсері әдетте қабылдағаннан кейін 15—30 минут ішінде дамиды. Препаратты ішке кабылдайды, қолданар алдында 5 г ұнтақты (1 шай қасық) қайнаған 100 мл суда ерітеді (қант немесе жеміс шырынын қосуға болады). Әдетте препараттың көтерілімдігі жақсы. Кейбір жағдайларда, өзі өтіп кететін жүрек айнуы (құсу сирек) болуы мүмкін.

Гемодез — құрамында төмен молекулалы поливинилпирролидон 6% (суда жақсы еритін) және натрий, калий, кальций, магний және хлор иондары бар су-тұз ерітіндісі. Адсорбциялық қасиеттері бар. Препаратпен байланыспаса, бүйрек тосқауылы арқылы өтпейтін заттармен кешендер түзеді де, олардың бүйрек арқылы жеңіл өтуіне ықпал етеді. Жасуша мембраналарының өткізгіштігін, бауыр және бүйрек қызметін қалыпқа келтіреді. Гемодез ағзаға индифферентті, ол ферменттермен ыдыратылмайды. Препарат бүйрек арқылы тез шығарылады. Қолданылуы: асқазан-ішектің жедел ауруларының улы түрлерін дезинтоксикациялауда, гиповолемияда, сепсисте (науқасты мұқият бақылауды талап ететін артериялык қан кысымының төмендеуі) және интоксикациямен қатар дамитын басқада патологиялық жағдайларда пайдаланылады. Гемодезді көктамырға тамшылатып, кейде тері астына енгізуге де рұқсат беріледі. Енгізер алдында ерітіндіні +35 °С, +36 °С дейін қыздырады. Қайталап енгізу алғашқы инфузия аяқталғаннан кейін 12 сағат немесе одан да көп уақыт өткен соң жүргізіледі. Гемодезді баяу енгізгенде әдетте, асқынулар болмайды.

Жоғары жылдамдықпен енгізу кезінде артериялық қан қысымының төмендеуі, тахикардия, ентігу, аллергиялық реакция­лар туындатады, нәтижесінде тамыр тарылтатын және жүрекке қолданылатын заттарды, кальций хлоридін енгізуді қажет етуі мүмкін.

Натрий хлоридінің 0,9% (изотоникалық) инъекцияға арналған ерітіндісі адам қанының плазмасына изотонды болып табылады, сондықтан көбінесе «физиологиялық» деп атайды. Ерітінді қан
тамырлар жүйесінен тез шығарылады, қан тамырлардағы айналып жүрген сұйықтык көлемін уақытша ғана арттырады, сондықтан қан кетулер мен шоктарда тиімсіз. Қолданылуы: ағзаның сусыздану кезінде дезинтоксикациялауіны зат ретінде және әр түрлі препараттарды, инфузияларды қоса алғанда, еріту үшін қолданылады. Оны көктамырға, тері астына және клизма түрінде енгізеді.












Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: