Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 22 страница

Жеке фармакология

Салицил қышқылы сыртқа антисептикалық, алаңдататын, тітіркендіргіш және кератолитикалық зат ретінде: себінді (2-5%), 1—10% жақпа, пасталар, спиртті ерітінділер (1% немесе 2%) түрінде қолданылады. Аяқ тершеңдігінде қолданылатын себінді құрамына; сүйелдік сұйықтық, пен «Салипод» лейкопластырына және сүйелге қарсы жақпалардың құрамына кіреді.

10% аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті), микробқа қарсы қасиетін есептемегенде, басқа да сілтілік қосылыстар сияқты жуғыш қасиетке ие, себебі ол майлар мен май тәрізді заттарды ыдырата алады. Қолданылуы («Афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын арттыратын заттар» бөлімін қараңыз).

Металл қосылыстары микробқа қарсы және жергілікті (қабынуға қарсы, қармаушы, тітіркендіргіш, күйдіргіш) әсерге ие.

Микробқа қарсы әсер ету механизмі:

•  төмен концентрацияда микроорганизмдер сульфгидрильді фермент топтарын тежейді де бактериостатикалық;

•  ал көп концентрацияда — микроб жасушасындағы протоплазма ақуыздарының ішінара коагуляциясын шақырып, олардың өлімін туындатады;

•  жергілікті — альбуминаттар қалыптастыра отырып акуыздардың ішінара коагуляциясына себеп болады.

Егер тығыз альбуминаттар түзсе, препараттар қармаушы әсер көрсетеді. Ісінген альбуминаттар түзсе, олар тітіркендіргіш немесе күйдіргіш қасиет танытады. Қалыптастырған альбуминаттарының тығыздығына байланысты металдар мынадай тәртіппен орналасуына мүмкін: Рb,... Аl, Zn, Сu, Аg, Нg. Қорғасын тұздарында қармаушы әсер айқын көрінсе, сынап тұздарында ол қасиет жоқ, тек күйдіргіш әсері айқынырақ байқалады. Металдардың аталған тізбегінде микробқа қарсы белсенділік қорғасыннан сынапка қарай артады.

Сынап дихлориді (Сулема) — антисептикалық және дезинфекциялаушы зат ретінде қолданылған бірінші сынапты препарат. Сонымен қатар, ол микробқа қарсы белсенділік таныта отырып, айқын уыттылыққа да ие. Ол тері және шырышты қабық арқылы сіңеді. Ауыр тітіркендіргіш болғандықтан, олармен жұмыс істеу кезінде өте сақ болу керек, оны ауыз қуысына, шырышты қабыққа және теріге түсіріп алмау қажет. Қазіргі уақытта оны 0,1—0,2% сулы ерітінділер түрінде киім-кешекті, іш киімді, науқастың күтімінде қолданылатын құралдарды т.б. залалсыздандыру үшін қолданады.

Сынаптың сары оксиді. 2% жақпа түрінде блефарит, кератит, конъюнктивит, сондай-ақ баска да тері ауруларында (сикоз, себо­рея) пайдаланылады.

Күміс нитраты (ляпис) аз коцентрацияда қармаушы және қабынуға қарсы әсер көрсетеді, ал күшті ерітінділері күйдіруші қасиетке ие. Тітіркендіргіш қасиеті жоқ, сондықтан күйдіргенде ауру сезімі туындамайды. Оны сыртқы эрозияларда, ойық жараларда, шамадан тыс түйіршіктенуде, өткір конъюнктивиттерде т.с.с. сулы ерітінділер, жақпа, сондай-ақ ляписті қарындаштар түрінде қолданады.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Протарголды қармаушы, антисептикалық және қабынуға қарсы зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдарыньңшырышты қабығын майлау үшін (1—5% ерітінді), несепағар мен қуықтың созылмалы уретриті мен гонореясында шаю үшін (1—3% ерітінді), көз конъюнктивитінде, блефаритте, бленнореяда (1—3% ерітінді) пайдаланылады. Протарголдың қазіргі уакытта қолданылуы кең емес.

Колларгол (коллоидтық күміс):

•  0,2—1% ерітінді іріңді жараларды жууға;

•  қуықтың созылмалы циститі мен уретритінде 1—2% ерітіндісін;

•  2—3—5% ерітіндісін көз тамшылары түрінде іріңді конъюн- ктивитте жэне бленнорияны емдеу үшін қолданады.

Мыс сульфаты (мыс купоросы) антисептикалық және конъюн- ктивитте, кейде уретрит және вагинитте жуу үшін 0,25% ерітіндісі қармаушы зат ретінде пайдаланылады. Фосфордан күйіп қалу кезінде мыс сульфатының 5% ерітіндісіне батырылған дәкемен күйген жерді толық сүртеді. Ішке қабылданған ақ фосформен уланған кезде, 1/2 тостаған жылы суға 0,3-0,5 г мыс сульфатын қосып береді және асқазанды 0,1% ерітіндісімен шаю әрекеті орындалады.

Мырыш препараттары антисептикалық әсермен қатар кептіру (мырыш оксиді) жэне қармаушы (мырыш сульфаты) қасиетін де көрсетеді. Мырыш оксиді тері ауруларында, сондай-ақ стоматологиялық тәжірибеде пломбы материалының бір бөлігі ретінде қолданылады. Мырыш сульфатын конъюнктивитте, урет­рит, вагинит жэне т.б. сыртқа 0,1, 0,25 және 0,5% ерітінділер түрінде пайдаланылады.

Висмут препараттары тобынан органикалық қосылыстар: дер- матол жэне ксероформ пайдаланылады. Басқа ауыр металдардыңқосылыстарымен салыстырғанда, олардың антисептикалық және қармаушылық қасиеті салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады. Микробқа қарсы және қармаушы әсерлермен қатар кептіру қасиетіне де ие. Қолданылуы: терінің және шырышты қабықтың қабыну ауруларын емдеу үшін сыртқы сепкі немесе жақпа түрінде пай даланылады.

Ауыр металдардыңтұздарымен уланғанда науқастардың аузына металл дәмі келеді, жүрек айнуы, жұтынғандағы өңеш бойымен
ауыру сезімі, асқазанның эпигастралды аймағындағы ауырсыну, Іш пальпациясы кезінде құсу және асқазандағы ауырсыну болады, ауыр жағдайларда — қайталама сұйық құсық, өңеш—асқазандык және ішектік қан кетулер байқалады. Сынап және қорғасын қосылыстарымен уланғанда, қызылиектің ойық жаралануы және қанауы, тістердің қаралануы, сілекей бөлінудің артуы байқалады, Ауыр металдардың тұздары бүйректің жедел улануын (улынефропатия) тудырады, ал өз кезегінде бүйрек жеткіліксіздігіне, уытты гепатитке, қан жүйесіне (гемолиз және анемия) деген уытты әсерлерге ұласуы мүмкін.

Жеке фармакология

Ауыр металдар тұздарымен улану кезінде антидот унитиол немесе натрий тиосульфаты болып табылады. Күніне 5% унитол ерітіндісінен 50-100 мл енгізу арқылы асқазанды 2—3 рет шаю жүргізіледі. Іш жүргізетін дәрілер мен унитиолды сифон клизмалары тағайындалады. Қажет болған жағдайда форсирленген диурезді, гемодиализді, перитонеалдық диализді, симптоматикалық терапияны және т.б. қолданады.

Фенол және оның туындылары төмен дозада ферменттер белсенділігін басады да (атап айтқанда, дегидрогеназа) бактериостатикалық қасиет көрсетеді, ал жоғарғы дозада ақуыздардың коагуляциясын шақырып, бактерицидтік әсер туғызады. Олар микроорганизмдердің вегетативті (бактериялар мен саңырауқұлақтар) түрлеріне белсенді болып табылады; іс жүзінде вирустарға мүлде әсер етпейді. Сулы ерітінділері аз ғана белсенділік көрсетсе, спиртті және әсіресе майлы ерітінділерінің белсенділігі мүлде аз.

Таза фенол (карбол қышқылы) антисептикалық қасиетіне қосымша тері мен шырышты қабықты тітіркендіреді, кейіннен жансыздандырады, ал концентрациясы артса, тіннің некрозын тудырады. Тұрмыстық техника және аурухана аспаптарын, киім- кешек, сондай-ақ бөлінділерді залалсыздандыру үшін 3% немесе 5% ерітіндісін қолданады. Бөлмені дезинфекциялау үшін карбол қышқылының сабынды қосылысын қолданады. Дезинфекция мақсатында фенол керосин, фенолды скипидар және басқа да қосылыстарды қолданады, фармацевтикалық тәжірибеде препараттарды, сарысуларды, суппозиторийлерді және т.б сақтап қалу үшін қолданады. Жоғарғы дозада уытты әсерлер туындатуы мүмкін (бас айналуы, жалпы әлсіздік, тыныс алу бұзылыстары, коллапс; ауыр жағдайларда — қозу мен құрысулар болуы мүмкін), ол кезде асқазанды өсімдік майларымен шаю және симптоматикалык емдеу қолданылады.

Лизол микробқа қарсы әсері жағынан фенолдан күшті. Теріні өңдеу үшін пайдаланылады. Лизолдың сулы ерітінділері (2%, одан да


 


 жоғары) және т.б. бөлмені, киімді, тұрмыс заттарын, науқас |


бөлінділерін дезинфекциялаушы құрал ретінде пайдаланады.


 

Қайыц шайыры — қайыңның қайнау өнімі. Оның антисептикалық және инсектицидті қасиеттері бар, кератопластикалық әсері бар жәе тіндердің қабыну белгілерін азайтады. Жараларды емдеу үшін көбіне Вишневский бальзамды жақпа майдың құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Сонымен қатар, шайыр тері ауруларын (экзема, қабыршақты белдеме), бөртпелерді (Вилькинсон жақпасының құрамында) емдеуүшін қолданылатын жақпалар мен пасталар, сұйық жақпа ретінде қолданылады. Жоғарыда аталған препараттармен қатар қазіргі уакытта, құрамында хлоры және фенол туындылары бар члорокрезол, хлороксиленол дәрілік заттар шығарылуда.                                                                

Альдегидтер микроорганизмдер жасушасының протоплазмасындағы ақуыздарды сусыздандырады, яғни ақуыз  коагуляциясын шақырып, микроағза елімін туындатады. Формальдегидтің сулы ерітіндісі — формалиннің антисептикалық, дезинфекциялык және дезодоранттық қасиеттері бар. Сондай-ак, жергілікті-құрғату, қармаушы әсерлері бар. Әсер ету спектрі кең: Бактериялар, саңырауқұлақтар, күрделі вирустар, қарапайымдылар. Микробқа қарсы әсері: вегетативті және споралы формаларына әсер етеді. Препаратты киім, ыдыстар, науқасты күту құралдары, металл және металл емес аспаптарды залалсыздандыру (0,5% срітінді), кол жууға, аса жоғарғы тершеңдікте аяқ-қолға формидрон препараты (1:2000-1:3000) түрінде қолданады.

Жанама әсерлері: колдану орнында тітіркену болады. Қарсы көрсеткіштер: терінің қабынуы кезінде. Тітіркенуді болдырмау үшін бетке қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, формальдегид ерітіндісінен басқа, уыттылығы аз препараттар — гексаметилентетрамин, лизоформ да қолданылады.

Этил спирті жасуша протоплазмасындағы ақуыздардың дегидратациясын және денатурациясын тудырады да олардың өлуіне себепші болады, соның ішіде микробтар да бар. Микробқа карсы (спирт концентрациясы артқан сайын оның микробқа карсы белсенділігі өседі) тітіркендіргіш, қармаушы, күйдіруші қасиеттерге (концентрациясына байланысты) ие. Медициналық тәжірибеде этил спиртін көбіне сыртқа уқалап сүрту үшін және сылап-сипауға, компресттерге арналған антисептикалык және тітіркендіргіш зат ретінде қолданады. Теріні өңдеуде (хирург қолына, операция жасалатын алаңға) 70% спирт қолданылады, ал аспаптарды, оның ішінде металл құралдарды залалсыздандыру үшін 96% спирт, компресттер мен уқалау үшін — 40% спирт қолданылады. Этил спиртінің әр түрлі ерітінділерін тұнбаларды, сығындылады және сыртқа қолданатын дәрі түрлерін жасау үшін кеңінен қолданады.


Бояғыш антисептиктер адам үшін уыттылығы төмен заттар болып табылады. Олардың ерекшелігі таңдамалы әсер етуінде, бояғыштарға грам теріс микроағзалардың сезімталдығы жоғары әсер ету механизмі: микроағзалардың беткейіне жұғып, ақуызбен әрекеттесе отырып, микроағзалардың биохимиялық үдерістерін бұзады.

Жеке фармакология

Бриллиант жасылы бояғыштар тобының анағұрлым белсенді әрі жылдам әсер ететін антисептик болып табылады. Йод препараттарынан айырмашылығы тін ішілік қысымды арттырмай, микробқа қарсы әсер көрсетеді. Ақуыздар қатысуында оның белсенділігі бірден азаяды. Тітіркендіргіш әсері жоқ. Ұзақ әсер етеді. 1% неме­се 2% спирт немесе сулы ерітіндісі түріндегі антисептикалық зат ретінде терінің кіші жарақаттануларының инфекциялануын болдырмау үшін және пиодермия мен блефаритте майлау үшін сыртқа қолданылады.

Қазіргі уақытта метилен көгі, негізінен, кейбір улануларда анти­дот ретінде пайдаланылады, мысалы, цианидтермен және т.б. уланғанда.

Этакридин лактатының грам-оң бактериялары микробына қарсы белсенділігі айқын көрініс береді, бірақбаяу әсер етеді. Ақуыз қатысуында бактерияға қарсы белсенділігі төмендемейді. (0,05 және 0,1%) Дене қуыстарын жуу жэне шырышты қабықтарды шаю (ауыз қуысы т.б.) үшін, ал 0,05 және 0,2% инфекцияланған жараларды өңдеу үшін қолданады.

Нитрофуран туындыларының кұрамында нитротоп және қанықпаған радикалдар бар, сондықтан олар сутектің акцеп­торы болып табылады, жасушалық тыныс алуды тежейді де микроорганизмдердің өсуін бұзып, көбеюін тоқтатады. Жоғарғы концентрацияда микроорганизмдердің жасушалык нуклеин қышқылдарын бұзуы мүмкін және бактерицидтік әсер көрсетеді. Уыттылығының төмендігімен ерекшеленеді.

Фурацилин (нитрофурал) кең спектрлі, әр түрлі грам-оң және грам-теріс бактерияларға, қарапайымдарға әсер етеді; ал көкіріңге, протейге, энтерококтарға әсер етпейді. Препаратты ерекшелейтін айырмашылық: жергілікті пайдаланғанда тіндерді тітіркендірмейді және түйіршіктеу, жаралардың жазылу үдерістерін жақсартады. Іріңді қабыну үдерістерінің алдын алу үшін жэне емдеу үшін сыртқа тағайындайды: (іріңді жаралар, ойық жаралар, күйікте және т.б.) 0,02% сулы және 0,066% спирт ерітіндісін және 0,2% жақпа түрінде қолданылады. Фурацилинді сыртқа қолданғанда, әдетте, көтерілімдігі жақсы. Кейбір жеке жағдайларда дерматидтер тудырады, сондықтан препаратты қолдануды уақытша үзу керек немесе мүлде тоқтату қажет.

Қарсы көрсеткіштер: аса жоғары жеке сезімталдық (идиосин­кразия). Созылмалы аллергиялық дерматоздары бар науқастарға сыртка пайдалануға болмайды, қарсы көрсеткіш.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Қазіргі уақытта детергенттерден (беткей белсенді заттар, ББЗ) аптисептикалық және жуу заттары ретінде катионды детергенттер — катионды сабын кеңінен қолданылады. Олар микробқа қарсы, жуғыш, эмульгаторлык қасиеттер көрсетеді. Қалыпты концентрацияда тітіркену тудырмайды. Жоғарғы беткей белсенділікке ие, жасуша мембранасының беткей тартылысын төмендетеді, олардың өткізгіштігін өзгертеді, микроорганизмдердің қалыпты өмір сүруі үшін қажетті заттардың тасымалын бұзады, осылайша оларды өлімге душар етеді. Жуу қасиетін қамтамасыз ете отырып, әртүрлі құралдар мен теріні, тек қана майдан ғана емес, сонымен қатар бөтен денелер мен микроорганизмдерден тазартады. Детергенттердің қасиеті: органикалық заттар мен анионды сабын қатысында әлсірейді.

Церигельді теріге жаққанда пленка қалыптастырады, оны медициналық персоналдың хирургиялық оталарға немесе басқа да іс-әрекетке дайындық кезінде, аспаптарды, жабдықтарды залал- сыздандыру үшін (металдарды — коррозияға қарсы затпен қосып) пайдаланады.

Роккалды антисептик ретінде хирург қолдарын, операция алаңын, жаралардың беттерін өңдеу үшін және хирургиялық құралдарды, науқас күтімі құралдарын, бөлмелерді залалсыздандыру үшін пайдаланады. Жанама әсерлері сирек кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда бұл препараттың әсеріне жоғары сезімталдық дамуы мүмкін (теріні тітіркендіреді). Ерітінділердің көзге түсуіне жол берілмеу керек.

Катионды детергенттерді анионды сабындармен ұштастыра отырып, мысалы жасыл сабынмен (калий сабыны) пайдалануға болмайды.

Жасыл сабын (калий сабыны) өсімдік майларын калий гидроксидінің ерітіндісімен сабындандыру арқылы алады. Оны теріні тазартқанда немесе залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаланылатын сабынды спирт және сабынды-карбол ерітіндісін жасағанда қолданады. Вилькинсон жақпа майының құрамына кіреді.

Клиникалық тәжірибеде бигуанидтерден хлоргексидин кең қолданысқа ие болды. Бетке белсенділік қасиеттеріне ие, соның арқасында микробтардың цитоплазматикалық мембранасының өткізгіштігін бұзады, грам-оң және грам-теріс бактерияларға жылдам әрі күшті бактерицидті әсер көрсетеді, сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштарына да қарсы тиімді әсер етеді: трепонемалар, гонококтар, трихомонадтар. Сапdidа тобы және т.б. саңырауқұлактарға қарсы фунгицидтік қасиеті бар.

Антисептикалық әсері ұзақ (12 сағат), тістегі жабынды қақтың қалыптасуын болдырмайды. Хирург қолын және операциялық алаңды өңдегенде, хирургиялық құралдарды стерилизациялағанда. Сондай-ақ іріңді қабыну үдерістерінде (операциялық жараларды күйіктерді, қуықты жуу үшін) және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін (мерез, соз, трихомониаз) қолданылады, Препаратты хирургтің қолын өңдеу үшін пайдаланған кезде өтпелі құрғақтық, терінің қышуы, дерматит және 3-5 мин терінің жабысқақ болуы мүмкін. Препарат аллергиялық реакцияларға және дерматитке бейімділік болғанда, қарсы көрсеткіш болып саналады. Дерматит дамуын болдырмау үшін йод препараттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Жеке фармакология

Кейінгі кездері антисептикалық заттар ретінде шығу тегі табиғи бактерияға қарсы заттар кеңінен пайдаланылады.

Қырмызы (календула) препараттары: календула гүлдері, календула тұнбасы, календула жақпасының құрамында антисептикалық және қабынуға қарсы әсер көрсететін салицил қышқылы жәнс флавоноидтар, каротиноидтар, сапониндер, тұтастырғыш заттар, қышқылдар мен басқа да белсенді заттар бар. Гүлдер тұнбасын ауыз қуысының жұқпалы, шығу тегі қабынудан болған: баспада, стоматитте, гингивитерде, глосситте және басқа да ауруларда қолданады.

Натрий-уснинаты микробқа қарсы әсерін грам-оң бактерияларға көрсетеді, жараларды, күйіктерді, шытынауларды емдеу т.с.с. пай­даланылады (молынан ылғалданған дәке таңғыштарды күйген немесе жарақаттанған тері бетіне алғашқы хирургиялық өңдеуден кейін қою арқылы қолданады).

Новоиманин майдаланған итмұрыннан алынатын, негізінен грам-теріс микроағзаларға әсері басым зат болып табылады, оны абсцесті, флегмонаны, инфекцияланған жараларды, күйіктерді және т.б. емдеу үшін сыртқа қолданады.

Лизоцим — шығу тегі ақуызды фермент (негізінен грам-оң бактерияларға әсер етеді), бактерияға қарсы әсері бактериялардың жасуша қабырғаларының лизисін тудыруынан байқалады, тек қышқылды ортада ғана белсенді болып табылады. Антисептикалық әсерімен қатар, ағзаның арнайы емес реактивтілігін ынталандыратын, қабынуға қарсы және кақырық түсіретін (муколитикалық) қасиеттері бар. Оны созылмалы сепсис пен іріңді үдерістерде; күйік пен үсік шалғанда, конъюнктивитте, қасаң қабық эрозиясында, афтозды стоматитте және басқа да жұқпалы ауруларды емдеу үшін жергілікті қолданады. Препарат уытты емес, тіндерді тітіркендірмейді. Кейде бұлшықетке енгізеді. Қолданар алдында құтыдағы лизоцим препаратын 2—3 мл изотоникалық натрий хлоридінің ерітіндісімен неме­се новокаиннің 0,25% ерітіндісімен сұйылтады. Офтальмологиялық
тәжірибеде 0,25% ерітіндісін инстилляция түрінде жергілікті қолданады. Күйіп қалу, үсікте және іріңді жараларды емдеуде 0,05% ерітіндіге малынған дәкені пайдаланады.

Микробқа қарсы, вирусқа қарсы жэне паразитке қарсы заттар

Резорбтивті әсер еткенде макроағза тарапынан ауыр асқынуларын (мысалы, паренхиматозды мүшелердің, бүйректің,есту ағзасының зақымдануы) туғызатын кейбір антибиотиктер (иеомицин сульфаты және т.б.) медициналық тәжірибеде сыртқа қолданылатын антисептикалық заттар түрінде қолданысқа енді: инфекцияланған жараларды, сірлі қуыстардағы іріңді үдерістерді, жұқпалы дерматиттерді емдеуде пайдаланылады.

БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ ХИМИЯТЕРАПИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР

Қазіргі заманғы химиятерапияның негізін қалаушы — көрнекті неміс ғалымы Пауль Эрлих 1891 жылы бірінші болып метилен көгін безгекті емдеу үшін пайдалануды ұсынды, ал 1907 жылы мерезді емдеуде қолданылатын тиімділігі жоғары затты (сальвар­сан) ойлап тапты. Бірінші антибиотиктің — пенициллиннің ашылу тарихы шотландық А. Флемингпен байланысты, ол американдық ғалымдар X. Флори және Э. Чейнмен бірге пеницилинді 1940 жылы таза күйінде бөліп алды. 1942 жылы КСРО ғалымы З.В. Ермольева пеницилинді зеңнің басқа түрінен бөліп алды, осының арқасында Ұлы Отан соғысы (ҰОС) жылдарында жүздеген мың жаралы сарбаздарды қайта сапқа тұрғызуға мүмкіндік берді.

Бактерияға қарсы химиятерапиялық заттар макроағза ішіндегі белгілі бір микроағзалардың түріне талғамды және залалды әсер етеді. Оларға келесі топтар жатады: антибиотиктер, сульфаниламидтік препараттар, химиялық құрылымы әр түрлі микробқа қарсы синтетикалык заттар, хинолондар, мерезге қарсы заттар, туберкулезге қарсы препараттар.

Бактерияға қарсы химиятерапиялық заттардың негізгі ерекшеліктері: арнайылық (белгілі бір қоздырғыштар түрлеріне әсер етеді, яғни нақты спектрі бар), талғамдылығы (микроорганизмдер үшін талғаулы уытты, ал адам мен жануарларға уытты әсері жоқ) және жүйелі (жалпы) әсер үшін басым қолданысы болып табылады.

Бактерияға қарсы химиятерапиялық заттарды қолдану кезінде айқын және тұрақты микробқа қарсы әсер алу үшін, жанама әсерлерін мүмкіндігінше азайту үшін және микроорганизмдердің төзімді түрлерінің даму ықтималдығын болдырмау үшін химия- терапияның мынадай қағидаттарын сақтау қажет:

•  химиятерапиялық заттарды дәл бактериологиялык диагнозға және қоздырғыштың сезімталдығын біле отырып дұрыстаңдау;

• емдеуді ерте бастау;

•  препаратты енгізудің ұтымды жолдарын таңдау;

Жеке фармакология

• химиятерапиялық заттарды оңтайлы мөлшерде тағайындау;

• емдеу ұзақтығының жеткілікті болуы (емдеу курсы);

•  химиятерапиялық заттарды ұтымды үйлестіру;

•  рецидивке қарсы қайта емдеу жүргізу (қажет болған жағдайда);

•  емдеудің кешенділігі;

•  емдеу нәтижелерін бақылау.

Антибиотиктер

Антибиотиктер — олар инфекциялық ауырулардың қоздыр ғыштарына жойқын әсер ететін немесе олардың қатерлі жаңа түзіліс түзулеріне кедергі келтіретін, шығу тегі табиғи неме­се синтетикалық химиятерапиялық заттар. Антибиотиктерді бактерияға қарсы, саңырауқұлаққа қарсы және ісікке қарсы деп бөледі. Бактерияға қарсы антибиотиктерді химиялық құрамына, әсер ету механизміне, спектріні (ауқымына) және әрекет түріне, сондай-ақ клиникалық қолданылуына сәйкес жіктейді.

Антибиотиктердің химиялық құрылымы бойынша бөлінуі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: