Негізгі ауруды емдеу жоспары

Жауап: 1) Буындық синдром, диспепсиялық синдром, ауырсынулық синдромы,сарғаю синдром,гепатолиенальдық синдром, холестатикалық синдрома, мезенхималы-қабынулық синдром, цитолитикалық синдром, бауыр-жасушалық жетіспеушілік синдромы, бауырлық энцефалопатия синдромы.

2) Жедел вирусты гепатит В, сарғаю формасы, ауыр ағымды, жедел бауырлық энцефалопатиямен асқынған, кома алды І-ІІ сатысы. Диагноз аурудың жедел басталуына, сарғаю алды астеновегетативті, артралгиялық, диспепсиялық синдромға, көп реттік құсуға, тахикардияға, бауыр көлемінің азаюына, оның бірден ауырсынуына, интенсивті сарғаюға, ЖБЭ симптомдарына (тежелген, ұйқысының ауысуына(инверсия)-түнгі ұйқысыздық, күндіз ұйқышыл). Эпид анемнезінде реанимация бөлімшесінде медбике болып жұмыс жасайды.

3) ЖҚА, ЖЗА, ҚБА(жалпы белок фракциясы, АлТ, АсТ, билирубин фракциясы, тимол және сулема сынамасы, холестерин), коагулограмма, ИФА вирусты гепатит маркерлері(IgM к HbсоrAg, HbsAg, HbsAg), ПТР-ДНҚ HPV, бауыр УДЗғ.

4) Диета белокты шектеу, тазалау клизмасын жүргізу, Лактулоза 30мл-ден тәуілігіне 2 рет, антибиотиктер (рифампицин, канамицин 5 күн per os), гепа-Мерц 1ұнтақтан 3 рет. Гиперазотемияныы емдеу.

Rp.: Hepa-merz 3.0

D.t.d. № 30

S. 1 ұнтақтан 200мл суға ерітіп, күніне 3 рет ішуге.

14.

НауқасЖ, ер адам, 40жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған, сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақыттақақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-37,5°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау.Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайықанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. ТАЖ-20 рет 1 мин.Перкуссияда: оң өкпеде  өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі,аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде сарайының рентгенограммасында:  оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

15.

НауқасБ, ер адам, 33жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, емханаға келесі шағымдармен қаралған: таңертеңгі уақыттақақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-37,5°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау.Ауырғанына бір ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,8°С. ТАЖ-22 рет 1 мин.Перкуссияда: оң өкпеде  өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі,аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде сарайының рентгенограммасында:  оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4,0 х 4,0 см, көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: