Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 21 страница

Жанама әсерлері: ұйқышылдык, әлсіздік, атаксия (жүрістің бүзылуы), еңбек өнімділігінің төмендеуі, тітіркендіргіш әсері, ауыздағы құрғақтық, тахикардия және іш қату. Улану кезінде ұйқы, кома дамиды. Тавегил мен фенкаролдың седативті әсері димедролға қарағанда айқын емес. Диазолин іс жүзінде ұйықтататын, тыныштандырушы және М-холиноблокаторлық әсер көрсетпейді, бірақ анестезиялаушы және тітіркендіргіш әсерлерге ие. Оның әсер үзақтығы 24—48 сағатты құрайды. Қарсы корсеткіштер: асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы. Седатативті әсері бар препа­раттарды мамандығы жіті назар мен жылдам реакцияларды талап ететін тұлғаларға тағайындауға ұсынылмайды, бұл жағдайда диа­золин тағайындау тиімдірек.

Н1-гистаминблокаторларды ұзақ мерзімді қолдану кезінде, оған деген үйрену дамиды, олардың тиімділігі төмендейді, сондықтан кезектестіріп қолданған жөн.

Қабыну мен аллергия үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Екінші және үшінші буын препараттары гистамин рецепторларға аса селективті әсер танытады, қабынуға қарсы әсерге ие, төмен мөлшерде әсері ұзақ болады; олар липофилділіктерінің төмендігімен және іс жүзінде ОЖЖ тежемейді жэне М-холиноблокаторлык әсер көрсетпейді. Олар егде жастағы наукастарға тағайындалады.

Патогенезінде ДГТ бар ауруларды емдеу үшін серотонин рецеп- торларды тежейтін, сондай-ак брадикинин жүйесіне (тиісінше, ципрогептадин және пармидин) және лейкотриен жүйесіне (зафирлукаст) әсер ететін препараттар қолданылады.

Анафилаксиялық шок сияқты аллергиялық реакциялардың жалпы көріністерін жоятын заттарға (АҚ бірден төмендеуі және бронхоспазм) адреналин гидрохлориді («Эфферентті инервацияға әсер ететін дәрілік заттар» бөлімін қараңыз) және эуфилин («Атқарушы ағзалар мен жүйелер қызметтерін реттеуші дәрілік заттар» бөлімін қараңыз).

Дереу гиперсезімталдық түрінде (ДГТ) тіндердің зақымдануын азайту үшін қабынуға қарсы стероидты препараттар («Алмасу үдерістеріне әсер ететін заттар» бөлімін қараңыз) қолданылады.

Баяу гиперсезімталдық түріндегі (БГТ), жасушалық иммунитетке байланысты реакциялар, ағзалардың жасушаларын зақымдап бұзатын Т-сенсибилизацияланған (агрессивті) лимфоциттердің қатысуына тәуелді. БГТ аллергияның медиаторлары цитокиндер болып табылады (лимфотоксин, интерлейкин, 2 және т.б.). Баяу гиперсезімталдық түріндегі реакциялары 2—3 күн немесе одан да көп уақыт ішінде дами­ды. Осы түрге жататындар: трансплантантты қабылдамау реакциялары, жанасу дерматиті, аутоиммундық аурулар және т.б.

Баяу гиперсезімталдық түріндегі пайдаланылатын препараттар 2 топқа бөлінеді:

•  Иммуногенезді басатын препараттар:

-  арнайы емес әсерлі:

-О глюкокортикоидтар;

А хингамин, алтын препараттары (кризанол), пеницилламин;

цитотоксикалық заттар (циклофосфан, азатиоприн);

-  арнайы әсерлі (антилимфолин-КР, циклоспорин).

•  Тіндердің зақымдануын азайтатын заттар: стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар.

Глюкокортикоидтардың иммунодепрессивті әсері лимфоциттердің бөлінуін тежеуіне, қан ағымындағы Т-лимфоциттер санының азаюына, бір қатар интерлейкиндердің сондай-ақ γ-интерферонның
әлсіреуі және олардың көбеюінің тежелуіне байланысты болады. Сондай-ақ, глюкокортикоидтардың қабынуға қарсы айқын көріністегі әсері бар екенін де ұмытпаған жөн. Оларды дәнекер тіндерінің диффузиялық аурулары бар науқастарды емдеуде қолданады (ревматоидты артрит, склеродермия жэне т.б.).

Жеке фармакология

Хингамин, алтын препараттары (кризанол), пенцилламин дәнекер тінінің коллагеноздарын емдеу үшін пайдаланылатын заттарға жатады. Дәнекер тінінің аутоиммундық сипаттағы қарқындылығы баяу созылмалы қабыну аурулары кезінде жоғары тиімділігі бар.

Хингамин жасуша мембранасын тұрақтандырады, жасуша бөлінуін бұзады, сенсибилизациялы лимфоциттердің пайда болуына кедергі болады, фибробластардың пролиферациясына әсер етеді. Ревматоидты артрит кезінде хингаминнің, алтын және пеницилламин препараттарына қарағанда, тиімділігі төмен, бірақ уыттылығы аз болып табылады. Терапевтік әсері баяу дамиды. Емдеу кезеңі ұзақ болуы тиіс (кем дегенде 6 ай). Ұзақ қолдану сал- дарынан туындауы мүмкін аңғарынымдар: дерматит, бас айналу, бас ауруы, жүрек айнуы, кейде құсу, құлақтағы шу, аккомодация бұзылысы. Сондай-ақ, тәбеттің төмендеуі, асқазан аймағындағы ауру сезімдері (асқазанның шырышты қабатының тітіркенуіне бай­ланысты), межелі лейкопения, көз өткірлігінің төмендеуі, көздің жыпылықтауы, қасаң қабыққа пигмент жиналуы. Жоғары дозада хингамин бауыр зақымдануын, миокардтың дистрофиялық бұзылыстарын, шаш түсуін, ретинопатия болдыруы мүмқін. Басқа препараттармен (салицилаттар, кортикостероидтар және т.б.) қосылысы кезінде тері жабындысының зақымдану үдерістерінің артуы орын алуы мүмкін (дерматит).

Қарсы көрсеткіштер: жүректің ауыр аурулары, бүйректің диффузиялық зақымдануы, бауыр қызметінің бүзылуы, қан түзуші ағзалар аурулары. Сілтілік сумен бірге қолдануға ұсынылмайды, себебі оның ағзадан шығарылуы жылдамдайды.

Алтын препараттары буынның ревматоидты тіндеріне жиналып, макрофагтардың қызметіне кедергі келтіреді, плазмадағы ревма­тоидты фактор мөлшерін азайтады және оның буын зақымдаушы әсерін азайтады. Емдік әсері 6 ай ішінде көріне бастайды.

Жанама әсерлері: нефротоксикалық, стоматит, лейкопения, тромбоцитопения, анемия.

Пеницилламин тікелей ревматоидты фактормен өзара әрекеттесіп, оны бұзады; сонымен қатар ол коллагеннің пісіп- жетілуін бұзады, пролиферацияны баяулатады. Екі валентті металдармен (мыс, темір, мырыш және т.б.) кешендер қалыптастыруы мүмкін. Ревматоидты артритті емдеуде пайдаланылатын ең
белсенді заттардың бірі болып табылады. Әсері өзінің шарықтау шегіне 10—15 айдан кейін жетеді. Пеницилламинді пайдаланғанда гемопоэз бұзылуы мүмкін.

Қабыну мен аллергия үдерістеріне есер ететін дәрілік заттар

Цитостатиктер (цитотоксикалык заттар) лимфоциттердің бөлінуін ингибирлеу әсеріне байланысты айқын иммунодепрессивті әсерге ие. Әдетте, оларды аутоиммундық деп аталатын ауруларда (ревматоидты полиартрит, қызыл жүйелі ауыру, склеродермия және т.б.) баска да препараттар көмектеспеген жағдайда пайдаланады. Кейбір дәрілер мүшелерді трансплантациялаудан кейінгі қабылдамау үдерісін болдырмау үшін пайдаланылады. Алайда, цитоуытты заттардың селективті әсері жоқ, сондықтан оларды майдалану кезінде ауыр жанама әсерлер қатар жүреді. Олар қан жасауды айқын тежейді және лейкопения, тромбоцитопения, анемия тудырады; екіншілік инфекцияны белсендіруі мүмкін. Циклофосфан, сонымен қатар, басқа да көптеген препараттарға қарағанда қайтымды шаш түсуді, жүрек айнуы мен құсуды туғызады. Азатиоприн — ең тиімді және уыттылығы аз иммунодепрессант, ол В лимфоциттерге қарағанда Т-лимфоциттерді жоғарғы деңгейде басып тастайды. Қолданылуы: мүшелерді трансплантаци­ялаудан кейінгі қабылдамау реакциясын басу үшін қолданылады.

Антилимфолин-КР — ағзалар мен тіндерін ауыстырған науқастарда болатын трансплантациялық иммунологиялық реакцияларды бол­дырмау үшін пайдаланылатын, арнайы әсері бар препарат, оны адам тимусының иммундалған лимфоциттерінен және қоян қанының акуыздарынан алады. Циклоспорин антибиотик болып табыла­ды. Препараттың ерекшелігі сол ерте сатылардағы жасушалық иммундык жауапты қайтымды және селективті түрде тежейді. Ол Т-хелперлердің (көмекшілер) интерлейкин-2 (иммундық жауаптың барлық кезеңдерінде қатысатын иммундық жүйенің негізгі меди­аторы) бәліп шығаруын тежейді. Нәтижесінде Т-жасушалар қанда тыныштық күйде қалып, трансплантацияланған бөтен жасушаларды өлтіретін цитотоксикалык Т-киллерлер қалыптаспайды. Цитотоксикалық препараттарға қарағанда, циклоспорин қан жасау­ды және АІЖ шырышты қабат және басқа да тіндердің клеткалык пролиферациясын басып тастамайды. Қолданылуы: сүйек кемігін, бүйрек, бауыр және басқа да мүшелерді трансплантациялағаннан кейінгі қабылдамау реакциясының алдын алу үшін және аутоиммундық ауруларда.

Жанама әсерлері: жоғары нефро және гепатотоуыттылық, қызылиек гиперплазиясы, ағзадағы сүйықтықтың бөгелуі.

Тіндердің зақымдануын азайтатын заттар: стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар («Алмасу үдерістеріне әсер ететін заттар» бөлімін қараңыз).

МИКРОБҚА ҚАРСЫ, ВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПАРАЗИТКЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР

Жеке фармакология

Өздеріңізге мәлім, сіз бен бізді көптеген тірі ағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, спирохеталар, қарапайымдылар, рикетциялар, хламидиялар, гельминттер, буынаяқтылар) қоршауда. Олар адамның айтарлықтай көптеген ауруларының этиологиялық факторы болып табылады (микроорганизмдердің үлесіне адам ауруларының шамамен 50%-ы тиесілі). Осындай патогендік қоздырғыштардың 1000-нан астам түрін ажыратады. Сондықтан, осы патогендік қоздырғыштарға әсер ететін дәрілік заттардың, яғни микробқа қарсы препараттардың үлкен практикалық маңызы бар.

Жұқпалы патогенді немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен күресте немесе олардың алдын алатын барлық пре­параттар 2 топқа бөлінеді:

•  антисептикалық және дезинфекциялық заттар;

•  химиотерапевтік заттар.

Антисептикалық заттар — бұл заттектер инфекциялық үдерістің дамуына жол бермеу мақсатында теріні, шырышты қабықтарды, жаралардың бетін өңдеуде және дене куыстарын (сыртқы ортамен қатынасатын) залалсыздандыру (дезинфекциялау) үшін қолданылады.

Заласыздандырушы заттар — инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында адам қоршаған ортадағы (бөлмелер, киім-кешек, науқасты күту құралдары, жұқпалы аурумен ауыратын науқастың бөлінділері және т.б.) микроорганизмдерге әсер ететін препараттар.

Химиотерапевтік заттар — бұл заттар макроорганизмдердің ішкі өмір сүру ортасындағы инфекция қоздыратын патогенді микроорганизмдерге әсер етеді.

Микробқа қарсы заттар микроорганизмдерге бактериостатикалық немесе бактерицидтік әсер көрсетуі мүмкін. Бактериостатикалық әсер — бұл микробқа қарсы заттардың микроорганизмдердің өсуі мен көбеюін тежеу. Микробқа қарсы заттардың микроорганизмдерді өлтіруі — бактерицидтік әсер болып табылады.

Залалсыздандырушы заттар негізінен бактерицидтік қасиет танытады, ал антисептикалық және химиотерапевтік заттар бактериостатикалық қасиетке ие.

АНТИСЕПТИКТЕР ЖӘНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУШЫ ЗАТТАР

XIX ғасырдың бірінші жартысында хирургиялык тәжірибеде іріңді асқынулармен күресуде хлор ізбесі мен ауыр металл тұздарын және спиртті қолдануға алғашқы қадамдар жасалды.

Қазіргі уақытта микробқа қарсы профилактиканың барлық түрінде және жергілікті жұқпалы үдерістерде негізінен басымдық антисептиктер мен залалсыздандырушы заттарға беріледі. Антисептиктер мен залалсыздандырушы заттар микроағзалармен зақымдалған тері жабындылары мен шырышты қабықтың инфицирленген жараларын емдеуде; сонымен қатар суды және азық-түлікті тазартуда; медициналық құралдарды, киім-кешекті залалсыздандыруда және т.б. кеңінен колданылуда.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Антисептиктер мен залалсыздандырушы заттарға қойылатын жалпы талаптар:

•  микробқа қарсы спектрінің кең болуы;

•  микробқа қарсы жоғары белсенділікті шағын дозада тануы тиіс, яғни патогенді микроағзалардың өмірлік белсенділігін басып тастауы қажет;

•  әсері жылдам әрі ұзаққа созылуы қажет;

•  басқа да антисептиктермен жэне залалсыздандырушы заттармен үйлесімді болу керек;

•  жарыққа, температураға төзімді болуы тиіс; биоорганикалық субстрат қатысқанда, сондай-ак залалсыздандыру және сактау кезінде қасиетін жоғалтпауы қажет;

•  науқастың терісін боямауы қажет; таңбаларды, іш киімді, киімді былғамауы, сонымен қатар өткір жағымсыз иісі болмауы қажет;

• Жалпыуыттылықпентератогендікжәнеорганотроптылық, мутагендік, онкогендік, аллергиялық әсерлерге ие болмауы керек;

•  өндірістік және кұны жағынан қолжетімді болуы тиіс.

Антисептиктерге қойылатын қосымша талаптар: оларды

қолданған орында тіндерге жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетпеуі қажет, жағылған жерде төменгі сорылу қабілетіне ие болу қажет, аллергиялык реакциялар туғызбауы керек және жаралардың жазылу үдерісін бұзбауы тиіс. Ал залалсыздандырушы заттар, сондай-ак суда жақсы еруі қажет, өңделген заттарды бұзбауы және оларды құртпауы қажет.

Көптеген антисептикалық заттардың жоғары концентрацияда дезинфекциялық қасиеті болуы мүмкін. Антисептиктер ретінде кейбір химиялық препараттар пайдаланылуы мүмкін (мысалы, диоксидин және т.б.).

Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттар шығу тегіне, химиялық құрылымы мен әсер ету механизміне байланысты төмендегідей жіктеледі:

•  галогенденген заттар:

- хлор препараттары (хлорлы эк, хлорамин Б, натрий гипохлориді);

-  йод препараттары (йодтың спирттегі ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодоформ, йодонат);

Жеке фармакология

• тотықтырғыштар:

-  калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы;

• қышқылдар мен сілтілер — бор қышқылы, аммиак ерітіндісі;

• металл қосылыстары:

-  сынап препараттары (сынап дихлориді, сынаптың сары тотығы);

- мыс препараттары (мыс сульфаты);

-  күміс препараттары (күміс нитраты, колларгол, протаргол);

-  мырыш препараттары (мырыш тотыгы, мырыш сульфаты);

-  висмут препараттары (дерматол, ксероформ);

•  фенол тобы және оның туындылары — тазафенол, лизол, кайың шайыры;

•  альдегидтер мен спирттер — формальдегид ерітіндісі, этил спирті;

•  бояғыштар — бриллиант жасылы, этакридин лактаты (риванол);

•  нитрофуран туындылары — нитрофурал (фурацилин);

•  детергенттер — церигель, роккал, этоний, жасыл сабын;

•  бигуанидтер — хлоргексидин;

•  әр түрлі табиғи бактерияга қарсы заттар — лизоцим, календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин жэне т.б.

Галогендер және галогенді қосылыстар хлор және йод, олар бос күйінде ғана белсенді болып келетіндіктен, құрамында галогендер бар препараттар түрінде ұсынылған.

Хлор препараттары микроорганизмдердің протоплазмасындағы ақуыз денатурациясын шақырып, олардың тіршілігін жояды. Хлор препараттарының спектрі кең, негізінен бактериялар, вирустар және қарапайымдарға басым әсер етеді, әсер ету типі — бактерицидтік.

Хлорлы әк (ағартқыш әк) қазіргі уақытта тек залалсыздандыру үшін ғана пайдаланылады, себебі белсенді хлордың босауы қысқа уақытта орын алады да ұлпалардың тітіркенуін туғызады. Дезинфекциялық зат ретінде кем дегенде 32% бос хлоры бар препа­раттар пайдаланылады. Бөлмені дезинфекциялауда, инфекциялық аурумен ауыратын наукастардың киімін және олардың бөлінділерін (ірің, қақырық және т.б.) залалсыздандыру үшін колданылады. Коррозиялык әсер көрсететін болғандықтан, металл заттар дезин­фекциялауда пайдаланылмайды.

Хлорамин Б антисептикалық және дезинфекциялық құрал ретінде әрекет етеді. Сондай-ақ, сперматоцидті қасиеттерге ие. Тіндерді түссіздендіреді де оны бұзады, металдарды коррозияға ұшыратып, инсектицидті және газсыздандырғыш әсер танытады. Ақуызды ортада бактерияға қарсы әсері айтарлықтай әлсірейді. Қолданылуы:
инфекцияланған жараны емдеуде (1,5—2% ерітіндімен жуу және тампонмен майлықтарды батыру арқылы), металл емес құралдарды өңдеуде (0,25—0,5% ерітіндісі). Күтім құралдарын және іш сүзегі, паратиф, тырысқақ және басқа да ішек тобының инфекцияларын- да және тамшылы инфекцияларда (скарлатина, дифтерия, тұмау және т.б.) бөлінділерді залалсыздандыру үшін 1—2—3% ерітіндісі, ал туберкулез кезінде 5% ерітіндісі қолданылады. Дезинфекция үшін кейде «белсендірілген» хлорамин ерітінділерін (аммиак, сульфаттар және аммоний хлоридін қосу арқылы ерітінділердің бактерицидтік қасиетін арттырады) пайдаланылады.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Жанама әсерлері: тыныс алу жолдары мен қолданған орындағы ұлпалардың тітіркенуі.

Натрий гипохлориді атомарлық оттек бөледі, ақуыз қатысқан күннің өзінде микробқа қарсы белсенділігін сақтайды және саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігі бар. Теріні, шырышты қабықты, жараларды өңдеу үшін пайдаланылады. Көзге түсірмеуге тырысу керек.

Жоғарыда айтылған препараттардан басқа суды дезинфекциялау үшін пантоцид (моналазон динатрийі) қолданылады. Сонымен қатар ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабығының инфекциялық қабыну ауруларында биклотимол, сыртқа колдану үшін — комбинирленген препарат — цитеал қолданылады.

Йод препараттарынан микробқа қарсы белсенді дәрілік зат ретінде құрамында қарапайым йоды бар немесе оны бөлетін заттар жатады. Әсер ету механизмі хлор препараттарына ұқсас. Микробқа қарсы тиімділігі жағынан хлорлы қосылыстарға қарағанда әлсіз, бірақ спектрі кең саңырауқұлақтарға әсер етеді. Оны терінің және шырышты қабықтың кабынуы және басқа да аурулар кезінде антисептикалық, тітіркендіргіш және алаңдатқыш зат ретінде пай­даланылады, оның ерітінділерін жараларды өңдеуде, операциялық алаңды дайындау үшін пайдаланады т.с.с. Сонымен қатар, олар көптеген айқын жанама әсерлер туғызады: тіндерді тітіркендіреді, өңделген жара бетін бояйды, жаралардың жазылуын кешіктіреді. Йод препараттарың ұзақ уақыт пайдалану кезінде және оларға деген сезімталдықтың өсуі йодизм құбылысымен сипатталады (суық тию, есекжем, Квинке ісінуі, сілекей мен жас ағу, теріге безеудің шығуы және т.б.).

Қарсы көрсеткіш: өкпе туберкулезі, фурункулез, есекжем, жүктілік, йодқа деген жоғары сезімталдық т.б.

Йодтың спиртті ерітіндісі (йод 5% тұнбасы) антисептикалық қасиетпен қатар қабынуға карсы, алаңдатушы, дезодорлық, қанды қалыпқа келтіретін және тітіркендіргіш қасиетке ие. Сыртқа тері және шырышты қабықтың қабынуында және одан басқа да ауру-
ларында пайдаланса, оның ерітінділерін жараларды өңдеуде (жара шеттерін), операциялық алаңды дайындауда қолданады.

Жеке фармакология

Люголь ерітіндісі йодтың спиртті ерітіндісіне ұқсас жергілікті әсер етеді. Мұрын, жұтқыншак және көмейдің созылмалы қабыну үдерістерінде пайдаланылады.

Йодинол созылмалы тонзилитте, термиялық және химиялық күйікте және т.б., ал йодонатты — антисептік қасиеті үшін спирттің йодты ерітіндісін алмастырғыш зат ретінде тек операциялық алаңды дайындау үшін ғана қолданады. Повидон-йод (бетадин) әр түрлі манипуляциялардың алдында (инъекцияда, хирург қолын өңдегенде және т.б.) тері мен шырышты қабықты залалсыздандыру мақсатында; құрал-саймандарды және науқас күтімінде қолданылатын жабдықтарды өңдеу үшін; тонзилитте, фарингитте ауыз қуысын және тамақты шаю үшін қолданылады.

Йод препараттары аллергиялық реакциялар, бөртпе, гиперемия тудырады. Қарсы көрсеткіштер: йод көтере алмаушылык, гипертиреоз, қалқанша безінің ісіктері, бүйрек жеткіліксіздігі, жүктілік және лактацияда, оларды шала туылған сәбилерге, нәрестелер мен емшектегі сәбилерге және т.б. қолданудың қажеті жоқ.

Тотықтырғыштар атомарлық немесе молекулалық оттегі бөлу арқылы ақуыздарды, сонымен қатар микроорганизмдердің ферменттерін тотықтыру нәтижесінде оларды өлтіреді. Тотықтырғыштарға жоғары сезімталдыққа ие анаэробты микроағзалар, грам-оң бактериялар мен спирохеталар, трипаносо- малар.

Калий перманганаты атомарлык оттегіні бөлетін күшті тотықтырғыш болып табылады, соған сай айқын антисептикалық қасиет көрсетеді. Микробқа қарсы әсерімен қоса дезодоранттық, қаптаушы, жоғары концентрацияда — тітіркендіргіш, күйдіргіш және тіндерді бояйтын қасиет танытады. Қолданылуы: жара­ларды жуу үшін сулы ерітінділер түрінде антисептикалык зат ретінде (0,1-0,5%) және дезодоранттаушы зат ретінде (0,01-0,1%), ойық жаралар мен күйік шалған аймақтарды майлау үшін (2—5%), гинекологиялық және урологиялык тәжірибеде шаю үшін (0,02— 0,1%). Ерітінділерді (0,02—0,1%) сонымен қатар морфин және басқа да алкалоидтарды және фосфорды ішке қабылдап уланғанда, асқазанды шаю үшін қолданады.

Жанама әсерлері: тіс эмалінің қараюы, жоғарғы концентрация­да шырышты қабық пен терінің күюі. Ерітінді дайындау кезінде аналық ерітінді жасау керек, одан концентрациясы әлдеқайда артығырақ ерітінді алуға болады, тері мен шырышты қабықты күйікке шалдықтыруы мүмкін ерімей қалған кристалдарды сүзу
керек (бұл жағдайда дымқыл тампонмен кристалдарды алып тастау және беткейін 1% аскорбин қышқылының ерітіндісімен жуу қажет).

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Сутегі асқын тотығының ерітіндісі (3%), молекулярлық оттегі бөлетін әлсіз тотықтырғыш болып табылады, соған сәйкес әлсіз антисептикалық зат ретінде қарастырылады. Алайда, ол қалыптастыратын көбік беткей бөліктерді механикалық тазалайды да, оның антицептикалық қасиетін айтарлықтай арттырады. Сутегінің асқын тотығын ауыздың шырышты қабығын шаю үшін, стоматитте, баспада, гинекологиялық ауруларда және жұмсак тіндердегі қан кетуді тоқтату үшін антисептикалық және дезодо­рант зат ретінде қолданады. Сутегінің асқын тотығының жоғарғы концентрациядағы ерітіндісі (пергидроль) сондай-ақ шырышты қабықтың қабыну ауруларында (стоматит), баспада, іріңді жараларды емдеу үшін шаю ерітінділері және жақпа түрінде т.б. пайдаланылады, дерматологиялық тәжірибеде — депигменттейтін (пигменттен айыру) зат ретінде қолданылады.

Қышқылдар мен сілтілердің микробқа карсы әсері микро- организмдердің протоплазмасындағы ақуыздардың және басқа да органикалық заттардың гидролизіне байланысты болады. Антисептикалық заттар ретінде әлсіз қышқылдар мен сілтілер пайдаланылады, олардың диссоциациялануы әлсіз және тітіркендіргіш әсері айқын емес.

Бор қышқылының антисептикалық белсенділігі төмен, іс жүзінде жергілікті тітіркендіргіш әсер танытпайды. Қабынуға қарсы және саңырауқұлаққа қарсы қасиеттерге ие. Жергілікті қолданылған кезде (жақпа ретінде) педикулезға қарсы әсер көрсетеді. Препарат тіндер мен ағзаларда жинақталады, соған байланысты бүйрек кызметінің бұзылуы және жедел, созылмалы уытты реакциялар орын алады. Бор қышқылын ересек адамдардағы конъюнктивиттерде конъюнктивалдық қапшықты жууға және экзема, дерматиттерде себінді түрінде қолданады. Спиртті ерітінділермен 0,5%, 1%, 2% және 3% жіті және созылмалы отитте тамшы түрінде (ерітіндіге малынған бұрамаларды есту жолына енгізіледі) және пиодермия кезіндегі терінің зардап шеккен аудандарын өңдеу үшін, сонымен қатар кольпиттерде және т.б. қолданылады. Педикулезді емдеу үшін 5% бор кышқылының жақпасын пайдаланады. Кейінгі кездері, жанама әсерлердің анықталуына байланысты, оның пайдаланылу аясы шектелген, әсіресе, педиатрия тәжірибесінде. Бор қышқылының қолданылуына қарсы көрсеткіштер: бүйрек қызметі бұзылған науқастарға, емізетін аналарға сүт безін өңдеуге, балаларға (жаңа туған нәрестелерді қоса алғанда), жүкті әйелдер мен дәріге деген жеке көтере алмаушылық қасиеті бар адамдарға
тағайындауға болмайды. Бор қышқылының препараттарын дененің ауқымды бөліктеріне қолданудың қажеті жоқ.












Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: