Негізгі ауруды емдеу жоспары

Жауап: 1) Буындық синдром, диспепсиялық синдром, ауырсыну синдромы, сарғаю синдромы, гепатолиенальды синдром, цитолитикалық синдром

2) Жедел вирусты гепатит В, сарғаюлық түрі,орта дəрежелі ауырлықта.

3) ЖҚА, ЖЗА, ҚБА (жалпы белок және оның фракциялары, АЛТ, АСТ, билирубин фракциясы, тимол және сулема сынамасы, xолестерин). Коагулограмма, вирустық гепатит маркерлерін анықтау, бауырлық УДЗ, ЭФГДС.

4) Тыныштық қалып, диета 5, дезинтоксикациялық терапия, ферменттер, адсорбенттер. Дезинтоксикация:тұзды ерітіндісін тамырішілік енгізу. Спазмолитиктер:но-шпа,дротаверин. Урсофальк препараты

14. Науқас К., 42 жаста, дәрігер-реаниматолог, 23.04 күні емханаға дене қызуының жоғарылауына, оң жақ қабырға астында, тізе және кәрі жілік, білезік буынындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 3 күн болған, өз бетінше ем қабылдаған (анальгин, аспирин), алайда жағдайы жақсармаған, денесінде үлкен көлемдегі дақтардың пайда болуын байқаған, бас айналуы, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну және жүрек айнуы күшейе түскен, зәрінің түсі өзгерген, дене қызуы 39,7°С дейін көтерілген. Дәрігер қарап тексергеннен кейін «Вирусты гепатит» ауруына күмәнмен инфекциялық стационарға жолданған. Инфекциялық бөлімшеде қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, сарғаю, артралгия, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Пульс – 90рет/мин, жүрек тондары тұйықталған. Іші желденген, пальпациялағанда оң жақ қабырға астында ауырсынады, бауыр қабырға доғасынан 4,0 см төмен пальпацияланады. Көк бауыр ұлғайған. Асцит. Биохимиялық қан анализінде: тікелей билирубин – 150 мкмоль/л, тікелей емес билирубин – 82 мкмоль/л, АлАТ - 624 нмоль/с.л, АсАТ - 123 нмоль/с.л, тимол сынамасы – 14 бірлік., ПТИ – 50 %, альбуминдер – 35 %, γ-глобулин – 32 %. ИФА-диагностикалау кезінде: HВsAg, HBcorAg, IgМк HDV жалпы антиденелер анықталады.

1.Синдромдарды анықтаңыз.

2.Диагноз құрастырыңыз.

3.Негізгі диагнозды нақтылау үшін ең қажетті зерттеу әдістері.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: