Емдеу шараларын жоспарлау 14 страница

Бүйрек рагының э пидемиологиясы

Жер шарында бүйрек рагының әлемдік стандартты көрсеткіші  6,8%ooo тең, оның  3,6%ooo – еркектерде, 2,5%ooo - әйелдерде тіркелген. Ең жиі тараған жерлерге -  Швеция (22,4%ooo), Исландия (21,8%ooo), Уругвай (18,9%ooo) және АҚШ (17,1%ooo), ал ең сирек тіркелетін елдердің қатарына - Азиялықтар, Вьетнам (1,4%ooo), Индия (1,7%ooo), Танзания (2,2%ooo) және Конго (2,5%ooo) мемлекеттері жатады.

Еуропаның 28 елдерінде балалардың бүйрегіндегі рактың  әлемдік стандартты көрсеткіші әр миллион балаға шаққанда  8,5- ке тең болған. Ең жоғарғы  аурушаңдық көрсеткіші - Мальтада (11,8), Финляндияда (10,8), Швецияда (10,2), ал ең азы - Румынияда (4,7), Болгарияда.

Қазақстандағы бүйрек рагымен ауратын адамдардың жалпы меншікті үлесі 2008 жылы 2,9% құрап, 13 орында тұр, ал еркектердің үлесі -3,5% – ке, әйелдердікі – 2,4% –ке тең де, салыстырмалы 12- мен 13- орынды алады.

Республика бойынша (№1-сурет) орта есеппен (2006-2008 жж.) бүйрек рагының аурушаңдық көрсеткіші – 5,4 %ooo тең болса, бұл деңгейден асып түсетін облыстарға Павлодар (9,1%ooo), Солтүстік Қазақстан (7,2%ooo), Қостанай (8,7%ooo), Шығыс Қазақстан (7,0%ooo), Ақмола (7,8%ooo) жатты.

Төменгі деңгейді Алматы (4,0%ooo), Жамбыл (3,6%ooo), Қызылорда (3,1%ooo), Маңғыстау (2,8%ooo) және Оңтүстік Қазақстан (1,9%ooo) облыстары қалыптастырды. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларындағы бүйрек  рагының орташа аурушаңдық көрсеткіштері 7,0%ooo – 7,0%ooo, салыстырмалы, өзара тең болған.

Қазақстан аймақтары бойынша бүйрек рагының орташа аурушаңдық көрсеткіші де біркелкі емес (№2-сурет). Ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіш Шығыс (29,5%ooo), Орталық (22,5%ooo) және Солтүстік (23,9%ooo) аймақтарда анықталса, ал ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік өңірде (12,1%ooo) тіркелген.

 

№1- сурет. Бүйрек рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Сонымен жоғарғыда көрсетілген бүйрек рагының Қазақстанда таралу өзгешілігіне сүйене отырып, жергілікті қазақтар көп орналасқан аймақта бүйрек рагы, басқа өңірмен салыстырғанда сирек кездесетіні анықталып отыр. Бұл жерде Қазақстан аумағында тұратын әрбір этносты топтардың тағам ерекшелігіне байланыстығы күмән тудырмайды. Бұл мәселе терең ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Бүйрек рагының п айда болу, немесе қоздырғыш себептері

Қазіргі таңда бүйрек рагы неден нақты болатындығы ғылымда әлі толық мәлім емес. Бірақ, бүйрек рагының пайда болуына  себептер белгілі.

Оларға жататындар:

Жас және жыныс ерекшеліктері: еркектер әйелдерге қарағанда екі есе жиі зақымданады, олардың көбісі 70-тен асқандар.

Темекі тартқан  адамдар, оны тартпағандармен салыстырсақ онда  ісікке шалдығу  қаупі 30-60%  тең.

Семіздік, дене салмағы артық адамдардың  –- 20%-ға жуығы бүйрек ісігіне шалдығуы мүмкін. Тікелей семіздік бұл ауруды туғызбайды, бірақ ауруға қолайлы жағдай жасап, бірнеше жанама себептердің  пайда болуына ықпал етеді. Артық салмақ -  қан қысымына, қант ауруына және бүйрек нефросклерозына қолайлы жағдайды қалыптастырып,  ағзада эстроген мен  инсулинді артық мөлшерде өндірілуіне мүмкіндік жасайды да, жоғарыда көрсетілген (20,0%)  жағдайлардың негізін құрайды.

 

№2- сурет. Бүйрек рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

 

Қан қысымының көтерілуі – бүйрек рагына өте қауіпті (20%), әсіресе ол  5 жылдан артық уақытқа созылса. Әлі осы күнге шейін қан қысымы мен бүйрек рагының өзара ара қатынасы дәл анықталған емес. Бұл екі мәселенің қайсысы бірінші, қайсысы екінші себеп-салдар екені толық анықталынбаған.

Дәрі-дәрмектер. Қан қысымы бойынша көптеген аурулар оны төмендететін диуретиктерді қабылдайды, міне, осы дәрілердің бүйрек рагына сезімталдықты қалыптастыратындығы мәлім. Осындай қасиет амфетамин дәрісінде де бар.

Бүйрек аурулары бар адамдарда, оның қызметі  бұзылып, жеткіліксіздік байқалғанда. бүйрек рагы жиі кездеседі. Қазіргі кезде  бүйрек жылауықтары (поликистозы) мен бүйрек ауруына тұқым қуалаушылық  сияқты себептердің ықпалы ғылыми тұрғыдан терең зерттелінуде.

Қант ауруына, қан қысымы мен семіздік қосарланғанда, бүйрек рагы жиіленіп кетеді.

Тамақтану ережесіне де ерекше мән беріледі. Етті күйдіріп пісіргенде рак туғызғыш заттардың пайда болатындығына, қазір күмән туғызуға болмайды. Алкогольдың, кофе мен шайдың әсері дәлелденбеген.

Кәсіптік мамандықтың   бүйрек рагынның тікелей пайда болуына байланысты емес, бірақ бояу, резинка, қағаз, мұнай, тағы басқа уытты зат өндірісінде жұмыс істейтіндерде, қауіп-қатердің бар екендігі жалпы ғылымда мәлім.

Бүйрек ісіктерінің жіктелуі

1. Бүйрек ұлпасының ісігі:

А. Қатерсіз ісіктері:

· аденома,

· липома,

· фиброма,

· лейомиома,

· ангиома,

· гемангиома,

· лимфангиома,

· ангиомиолипома

· онкоцитома,

· хондрома,

· остеома,

· миксома,

· дермиодты ісіктер.

Б. Қатерлі ісіктері:

· аденокарцинома,

· саркома,

· Вильямстің аралас ісігі (Вильямс ісігі).

В. Екіншілік бөгелме ісіктер.

2. Бүйрек астаушасының рагы

А. Қатерсіз ісіктері:

· паппилома,

· эндометриома.

Б. Қатерлі ісіктері:

· шашақты (папиллярлы) рак,

· жайылма клеткалы рак,

· безді-сірнелі рак,

· саркома.

Бүйректің қатерсіз ісіктері

Бүйректе қатерсіз ісіктер (онкоцитома, ангиопаппилома, аденома, лейомиома т.б.) көптеген зерттеушілердің көрсеткіштері бойынша, 5-9%-да  кездеседі.

 Бұл ісіктерді үшке бөледі:

1. Бүйректің тікелей өз ұлпасынан шыққандар (қыртысты қабат),

2. Сіңір тіндерінен өнгендер (ангиопаппилома, миолипома, ангиолейомиома),

3. Осы екеуінің араласып келген түрлерінен пайда болғандар.

Жалпы сіңір тіндерінен  пайда болған  ісіктер саны өте жиі болады, олардан  саркома 100 есе көп тіркеледі. Осындай ісіктердің бір түрі балаларда жиі байқалатын бүйрек нефромасы.

Бүйрек аденомасы  барлық бүйрек ісіктерінің ішінде 4- тен 9%-ға шейін кездеседі. Бұлар клетка түрлеріне сәйкес бірнешеу болып келеді. Аурудың  пайда болуы себептері әлі осы күнге дейін нақты анықталмаған. Бірақ бұл өспе,  бүйрек рагының  алдында кездесетіндігі еш күмән туғызбайды. Ауру алғашқы өсу сатысында белгісіз жүреді, ал өсіп, дамыған кезі рак ауруындай болады. Бірақ ешқандай диагностикалық тәсілдердің нәтижелері қазіргі күндерде дәл айта алмайды - мынау аденома ма, жоқ рак па? Тек аденомада - ұзақ уақыт бақылағанда, бөгелме ісіктің болмауы, және науқастың  жақсы хал-ахуалы жанама көрсеткіш болып саналады.

Ангиографиялық тексеру кезінде кейбір аурулардан бүйрек тұсынан артық мөлшерде қан тамырларының өніп-өскенін байқауға болады, бұл белгілі болса, онда бүйрек рагына өте ұқсастық бар деп есептеу керек.

Онкоцитома - онкоциттерден шыққан қатерсіз ісік, барлық бүйрек ауруларының 3-7%-ын құрайды. Онкоцит деп ірі клеткалы  эозинофильдерді айтады. Мұны 1942 жылы Zippel тапқан. Осындай клетка бүйректен басқа көптеген бездерде: сілекей, қалқанша, бүйрек үсті -  2-12% жағдайда бірнешеу болып, екінші бүйректе де зақымдауы ықтимал. Кез келген адамға жалпылама тексеру жүргізгенде, 66-70% жайғдайда, бұл ісікті кездейсоқ табады. Оның бүйрек рагынан айырмашылығы:

· клиникалық белгілердің аз болуы,

· ағзада уыттану үрдісі, ісіктің көлемі үлкен болса да, мүлдем болмауы.

Емі -тек хирургиялық әдіс. Ісік көздері  көп болса, онда оның қайсысы ракқа ауысқанын анықтау өте қиын. Мұндайда клиникалық белгілерге, аурудың хал-ахуалына, ісіктің  мерзіміне қараған жөн. Егер ісік 4 см-ден артық болып тұрса және гистологиялық қортынды қатерсіз ісікті білдірсе, мұндайда бүйректі сылу (нефроэктомия) қажет.

Ангиомиолипома – қатерсіз ісік, ол бұлшық ет талшықтарынан, қан және май клеткаларынан өніп-өседі. Бүйректен басқа мүшелерде тек бауырды, орталық миды, қынапты, мұрын қуысын, жыныс бездерін, тоқ ішекті т.б. есептемегенде, сирек кездеседі, Бұрын бұл ауру сирек табылатын, қазір едәуір көбейіп кетті. Дерттің пайда болу, даму механизмдері белгісіз. Ауруға жиі әйелдер ұшырайды, әсіресе, 40-60 жас аралығында; әр 10 ауру әйелге бір еркек ауру келеді – жиілік ара-қатынас 1:10. Ісіктің көлемі 5 см-ге жеткенге дейін ауру адамды еш уақытта мазаламайды, ал 5 см-ден артық өскеннен кейін мынадай белгілер пайда болады.

Олар:

· ісік түйінінің  қолға сезілуі,

· қан қысымының  көтерілуі,

· зәр жолдарында жұқпаның  дамуы,

· дене қызуының  көтерілуі,

· зәрде қанның  көрінуі (гематурия).

Аурудың бұл сатысы компьютерлік томография жасағанда көрініп тұрады. Ісік  асқынғанды бүйрек айналасына қан құйылып, ол ракқа ауысады.

Емі – бүйрек сақтайтын кіші көлемдегі операциялар, немесе ісікке баратын артерия тамырының қуысын тарылтып, бітеу (эмболизация).

Бүйрек липомасы бірнеше ұлпалардан бөлектеніп, ыдырап тұрады, шекарасы теп-тегіс келіп, сыртқы қабығы жылтыр келеді. Қолға жұмсақ сезіледі. Көлемі үлкейгенде барып, бүйрек ұлпасын қысып,  бүйрек қыртысын, астауын және  тамырларын сығады, осының салдарынан қосымша белгілер туады. Тек компьютерлік томография жасалғанда ғана, б асқа аурулардан ажыртау оңай. Егер ісік белгісіз жүрсе, онда емнің де қажеті жоқ, ал егер белгілер болса, онда бүйрек резекциясын жасау керек.

Лейомиома көбінесе мәйітті сойған кезде табылады; жалпы оның жиілігі барлық бүйрек ауруларының ішінде 4-5,5% құрайды. Ол 30-60 жас аралығындағыларды жиі зақымдайды. Ауру екі жақты келеді және бүйрек қабының астында орналасады.

Емі - тек операция; нефроэктомия.

Бүйректен гормон өндіретін ісіктердің (юкстагломерулярлы), сырт көрінісі қантамырлы ісіктерге өте ұқсас- ақшыл сарғыштау келіп, кішкене ұйыған қан тамырларының іздері білініп тұрады. Ісік клеткалары ренинді, альдостеронды артық мөлшерде өндіреді. Қан қысымы белгісіз себептерден көтеріліп, ешқандай дәрілерге төмен түспей қояды. Болжамы жақсы келеді, себебі операция жасаса, онда клиникалық белгілердің бәрі кетіп қалады.

Бүйрек рагының  патологиялық анатомиясы

Бүйрек ісік аураларының ішінде 80-90%-ы гипернефоидты рак. Оны 1893 жылы Usrawitz ашты. Бұлай аталуына негізгі себеп ісіктің микроскопиялық құрылысы бүйрек үсті безіне ұқсас келгендігінде. Ісік қолға қатты сезіледі, кескенде ол сарғыш (липоидтар бар), қызыл (қан ұйыған), көкшіл-сұр (ұлпаның өліеттенуі) түсті келеді. Микроскопиялық түрлері өте көп, негізінде- үлкен клеткалы  болып, онда гликоген және липоидтардың мөлшері едәуір мол кездеседі.

Өніп-өсу дәрежесі.  Қазір халықаралық ракқа қарсы Одақтың (2002ж.) жіктеуі қолданады. Ол бойынша дерттің өсу сатысы жан-жақты көрсетілген, тәжірибелік тұрғыдан бұл өте қолайлы ұсыныс. Айта кететін бір жайт - ісік гистологиялық тұрғыдан міндетті түрде дәлелденуі керек.

Т- бірінші ісік түйіні:

Тх - егер ісік түйініне керекті дәлел нақты болмаса,

То - егер ісік түйіні табылмаса;

Т1 - 7 см-ге дейінгі ісік, тек бүйректе орналасса, бұл екіге бөлінеді:

Т - ісік 4см-дей, не одан кем,

Т - ісік 4см-ден үлкен, бірақ 7см-ден кем,

Т2 - ісік 7см-ден үлкен, бүйректен шықпаған,

Т3 - ісік ірі вена тамырларын қысқан, немесе бүйрек үсті безіне, бүйрек май қабатына тараған, бірақ Герота қабығынан шығып кетпеген,

Т - ісік, Герота қабығына және бүйрек айналасындағы ұлпаларға тараған,

Т - ісік, көк етке дейін тараған,

Т - ісік, көк ет үстіне дейін тараған,

Т4- ісік Герота сіңірінің сыртына шықса.

N- аймақтық лимфа бездері

Nх - аймақтық лимфа бездеріне жеткілікті белгісі болмаса,

N0- бөгелме ісік жоқ,

N1 - бір лимфа безінде бөгелме ісік бар,

N2 - бірнеше лимфа бездерінде бөгелме ісік анықталған.

М- алыстағы бөгелме ісік

Мх - алыстағы бөгелме ісік бар, не жоғына нақты дәлелдеме жоқ,

М0 - алыстағы бөгелме ісік жоқ,

М1 – алыстағы бөгелме ісік бар.

рТNМ - патогистологиялық жіктелуі

рТ, рN, рM - TNM жүйесіне сәйкес келеді, бірақ ісіктің морфологиялық құрылысы белгілі болуы керек.

Клиникалық сатысына тән  ТNМ-нің сәйкестік  бөлінуі

І-  өсу сатысы, T1 N0 M0,

II- өсу сатысы, N2 N0 M0 және , T1-2N1M0 менT3a N 0-1 M0,

III-  өсу сатысы,TN 0-1M0 және T3c N 0-1 M0

IV - өсу сатысы, T4N 0-1M0 және T1-3N 1-2M0 мен T1-3N 1-2M 1.

Ісік клеткаларының морфологиялық жіктелуі

Олардың түрлері:

P ашық клеткалы,

P шашақты (папиллярлы),

P бидай өңді клеткалы,

P хромофобты (түрлі түсті),

P саркоматозды,

P түтікше қабыршақтарынан өнген түрі (Беллин өзектері).

Клеткаларының  пісіп-жетілуіне сәйкес бөлінуі

Олар:

Gx- пісіп-жетілуін анықтау мүмкіншілігі жоқ,

G1 - жоғары деңгейдегі пісіп-жетілген,

G2- орташа деңгейдегі пісіп жетілген,

G3 - төменгі деңгейдегі пісіп- жетілген,

G4- пісіп- жетілмеген жас клеткалар.

Бүйрек рагының  клиникалық белгілері

Бұрын бүйрек рагы үш түрлі - ауырсыну сезімі, зәрде қан көріну (гематурия) және  ісік түйінін саусақпен анықтаубелгілерімен анықталатын. Қазіргі кезде  бұл белгілердің  бәрі бірдей білінбей, ісік еш белгісіз туындайтын болды. Ауруы асқынғандар көбейіп, ерте өсу мезгілдерінде аныктау өте сирек байқалады, ал өршіген  бүйрек рагында – белдің  ауырсынуы мен зәрдегі қан жиі байқалатын болды.

Зәрдегі қан 68,5% науқаста байқалып, басқа бүйрек ауруларына қарағанда, қан зәрде жаппай (тотальді) және ауырсыну белгісі білінбей кездеседі. Қанның кетуіне ісіктің ыдырап, бүйректің табақшалары мен астауына өткенде пайда болады. Зәрмен қан кеткен кезде бүйрек шаншуы пайда болып, ол тек зәр ағардан қанның ұйыған түйіршектері шыққанда ғана басылады.

Белдегі ауырсыну сезімі (63,6%), ісік бүйректен тыс шығып, маңайындағы сау ұлпаларға көшсе, немесе оларды қысып, не зәр ағар ұйыған қан түйіршіктерімен бітеліп қалса, бүйректегі ісік іш қуысының артына қан тамырларын ыдыратып, қан кетіп ұйыса, айқын сезіліп, ауырсыну сезімі күшейеді.

Үшінші белгі - ісік түйінінің қолмен сипағанда анықталуы, ол 40-60,0% науқаста анықталады. Ол бүйрек рагының асқыну сатысында жиі кездесіп, белгісі тек 12-15% жағдайда оң болады, ал ұма  көк қан  тамырлары білеуленіп, ісінуі 3,3% ауруларда кездеседі. Қан қысымының көтерілуі 15% жағдайда болады, оның пайда болу себептерінде ісіктің бүйрек артериясын қысуы, немесе зәр ағардың  бітелуі сияқты жағдайлар орын алуы мүмкін. Кейде аталмыш белгі ісіктің  өршуін көрсетеді, әсіресе орталық мида бөгелме ісік болса, немесе ісік клеткалары ренинді бөліп шығарса.

Ісіктің асқынуының жиі кездесетін түрі - ол төменгі қуыс көк қан тамырдың бөгелме ісік  түйінмен бітелуі.

Бұл кезде мынадай белгілер болады:

· аяқтың ісінуі,

· ұма көк қан тамырының  білеуленіп, ұлғайуы,

· іш қабатындағы  сыртқы көк қан тамырларының  ісінуі,

· ағзадағы ірі көк қан тамырамырларындағы тромбоздық белгілері,

· белок мөлшері азаяды- протеинуриясы,

· сыртқы және ішкі лимфа бездері ұлғаяды.

Осы клиникалық белгілер өршіген бүйрек рагының 50% ауруларында орын алады. Осынша жиілікте паранеопластикалық жанама белгілер пайда болады:

· қан қысымының  үнемі жоғары болуы,

· эритроцитоз (қызыл қан түйіршіктерінің көбейуі),

· бауырдың  жеткіліксіздік белгісі,

· гиперкальциемия (кальций тұзының қанда көбейуі),

· гипертермия (дене қызуының көтерілуі),

· глюкозоурия (зәрде қанттың болуы),

· амилоидоздың дамуы (1,7% жағдайда).

Бұлардың бәрі гормондардың өскенін көрсетеді және егер операция жасалынып, бүйректегі ісік алынса, онда барлығы түгелімен жойылады, ал ісік  қайтадан қозса, онда жоғарыда көрсетілген  белгілер қайта пайда болады. Сондықтан науқаста бүйрек рагы қайта пайда болғанын, не оның жоқтығын, осы көрсетілген белгілер, оны анықтау үшін қолданылады.

Ерекше тоқтайтын белгі- бауыр қызметінің жетіспеушілігі. Кейде бұл белгі, тіпті бауырда бөгелме ісік  болмаса да, байқалады, себебі ағзада белок саны кемиді (гипоальбуминемия), сілтілі фосфатаза, дене қызуы көтеріледі, лейкопения (ақ қан түйіршіктерінің төмен түсуі) орын алады. Осылардың салдарынан бауырда кіші ошақты өліеттену дамиды (Штафер синдромы), сөйтіп ол амилоидозға әкеледі.

Амилоидоз - ол зат алмасу үрдісінің терең өзгергеннен кейінгі болатын соңғы жалпы ағзадағы өзгеріс. Бұл белгі науқас  болжамын өте қиындатып жібереді. Осы белгінің радикалды емнен кейін пайда болу себептері әлі белгісіз.

Өкінішке орай бүйрек рагын анықтаған кезде-ақ, ағзада алыстағы мүшелерде - өкпе, сүйек т.б. бөгелме ісік (2,5%) табылады. Осы өзгерістердің  бәрін сол мүшелердің клиникалық белгілерімен анықталады. Өкпеде бөгелме ісік болса, жөтелу, қақырықта қан көрінуі, сүйектегі бөгелме ісікте - ауырсыну сезімнің үдеуі, патологиялық сынықтың қалыптасуы, немесе жұлынның қысылуы және мида бөгелме ісік болса, онда орталық ми жүйесінің қызметінің бұзылуы-т.б. Жалпы ісік асқынғанда - әлсіреу, қанның азайуы, ЭТЖ-ның жоғарлауы, дене салмағының төмендеуі, тамаққа тәбеттің шаппауы сияқты белгілер басым болады. Мұндай жалпы өзгерісті науқас адамның көз  жанарынан, сыртқы бет-пішінен байқауға болады.

Бүйрек рагының  диагностикасы

Қазіргі таңдағы жиі қолданыста болатын ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография аурулардың алгоритмдік диагностикалық тексерістерін мүлдем өзгертіп жіберді. Осылардың нәтижесінде бүйрек ісігінің алғашқы өсу сатылары жиі анықтала бастады.

Тәжірибеде бүйрек рагы кездейсоқ жағдайда, іш қуысына  ультрадыбыстық тексеру кезінде- анықталынады. Бұл кезде алдымен бүрек ісігіне күдік туады, сондықтан, күдіктенген кезде, компьютерлік томография міндетті түрде қолданылуы керек. Ангиография, урография тәсілдеріне арнайы көрсеткіштерге сай жүргізу  қажет болады. Ал алыстағы мүшелерде бөгелме ісіктің бар-жоғын, өкпені рентгенмен тексеруден бастайды. Егер қанда сілтілі фосфатазаның мөлшері жоғары болса, сүйектердегі бөгелме ісіктің болуына  күдік туса, онда магнитті-резонансты томографияны жасау тиімді.

Бүйрек қызметінің өзгерісін  радионуклеидты ренография жасау арқылы, екі бүйректі бір-бірімен салыстырудың нәтижесінде анықтайды. Бұлардың бәрі бүйрек рагын тиімді ем бағдарламасын жасауда пайдаланады. Егер бүйрек жағынан бір өзгеріс табылса, тіпті, кез келген қатерсіз ісіктерде де, онда олардың бәрін қатерлі ісікке күдік деп қараған дұрыс. Бұл іс-әрекет, біріншіден науқасқа пайдалы, мезгілді өткізіп алмауға көмек береді, екіншіден, радикалды ем (нефроэктомия) қолдануға жағдай жасайды.

Экскреторлы урография - ультрадыбыстық, компьютерлік және магнитті-резонансты томографиялық тексерулерден кейін, бүйрек қызметін дәл анықтауға ғана дәл көмегін тигізеді. Егер науқастың зәрінде  көзге көрініп тұрған қан болса, онда бұл тәсіл міндетті түрде қолдануы тиіс.

Ультрадыбыстық зерттеу экономикалық тұрғыдан өте құнды тәсіл, әрі жеңіл жүргізіледі. Экскреторлы урографияда диагностикалық дәлдік 67% болса, ультрадыбыстық тексеру кезінде, әсіресе, ісік түйіні кішкене кезінде (<3см). бұл көрсеткіш 79%-ға дейін, ал  ісік қантамырларға зиянды ықпалын тигізіп тұрса, компьютерлік томографияның құндылығы 95% шейін жоғарлайды.. Мұнда ісік түйінінің көлеңкесінің көлемі, оның бүйрек астаушасына, қыртысына, тамырларына әсері дәл анықталады. Ісіктің тығыздығы, шекарасы әртүрлі болуы ықтимал. Сондықтан бұл  тәсілді басқа әдістермен - ангиография, урография т.б. диагностикалық тәсілдермен қосарланып жүргізілсе, онда бүйрек рагын анықтау кезіндегі қателіктер азайады.  Ангиомиолипомада рентген көрінісі нақты болып, май клеткалары дәл білінеді, шекарасы теп-тегіс келіп, бүйрек бет-пішінін өзгертпейді.

Жалпы ісік асқынғанда, төменгі көк қантамырда тромбоз болса, УДЗ әдісі 68-ден 95%-ға шейін бұл нәрселерді анықтай алады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: